Көңілді жаз

 Көңілді жаз

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар марш әуенімен залға кіреді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға тұрады.
- Балалар, алдымен амандасып алайық!
(Амандасу жаттығуы)
- Балалар, бүгінгі іс - әрекетімізді «тыныштық сәтімен» бастайық!
Тыныштық сәті.
- Өте жақсы, рахмет балалар! Енді аяғымызды алшақ қоямыз, қолымыз белде, менімен бірге қайталаңдар.
Жаттығу
Әуенмен.
- Басымызды оңға, солға қозғалту (8 рет), алға - артқа (4 рет);
- Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды бірге көтереміз (8), иықты кезек кезек көтереміз (4);
- Қолымыз белде, аяғымызды алшақтатамыз. Екі жағымызға жеңіл иілеміз. (8);
- Аяғымыз бірге, секіреміз. (8);
- Аяғымызды алшақтатамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жан жаққа қозғалту. (8);
- басымызды иыққа жәй тигізу. (4);
- «Моторчики» - жұдырықпен қолды оңға - солға айналдыру (2), жоғары – төмен (2);
- Аяқпен, денемізді оңға бұру. «Буратино» қимылын салу - (8). Сол жаққа қайталау.
- Секіреміз: Аяқты алшақтатып қою, екі қолды екі жаққа созу - аяқты қосу, қолды жоғары көтеріп соғу. (4 р. в жәй темпте, 8 р. жылдам темпте).
- балалар, көктем мезгілі санаулы күндерден кейін кетіп, көңілді жаз мезгілі келе жатыр, жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Ал енді мен сендерге ертегі айтып беремін, сендер сол ертегіні қимылмен суреттеп бересіңдер. Мұқият тыңдап, маған қараңдар.
- Бақта әдемі гүл өсіп тұрады (балалар, тізерлеп отырып, алақандарын бір біріне түйістіріп, гүл бейнесін салады).
Таң атып, күн нұрын шашып, бүкіл табиғат оянады, гүл де оянып өзінің жапырақтарын ашады. (балалар жаймен орындарынан тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, екіжаққа ашады).
Самал жел соғады(балалар жан жаққа қолдарын тербетеді). Бір мезгілде жел күшейе түседі де, гүл жерге дейін еңкейіп қалады. (балалар қатты шайқалып, қолдарын жерге тигізеді).
Кенеттен гүл жұлынып, ұшып кетеді. (балалар бір орындарында айналады, бірінші оң жаққа, содан сол жаққа).
Сонан соң құстар ұшып келеді (балалар аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары - төмен қозғалтады).
Баққа аралар да келе бастады! (балалар залда арлар қимылын салып жүгіреді). Аралар гүлге отырып, бал жинай бастайды. (балалар тізерлеп отырып, аралардың бал жинап жатырған қимылын көрсетеді). Аралар бізге не сыйлайды?, (балалар: Бал). Жақсы, ал балды қандай жануар жақсы көреді? (Аю). Міне, бізге Аюда келді!(Балалар Аю қимылын салып жүреді).
Біздің бақта бақалар да жүр екен! (Балалар бақа қимылын салып секіреді). Ал бақалар қалай сөйлеседі?(квак - квак). Біздің арамызда ең үлкен бақа бар ма? (балалар, жоғары секіріп, алақандарын бастарынан асырып соғады).
- Кенет баққа мысықтар да келді! (балалар төрт тағандап тұрып мысық қимылын салып жүреді). Мысық артқы аяғын көтереді, сонан соң екінші аяғын көтереді. Мысықтар қолдарымен құлақтарын қасығанды өте жақсы көреді(алдымен бір қолымен, сонан соң екінші қолымен), ал енді артқы аяқтарын құлақтарына кім жеткізе алады? (балалар отырып, аяқтарын ұстап құлақтарына жеткізуге тырысады). Жарайсыңдар балалар!
- Ал енді мен сендерге Спорт биін үйренуді ұсынамын. Алдымен аяқ, қол позицияларын естерімізге түсіріп орындап көрейік. (балалар позицияларды орындайды). Жарайсыңдар балалар, енді маған қарап, би қимылдарын қайталаңдар.
Би: «Көңілді доптар»
Қорытынды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?