Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

 Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Мекентай Бибарыс
4 сынып, № 15 орта мектебі
Балхаш қаласы
Жетекшісі: М.Б.Жакыпбекова

Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің қай өңірі болмасын дамудың даңғыл жолына түсіп, жыл сайын құлпырып келеді. Бұл қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан өтті. Оның қадіріне жету, қастерлеу, киесін ұғыну бәрімізге парыз.Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді.
Дамудың даңғыл жолына түсіп, алға басып келе жатқан өндірісті қала жерінің асты да, үсті де бай, көрікті де сұлу әсем қаламның көркеюін көріп қуанамын. Өйткені, бұл менің туған қалам. Қаламдағы ескерткіштер қала көркін одан әрі көріктендіре түсіп, әр ескерткіштің өзіндік тарихы бар. Атап айтсам: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған Балқаштық батырларға арналған, Т-34 танкі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған стелла, «Балқаш осы жерден басталған» - монументтік тақтасы қаланың 50 жылдығына арналған стелла, «Прибалхашстрой» тресінің құрылғанына 50 жылдығына арналған монумент, алғашқы құрлысшыларға арналған, қуғын-сүргін құрбандарына арналған, ақын Шашубай Қошқарбайұлының құрметіне арналған мемориалдық тақта өнер мектебінің алдында орналасқан , шертпе күйдің шебері М.Хамзинге арналған ескерткіш мысшылар мәдениет сарайының алдында орнатылған., М.П.Русаковқа арналған монументалдық ескерткіші, қаланың кіре берісіндегі екі балық ескерткішін мақтанышпен айта аламын.
Туған өлкедемізде жыл сайын ғимараттар, жаңа үйлер салынып, қаламыз гүлденіп келеді, біз оған қуанамыз. Балқаш қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, қаламыздың қақ ортасында орнатылған, еңсесі биік Ағыбай Қоңырбайұлының мүсіні. Ескерткіште Ағыбай барлық әскери киімімен, қолында найзасы, ат үстінде келе жатқан кезі бейнеленген. Ұлттық ерекшелік, қазаққа тән динамика да сақталған. Батырдың қазаққа тән күші ғана емес, рухани парасаты да көрсетілген . Бұл батырдың ат үстіндегі нық және еңселі отырысы мен аттың жүрісінен сезіледі. Мұның өзі «Батырлары мен данышпан ерлерін ұмытпаған ел – мәңгі ел! Есте сақтайық, Ұмытпайық!» – деген қағидатқа сүйенгенге ұқсайды. Қаламыздың қақ ортасынан орын тепкен батырымыздың мүсіні тұла бойы парасаттылыққа тұнған, күш-жігерге бай, мәдениетті, ержүректілігімен ерекшеленеді. Осы көркемдіктің өзі қазақ
азаматтарын рухани бай, парасатты азамат болуға тәрбиелейді . Жоба авторы-белгілі қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, Ленинград көркем академиясының түлегі. Өзінің шығармашылығын қазақ ұлттық монумент өнеріне арнады. Туған қаламыздың халқын еркіндікке бағыттау мақсатымен осы ескерткішті орнатуға көп маңдай терін төкті десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда елдігімізді танытып, қазақ елін әлемге таныту үшін «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қанатты сөзін есімізден шығармайық дегім келеді достарыма.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?