Менің Қазақстаным және Елбасы

 Менің Қазақстаным және Елбасы

Мақажан Әлия
10 сынып, №10 лицей-мектеп
Павлодар қаласы

Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыз данқ алған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұрар етін де келеше кұрпаққа дейін жеткен.Тарихы бай, көне мәдениетпен және ерекше табиғат пен ұлы мемлекет.Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғап қалу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзікөрді. Халқымыз көпқиыншылық көрді, азап шекті.Бірақ соған қарамастан, қазақ халқымыз рухын сындырмай, намысын таптатпай барлық жауларменен қиыншылықтарға қарсы тұрып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.Сол күннен бастап қазақ халқы ешкімге құл бола алмады, ешкім де қазақ жеріне қол сұға алмады.16 желтоқсаннан бастап әр қазақстандық үшін тарихтың таза парақтары ашылып, жаңа өмір басталды.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігітарихын сол ұлылар рухын да одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар – намыстан жаралған қайтпас-қайсарқайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.НұрсұлтанӘбішұлы – жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен , бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған қайраткер. Қазақстанның әр азаматы осы соғыссыз бейбіт те тату өмірі үшін, білім алып тегін оқуға мүмкіндігі үшін, өз армандарыңды орындау мүмкіндігі үшін елбасымызға шексіз алғыс білдіруі тиіс.Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесі мен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қадір-қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті, ол елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар - ожданын ардақтауға қызмететті және қызмет етіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды.2010 жылғы Азиядадағы, 2012 жылғы Лондондағы және жуырда өткен Сочи қаласындағы қысқы олимпиадағы жетістіктер Қазақстанның спорттағы күшін бүкіл әлемге танымал етті. ЕҚЫҰ саммитіне басшылық ету біздің еліміздің мәртебесі мен беделін көтерді.
Сонымен қатар республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көшбасында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш - жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық.Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден алып шығуының бірден-біржолы – шетелдердің қаржысын Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдер мен байланысжасап, жер бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. Өтпелі кезең қиыншылықты болғанмен, мемлекеттің алдындағы өзекті мәселелерде Елбасы бірден-бір баянды бағыт ұстанды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруды бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті.
Жаңа басқару жүйесі, оның басқарушы , бақылаушы және атқарушы органдары мен институттары құрылды. Қазақ елінің территориялық тұтастығының, біртұтас мемлекеттігінің заңды негізі қаланды. Ел егемендігін алысымен, БҰҰ-ға мүше етіп енгізді. Қазақстан осы күннен бастап және жер жүзіндегі жүзден астам ел таныған Егемен ел болды.
Елбасымыздың Қазақстан тарихындағы ең маңызда да батыл шешімі – елдің астанасын басқа қалаға көшіріп, атын өзгерту.Елордаға бақ пен дәулет тілеген Елбасы: «Бұл болашағымызға керек , қызығын келер ұрпақтар көреді»,-деген болатын. «Өзіңмен қазағымның бағы ашылды, Туғызған ел едік қой сан асылды.Астана қазаққа тек қана әлеуметтік, экономикалық һәм саяси маңызы бар қала ғана емес, ол тәуелсіздіктің рухани тұғыры ретінде әр қазақтың жүрегінде елге, жерге, Отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігі болып қалады. Өйткені Астанамыз аз ғана уақыт ішінде Қазақстанның ірі қоғамдық саяси, ғылыми, мәдени және іскер орталғына айналып отыр . Тәуелсізеліміздің саяси тарихы көбіне жас Астанамен байланысты. Астана Еуропа мен Азия арасындағы байланыс көпірдің қалану мәртебесіне ие болып отыр.Қазақ халқының санасына Астана бірлігіміз бен тіршілігіміздің айшықты белгісі - символы болып қалыптасты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?