Ел азаматы болу - парыз

 Ел азаматы болу - парыз

Ерекбұлан Жанар
11 сынып, №10 лицей-мектеп

Ежелден ел жайлаған-Атамекен,
Жаз жайлау, қыста қыстақ мекен еткен,
Барымталы, жортуыл замандарда,
Қан төгіп, қорғап қалған жұмақ екен...
Еркебуланов. Қ .Қ.
Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиеттіқазақ топырағында өсіп -өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы тыныш тіршілігімізде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жан жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-абаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз. Отансүйгіштік рух-қазақ елінің өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келді. Кейде, шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан –байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?!
Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері “ Найзаның ұшымен, білектің күшімен ” өзінің жер көлемін сақтап қалған.
Туған жердің таулары мен шыңдары маған ыстық. Әр адамның өз ортасы, туған жері болады. Менің де өз ортам, туған жерім бар. Оны қорғау, сақтауменің міндетім. “ Туған жер- тұғырың ”- деді халық. Әрине, елді, жерді, Отанды жырламаған жырау сөз етпеген шешен жоқ. Жерінің бүтіндігі мен елінің еркіндігі үшін күресіп, кеудесін оққа тосқан батырлар қазақ тарихында аз болмаған. Олар елінің мақтанышы.
Туған ел - асыл қазына. Ал осы қазынаны біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Отаным,елім-қазақ елі екенін мәртебе санаймын.
Қазіргі кезде біз ашық аспан , жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға біз үшін мүмкіндік мол.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып,тарихымыз таразыланды, бірлігміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі-тұңғыш рет әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінінің түзу шығарып, іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың жиырма жылда атқарған жұмыстары. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін ,үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік парыз болып саналады.
Бірлігі жарасқан елді қорғайтын ,әрине, әскер.Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының немене- немерелері, шөпшектері тұр. Олар бабалары мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.
Қазіргі армия жауынгердің ерлік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді , атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36 -бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол» деп атам қазақ аталарымыз айтып кеткен.Туған жерімізді аялап өтейік. Нәзік жүрегімізбен, өзіміздің сүйіспеншілікті сезімімізбен Отан тыныштығын қорғап жүрген ер жігіттерді қолдай-қолпаштай білейік. Өзі жақсы көретін, оның ісіне сенетін, қадір тұтатын жандардың барында олар да елдің азаматы болуға дайын да, лайық болады.
Ата-баба аманатына сай ұл-қыз болайық. Ел болашағы – біздің қолымызда. Ұлтын, елін, Отанын сүйген жүрек ешқашан аяғын шалыс баспайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?