Еркіндік - ежелден ел тілегі
Бөкенбайқызы Қымбат
10 сынып, «Опорный» орта мектебі
Бейнеу ауданы, Боранкул селосы
10 сынып, «Опорный» орта мектебі
Бейнеу ауданы, Боранкул селосы
Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын, ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек, біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса, біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік. Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға толы болған жоқ. Бар қиын-қыстау кезең, «тар жол, тайғақ кешудің » барлығы осы кезеңде болды. Ойланып қарасақ, қазақ еліне бұл ғасырдың тартқан сыйы да, қайғы мен қасіреті де мол. Қанша қиындық көрсе де біздің қайсар халықтың мақсаты ел болып, халық болып бірігіп, тек қана тәуелсіздікке жету болды.
1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында қайсар қазақтың қайсар ұлдары мен қыздары халық тағдыры үшін көтеріліске шыққан болатын. Сол жолда бозторғайдай боздаған жастар қанша қиындық көрді, азаптанды, қаншамасы қыршынынан қиылды. Әйтсе де ел үшін, еркіндік үшін ешбір қазақ мойымады. Тек алға жылжуды ойлады және алда болды. Міне осындай жігердің арқасында 1991 жылы «Қазақстан Республикасы» атты алып территорияға иелік еткен дербес мемлекет пайда болды.
Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлан - байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп , дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарқаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.
Бүгінгі Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны ғана емес, күллі ғаламды мойындата білген өжет елдің мекені.
Мен де өркениет әлеміне қадам басқан еркін елдің өренімін . Өткенге бойлап, бүгінді ақыл-парасатыма салып баға беру, нарықтық заманда қарқынмен дамып жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірімді айту менің парызым сияқты.
Осындай патриоттық санамен ой толғайтын, елге деген махаббатпен жыр жазатын жастары бар, көш бастар Елбасы бар, күннен күнге дамып жатқан экономикасы бар, ұмытылмас тарихы мен әдебиеті бар, талайға арман болған байтақ жері бар Қазақстан ешқашан да өлмеуге тиіс! «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кие...» - деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, жалғыз киемізді жоғалтып алмайық! Қазақстан көш бастар мемлекет болуға лайықты, сол жолда аянбай еңбек етейік!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?