Ақылды лақ

 Ақылды лақ

Мақсаты: ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі желісі бойынша саусақ театры, қора макеті, тал, үй жануарларының суреті, үнтаспадағы дауыстары, үлестірмелі материалдар, дидактикалық кітапша.
Сөздік жұмыс: ақылды лақ,
Билингвальді компонент: лақ – козлёнок

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Төрт түлік жыры
Шөре - шөре, шөлдедің бе, лағым,
Сонша неге елеңдейді, құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Кіріспе әңгіме
 Балалар, өлең не туралы?
 Лақ қандай жануар?
 Неге үй жануары деп атаймыз?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
 Жарайсыңдар, балалар! Үй жануарларына тағы қандай жануарлар жатады?
 Ал, сендер олардың төлдерін танисыңдар ма?
1 - тапсырма. «Адасқан төлдерді тап» ойыны
Дидактикалық кітапшадағы үй жануарларына қыстырғыш арқылы төлдерін қосады. Төлдердің аттарын атайды.
 Жарайсыңдар! Ендеше, балалар, бүгін төлдер туралы «Ақылды лақ» ертегісін айтып беремін.
«Ақылды лақ» ертегісін саусақ театры арқылы тамашалату.
Сергіту сәті
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Секең - секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ.
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей - ақ кей уақ?

Тапсырмалар орындату арқылы ертегінің мазмұны не жайлы екенін білу.
2 - тапсырма. «Ертегі кейіпкерлерін тап»
 Балалар, алдарыңдағы қораптағы жануарлардың арасынан ертегі кейіпкерлерін тауып алыңдар!
3 - тапсырма.
«Жағымды кейіпкер мен жағымсыз кейіпкер»
 Балалар, енді кейіпкерлердің арасынан «жағымды кейіпкер» жақсысын, «жағымсыз кейіпкер» жаманын тауып, екіге бөліп, арнайы белгісі бар параққа жапсырамыз. Және оларды жағымсыз және жағымды деп неге бөлгендерін әңгімелеп, айтып беріңдер.
 Жарайсыңдар, енді тапсырманы қалай орындағандарыңды көрейік? Үлгі қарап өз жапсырғанымызбен салыстырайық.
Жағымды кейіпкер: лақ, бұзау, қозы;
Жағымсыз кейіпкер: аю, қасқыр, түлкі; .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?