Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

 Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Сүлейменова Сымбат
7 сынып, А.М.Горький атындағы мектеп
Форт-Шевченко қаласы
Жетекшісі: Шопанова А.И.

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты. Ол – елі сүйген, елін сүйген, қазақ даласына нұрын шашқан елбасшысы Нұрсұлтан еді.
Адамнан емес, құдайдан сұрап, жаратқан Аллаға жалбарынып қазақ еліне ұл сыйлаған Әлжандай анаға елінің қуанышы мен алғысы шексіз. Барша өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген, татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен . Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы қазақ елінің соңғы 22жыл тұтқасын ұстап туын көтерген тұғырлы тұлғасы – тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты тараған мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас қайсар қайраткер елін басқарып, қос батырдың ісін жасай алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына беріп, көк туын желбіретіп ұстатқанына жаза басып жаңылған жоқ еді.
«Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады» деп аталарымыз айтпақшы Нұрсұлтандай ерен көшбасшысы барелі тұғырын биік ұстап, аты мәңгілік жасамақ. Өйткені, ол – өз тұжырымдарын мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебіреніп тұрып: «- Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ»- десе, «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау президенттік те, перзенттік те парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы-ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алған егемендігі бар бақытты елміз. Елбасымыздың «Қазақстан 2030 бағдарламасы» бойынша көптеген игі істер атқарылып «Қазақстан 2050 бағдарламасы» бастау алды. Астанамыз алыстан әйбаттанып, менмұндалап шақырады. Көрген жанның көзін тойдырып, таңданғанның таңдайын қақтырады. Осындай сиқырлы күштің иесі – қазақтың тұңғыш елбасысы. Елбасымыздың бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін пәріндей сыйлап, мәртебесін асқақтатады. Менің де кішкентай жүрегімнен шығар елбасыға деген ықыласым мен алғысым шексіз.
Жігер берген туған қазақ баласына,
Ерік берген жазиралы даласына.
Жеміс берген құт қайнатып бағына,
Жеңіс берген ту ұстаған қазағына,-деп оқушылық жүрегімнен елбасына өлеңімді арнаймын. Ошақтың аяғы үшеу болғанымен ұлт біреу. Ұлт тағдыры үшін елбасының алар асуы мен асар шыңы әлі алда...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі