Үлгілі ұрпақ

 Үлгілі ұрпақ

Танибергенова Асем
11 сынып, Еңбекші ж. б. б. орта мектебі
Железин ауданы,
Еңбекші ауылы
Жетекшісі: Жамбусинова Ж. А.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде,еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің- ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде аршаның міндеті – әдет - ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғарыт әрбиелі ұрпақты өсіру.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды .Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс -қимылынан танылып , сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.
Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.
Әрбір адам ең алдымен өзхалқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі.Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында,түсінікті ете алады.
Әдептілік – әртүрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу.Әдепті адам өзін, өзгелерді ыңғайсыздық жағдайға қалдырмайды.Өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды, дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай сөйлемейді, біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды.Әдепті адам өз мінез –құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алады.
Табиғаттың бар жаратылысы, құбылысы адамға тән теңеулермен айтылады.Себебі адамның көп мінезі табиғаттағы құбылыстарға ұқсайды.Тіпті жаздың жарықтығы, ыстықтығы ашық жарқын адамға ұқсайды.Әдемі, сұлу жандарды гүлге, көктемге балайды.Қыстың кең тынысын, ақ қарын абзал адамға, самалымен желпіп еркелететін күзді ерке балаларға ұқсатады. Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын алса , сол адамның жаны сұлу болады. Табиғат адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынады, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, төзімділікке тәрбиелейді.Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға,алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Ал қыз дүниеге келгенде өмірге, елге көрік берер қыз туды деп, мәз-мейрам болады.Сондықтан да қыз бала тән сұлулығымен ғана емес, жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді.Оларды гүлге, күнге, айға теңейді.Адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйренеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік , білім танымдылық ролі орасан зор.Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар.Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар.Олар – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі , одан ол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады.Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес.
Дәстүрсіз халық жоқ.Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі – рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген мақал осыған байланысты айтылған.
Адамның жақсы көңіл-күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді.Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер
«әдепті бала» деп атайды.Балалардың сәлемдесуіне қарап-ақ, олардың әдептілігін байқауға болады.Халық даналығында «Сәлемдесу - әдептілік бастауы » деп тегін айтылмаған.Ендеше баланың басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі сәлемдесуден басталады.
Сонымен үлгілі ұрпақ болу үшін, жастарымыз адамгершілікті, отансүйгіш, өз халқының тарихын,тілін білу міндетті. Атадан қалған дәстүрлерімізді қастерлеп,соған тырысуымыз керекпіз. Өйткені елдің болашағы біздің қолымызда.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі