Елбасы – ел мақтанышы

 Елбасы – ел мақтанышы

Накупова Айдана
8 сынып, №7 орта мектебі
Сәтбаев қаласы
Жетекшісі: Бекетова С.Ж.

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.
Елбасының әкесі Әбіш Назарбайұлы – 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келген. Әбіш сауатты, қадірлі, қонақжай, қамқор адам болған. Өнерге қатты қызығушылық танытқан. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дегендей Әбіш ата ана тілінен өзге орыс, балқан тілдерінде еркін сөйлейтін болған. Тіпті ол кісі күміс көмей әнші болған деседі, яғни қазақ, орыс әндерін нақышына келтіріп орындайтын тағы да жақсы қасиеті болған екен. Сыр шерткен адамын зейін қойып тыңдап,пайдалы кеңес бере білетін қасиеті және бар.
Елбасының анасы Әлжан – 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылында қарапайым молданың отбасында дүниеге келген. Мейірімді, сыпайы, ақылды, кез – келген іске икемі бар пысық адам болған екен. Әлжан ана да өнерден кенде емес. Ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына ешкім де түсе алмайтын. «Өнегелі отаудың өрісі кең» демекші Әбіш әке мен Әлжан ана балаларын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды. Ұлттық дәстүрлерге, ән – жырларға, сылт – ғұрыптарға құштарлығын оятты.
Елбасы кітаптарды сүйсіне оқыды. Ол әсіресе қазақ ауыз әдебиетінде орнын ойып тұрып алатын ежелгі аңыздар мен ата – бабалардың наным –сенімдері туралы кітаптарды қызығушылықпен оқыды. Әр кітаптың мазмұнын бес саусағындай білді. Елбасы тек кітаптарды оқып қана қоймай әжесі Мырзабала мен әкесі Әбіштің айтқан әңгімлерімен сусындап өсті. Мәселен әжесі Елбасының қызығушылық танытатын сұрақтарына әрқашан жауап беретін. Ал әкесі «Жеті атасын білмеген – жетесіз болады» деп жас Нұрсұлтанға жеті атасын айтып жаттады. «Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер , құйма құлаққа айтсаң, құйып алар» дегендей Елбасының айтқан сөзді қағып алатын зеректігі ешкімді бейжай қалдыра алмады. Яғни ата – анасы балалары сөзсіз болашақта жақсы азаматтар қатарында болатынына сенеді.
Елбасы мектеп оқып жүрген кезінде жазғы демалыс күндерін де бос өткізіп көрмеген екен. Әкесіне көмектесе жүріп көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып қанағаттанады екен. «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» емес пе. Ата – анасы жұлдызды аспан астында болашақ Елбасымен жанған алау маңында жатып, аспандағы жұлдыздарды санап оларды қызықтау – олардың күндегі әдеті екен. Және де өздерінің тұрып жатқан жер жағдайын жақсы білетін ата – ана балаларына ата – бабалардың түп тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, қазақтың қаймағы бұзылмаған халық әндерн шырқап, болашақ Елбасының құлағының құрышын қандыратын.
«Алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба содан жүрер» дегендей Елбасы бала кезінен еңбек етуге араласады. Оның үлкендердің мал бағуына, бау – бақша өсіруіне, отын жаруына тырнақтың ұшындай болса – дағы көрсеткен көмегі ата – анасының жүрегін елжіретіп, оның болашағына деген сеніміне секем түсірмей күшейте түсетін. Елбасы өзінің бір естелігінде: «Біз өзіміз өсірген аз-маз өнімдерді сатып, үй – ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол станциясына баратын едік. Бұл біз үшін мереке еді» деп еске алады.
Елбасының балғын балалық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті үздік бағаға бітіріп ол кісі өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой – өрісінің кеңдігімен ерекше сөзге түсетін. Елбасының Күләш есімді сыныптасы мынадай бір естелігінде айтады: « Нұрекең мектепте жүргеннен зерек, алғыр оқушы еді. Ол кісі біздің Абай атындағы мектепке оныншы сыныпта ауысып келді. Түр десең түрі бар, бой десең бойы бар білімді бозбаланың біздің сыныпқа келгеніне барлығымыз қуандық. Барлық қоғамдық жұмыстардың алдыңғы шебінен табыла білетін. Ол уақытта әрбір оқушының сабақ үлгерімін анықтап жазатын арнайы тақта бар. Сол тізімнің жоғарғы жағында Нұрсұлтанның аты үнемі тұратын. Мен өзім де мектепте жақсы оқыдым. Бірақ, жасырмаймын математика, геометрия пәндерінен кейде үш алып қалатынмын. Бір күні Нұрсұлтан қасыма келіп, «Күләш, тригонометриядан үш алып қалыпсың ғой? Мұның қалай?» деп ұялтқаны бар. Содан кейін дәптерімді сұрап алып, есеп шығаруға көмектесті. Сол сәттен кейін бестен басқа баға алмауға тырыстым. Оныншы сыныпты ойдағыдай аяқтағаннан кейін бірнеше жасты Теміртауға жолдамамен жіберетін болды. Сонда арамыздан суырылып шығып, екі – үш жігіт Теміртауды бағындыруға аттанып кетті. Нұрсұлтан сол кезде – ақ өз мүмкіндігін біліп, білімі мен біліктілігіне сенген. Ол қашан да ұмтылып тұратын. Кейін еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланғанда бірге оқығандардан бес – алты адам құттықтауға бардық. Президенттің кабинетіне кім кіріп көрген? Алдымен қабинетінде қабылдап, соңынан дәмге шақырды. Бірге оқысақ та, жасқаншақтап, қысылып тұрмыз. Нұрекең байқап
қалып: «Емін – еркін әңгімелесейік.. Сендер менің ауылды қалай сағынатынымды білсеңдер ғой.Біз мектепті қырық екі адам бітіріппіз. Солардың кейбіреуі ара – мызда жоқ» деп толқып отырып Елбасының сырласқаны бар....». Елбасыны ерекшелеткен басты қасиеті – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке деген тұрақты ұмтылыс еді. Ол кісі құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйытқысы, ұйымдастырушысы болды. Әзіл – қалжыңға бейім, әнге жақын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.
«Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас» дегендей бозбала Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып , ендігі жерде ата – ана, туған – туысқа материалдық жағынан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді және 18 жасқа жетіп енді ата – анасы оған арқа сүйейтін болды.
Нұрсұлтан Назарбаев үлкен құрылысқа келіп оның бұл жерде көп мүмкіндіктері бар екеніне еш күмәнсіз сенді. Ендігі жерде ол өз тағдырына, өз тіршілігіне өзі иелік етуге бел байлады.
Теміртауға келген соң, ол кісі болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік – техникалық училищеге оқуға жіберілді.
Елбасы бозбала кезінде сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі болды. Яғни Елбасы шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Елбасы өзінің еті мен менезінің мықтылығын мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей түсті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамдардың игілігі үшін жұмыс істеді, сондықтан әрдайым өзін олардың қолдайтынына сенімді болды. Металлургтермен бірге ол қайнаған ыстықта жүрді, кеншілермен бірге штальняларға түсті. Сондықтан Елбасы үлкен лауазым иелері кабинетіне қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін «қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты ғана айтты. Ол кісі сонымен қатар түйткілді мәселелерді шешудің жолын ұсынды. Яғни
дәлел мен дәйекке сүйене отырып. Оның пікірі әрқашан мұқият тыңдалды. Басшы ретінде Елбасының беделі жоғары болу себебі, ең алдымен оның жұмысшылар қатарынан көтерілгендіктен ол кісі барлық мәселелерді түп – төркінінен танып білетін еді. Жоғарыда айтып өткендей Елбасы еңбекқорлығының, ізденімпаздығы – ның, қажымас қайратының арқасында Қ.Р. Президенті дәрежесіне көтерілді. Ол кісінің ел дамуына қосқан үлестері шексіз. Саусақпен санарлықтай емес, ауыз толтырып айтарлықтай . Елбасы қызметіне келген соң ең алдымен өзінің тың идеялары арқылы қазақ жерінің есімін әлемге әйгілі етті. Жақында ғана Елбасының сондай бір жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы жолданды. Және өз жолдауында мақсаттарды айқындап берді. Жолдауда: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылғы қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деді. Елбасы жолдауынан жастар мәселесі де қалыс қалмады. Солардың кейбіреулері төмендегідей: «Бала тәрбиелеу – ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Өздеріңіз білесіздер оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы. «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата – ана үшін қағидаға айналуы қажет» деп атап өтті.
1996 жылы Елбасы айды аспаннан бірақ шығарды. Жаңа елорда сал бастамасын алғаш Қазақстан Президенті көтерді. Ол кезде бұл ұсыныс жүзеге асатынына көбісі күмәнмен қарады. Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандардың қатары көп болды. Бірақ олардың бәрі қателескен еді. Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына айналды. Қаланың бас сәулеткері Елбасы болды. Астана – Сарыарқаның төсінде орналасқан, Батыс пен Шығыс мәдениеті мен мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды.
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» сөздерін біз бүгінде зор құрметпен,патриоттық сезімімізбен айта аламыз. Астана елдің ең әсем қаласына, саяси, экономикалық, мәдени, рухани орталығына айналды. Елбасының өзі «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» деп бағасын берді.
Қаланың көптеген ғимараттары, ескерткіштері Елбасы сурет, сызба, нобай түрінде түсірген ойдан алынды. Бәйтерек, Хан Шатыр, Отан қорғаушылар монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мәдениет орталығы, Ақорда резиденциясы және өзге де сәулеті келіскен ғимараттар Елбасының ұшқыр қиялының жемісі. Елбасының бойындағы қасиеттерге сан жетпейді. Және оның лауазымдық қызметтері дәл осындай. Мәселен Елбасы Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Жәнібек ханның ізін жалғастырушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнекті мемлекет қайраткері Кенесары Қасымұлы, Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай тАйманұлы секілді ел тыныштығын ойлаған Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас қолбасышыс,
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Елбасы Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның жасаған игі ісінің жалғастырушысы Дүниежүзі қазақтары қауымдас – тығының төрағасы. Бұдан бөлек Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы , Қазақстан Республикасы жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы, Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы.
Елбасының сүйсінерлік тағы бір қасиеті бар. Ол – қарапайымдылығы. Ол кісі өзінің бір кітаптарының бірінде: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен и»ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата – бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген» деп жазады.
Елбасы әрқашан «халық» деген ұғымды мәңгі жадында ұстап, елінің ертеңін ойлады. Халық игілігі үшін жасаған істерін күнде көзімібен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.
Елбасы туралы айтар сөз, мақтау жетерлік. Сондықтан осы жерден тоқтайын. Ең бастысы еліміздің көшбасшысы, қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы аман болсын. Елбасының аман – саулығы біз үшін асылдан да қымбат!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?