Этнография | Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері

 Этнография | Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері

Мазмұны
Кіріспе
І-бөлім. Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
ІІ-бөлім. ҚР-ның халық санының динамикасын талдау
ІІІ-бөлім. ҚР-ның халық санын орналасуы:
3.1. Халық тығыздығы
3.2. Ауыл мен қала халқы
3.3. Жыныс бойынша саны
Қорытынды
Қолданған әдебиет тізімі

Кіріспе
Әр елдің басты байлығы біреу – оның халқы. Кез-келген елдің халқының саны мен жағдайы оның экономикалық деңгейіне, мемлекеттік қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздік тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Қазақстандағы күшті демографиялық саясат қазіргі күні алға тартарлық ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарын беріп отыр. Қазақстанда халық саны соңғы 10 жылда белгілі саяси және әлеуметтік-экономикалық себептермен үлкен өзгерістерге ұшырады. 1999 жылдан бастап елден сыртқа көшу тоқтай бастады, 2004 жылы алғаш рет соңғы онжылдықта көші-қонның оң сальдосына қол жеткіздік. Алайда демографиялық саясат теориясы мен тәжірибесінде, әсіресе аймақтық бөлігінде, шешілмеген проблемалар әліде көп. Демографиялық саясатының тиімді шараларын дайындау мен жүзеге асыруда дамографиялық процестерді басқаруды зерттеудің іргесін кеңейту қажет.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасындағы халық саны мен орналасу динамикасын статистикалық талдау болғандықтан, халқымыздың сонау тарихи кезеңнен бастап санының, соныңішіне қазақ халқының санындағы өзгерістердің осы күнге дейінгі жағдайы, Алтайдан Атырауға созылған кең даласында орналасуы қарастырылады. Қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға өту жағдайында, халық әл-ауқатының, өмір сүру деңгейінің соңғы 6 жылда (1999-2004) жақсара бастады, шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты туу мен көші-қон процестерінің жиілеуі халқымыздың санындағы айырмашылықтарға өз үлесін тигізуде.
Осы дипломды жұмыста Қазақстан Республикасындағы халық санына және республика территориясы бойынша орналасуына тоқталамыз. Яғни халық санағының соңғы 1995 жылғы мәліметтерін және 2005 жылдардағы халықтың саны туралы деректерді пайдалана отырып, халық санының динамикасын талдаймыз.
І-бөлімде Қазақстан Республикасының ел болып құрылғанынан бастап халық саны мен территориясындаға өзгерістерге толығымен тоқталамыз, яғни еліміздегі халықтың ұлттық құрамы, жынысы бойынша құрамы және де жасы бойынша құрамына толығымен тоқталады.
Яғни дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы халық саны болып табылады. Ал дипломдық жұмыстың мақсатын еліміздегі халық санының өсу немесе кему тенденциясын анықтау, халықтың құрамындағы өзгешеліктерді айқындау, белгілі бір заңдылықты анықтау.
І-бөлім. Халықтың санының орналасу және динамикалық көрсеткіштері
1.1. Халықтың саны мен құрамы жалпы түсінік және оны талдау үшін көрсеткіштің жүйесі
Жер әлеміндегі халықтың саны 6196 257 388 адаға жетті, БҰҰ-ның демографтарының болжамы бойынша 2050 жылы 9322 млн адамға жетпек.
Қазір Қазақстанда 15074,8 мың адам бар. Еліміз территориясы бойынша дүние жүзінде 9-ыншы орында тұр.
Демографиялық көрсеткіштерге қысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы мәліметтер Қазақстанның атқарушы органдарынан түскен ресми материалдарға негізделген.
Аумақ мөлшері – мемлекеттің тұтастай және оның өңірлерінің аумақ көлемін сипататйтын статистикалық көрсеткіш, шаршы километрмен өлшенеді. Аумақ мөлшері Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің деректері бойынша келтірген. Халықтың тығыздық көрсеткіші халық санының аумақ көлеміне қатынасымен есептелген.
Халық саны – санақ кезінде анықталады. Санақ аралығындағы кезеңде санақ деректеріне және халық қозғалысының ағымдағы есебіне сүйене отырып, халықтың саны мен жас-жыныс құрамы туралы деректерді есептеу арқылы алады.
Жыл басына ағымдағы бағалау – халық санағының соңғы қорытындысы негізінде есептеліп, оған сол аумақта туғандары мен келгендерінің саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен кеткендерінің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағасы кезекті санақ қорытындысы негізінде нақтыланады.
Халық жалпы санының есебі тұтастай Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігі (қалалық мекендер, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеуде олардың жекелеген аумақтарындағы шекаралардың өзгеруі нәтижесінде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қалалық және ауылдық мекендердегі халық санының өзгеруі нәтижесінде халық санының көбеюі немесе кемуі ескеріледі.
Халық бұл демографияда адамдар жиынтығы және де ол ұрпақ ауысуы арқылы қайтадан жаңарып қозғалыс үстінде болады.
Экономикалық демографиялық көрсеткіштерді есептеу үшін халықтың орташа жылдық саны жайында мәлімет қажет. Ал халықты есепке алу мезетімен байланысты. Халықтың орташа жылдық саны қолда бар мәліметтерге байланысты төмендегідей есептелінеді.
Егерде халық саны мерзімінің басы мен аяғына берілсе, жай арифметикалық орташа шамамен есептелінеді:
Егер де халық саны жайындағы мәліметтер мезетке берілсе, ол уақыт аралықтары бір-біріне тең болса, мезеттік хронологиялық орташа мен есептелінеді, және оның формуласы төмендегідей:
Егерде халық саны жайлы мәліметтер мезетке берілсе, ал уақыт аралығы бір-біріне тең болмаса, орташа шаманың арифметикалық салмақталған түрі қолданылады:
деңгейлердегі халықтың орташа саны,
t-деңгейлер арасындағы уақыт аралықтары халықтың орналасу көрсеткіштерінің бірі, ол халықтың тығыздық көрсеткіші. Халықтың саны ойкумена территориясына бөлініп есептеледі. Халықтың тығыздығы қазіргі уақытта 6 адамға жуық.
Сонымен бірге халықтың орналасуы дүниежүзі бойынша, ел территориясы бойынша (республика), аймақтар (облыстар) бойынша, және қала мен ауыл болып бөлінеді.
Қазақ халқына – қалалық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық мекендерге заң актілерімен қала (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар) және кент ретінде бекітілген елді мекендер жатады.
Ауыл халқына – ауылдық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық болып сыныпталмаған елді мекендер ауылдық болып саналады.
Халықтың табиғи өсімі – белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Табиғи өсім оң шамада болуы мүмкін, егер туғандар саны өлгендер санынан асып түссе, немесе кері жағдайда – теріс (табиғи азаю).
Халықтың көші-көн өсімі – белгілі бір кезеңде осы аймаққа келгендер саны мен сыртқа кеткендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Көші-қон оң шамада (егер келгендер саны кеткендер санынан көп болса), немесе теріс болуы мүмкін (егер келгендер саны кеткендер санынан аз болса). Соңғы жағдайда көші-қон жылыстауы орын алады.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-қон өсімінің алгебралық жиынтығы болып саналады.
Қала және ауыл халқының жалпы өсімі табиғи өсімінің, көші-қон өсімінің және елді мекендер санаттарының өзгеруі нәтижесінде (заң актілерімен ауылдық елді мекендердің қалалық немесе қалалықтың ауылдық боп қайта құрылуынан) халық санының қалаға (ауылға) ауысының алгебралық жиынтығына тең. Жалпы табиғи және көші-қон өсімдері теріс болуы мүмкін.
Халықтың жылдық орташа саны тиісті жылдың басындағы және соңындағы сандардың арифметикалық ортасы ретінде есептеледі.
Халықтың құрамы жасы, жыныс, ұлты және отбасының жағдайы бойынша бөлінеді.
Халықтың жыныс – жас құрамын есептеу әрбір күнтізбелік жыл басталғанда жалпы халық санын есептеу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Жасы мен жынысы бойынша халық құрылымының көрсеткіштері халықтық маңызды сипаттамасы болып саналады. Көрнектірек болу үшін олар жас-жыныс пирамидасы түрінде ұсынылады. Жас-жыныс пирамидасының тік осі бойынша графикалық кескіндеу кезінде жалпы халық санындағы олардың үлесін, жасын немесе туғанжылын, көлденеңнен - әрбір жастағы адамдар санын:осьтің сол жағына – еркектерді, оң жағына - әйелдерді қалдырады.
Халықтың жынысы бойынша құрамына келесідей факторлар әсер етеді: біріншіден демографиялық факторлар, екіншіден, әлеуметтік –экономикалық факторлар.
Демографиялық факторлар дегеніміз, ол балалардың туылуындағы заңдылық, яғни әр жаңадан туылған 105 қызға 106 ұл баладан келеді. Бірақта бір жасқа дейінгі уақыта ұл балалардың өлімі жиірек болады. Себебі кездейсоқ жағдайларға көп ұшыраудан. Ал жоғары жастағы әйелдердің өсім деңгейіне қарағанда ерлердікі жоғары болады, сондықтан халықтың санындағы жыныстық үлесі өзгеріс үстінде болады.
Біздің Қазақстанда әйелдердің үлесі 1926 жылы 26% болса, 1959 жылы 53% болды, 2000 жылы 52%, ол 2004 жылы 51,9%-ды құрап отыр.
Халықтың жасы бойынша құрамына келер болсақ, статистикада халықтың жасы бойынша құрамына келер болсақ, статистикада халықтың жасы бойынша құрамы келесі бағыттарда зерттеледі:
0-4
5-9
10-14
0-14
15-19
20-24
25-29
.
.
65+
Яғни жастардың топ аралығы 5-ке тең.
Демографияда келесідей топтар кездеседі: репродуктивті жас -әйелдердің бала көтеруге мүмкіндігі бар жас (15-49 жас аралықтары) және де бұл шартты шегі болып табылады.
Халықтың жастық тобын зерттегенде Швед демографы Зундберттің (ХХғ) шкаласы өте маңызды болып есепетелінеді. Зундбеттің ойынша 15-49 жас аралығындағылар, ол ата-аналар, 14-ке дейінгілер – балалар, 50-ден асқандар ата-әжелер және де ата-аналардың үлесі әрдайым 50%, ал балалар мен ата-әжелердің үлестерінің өзгеруіне байланысты халықтың жасы бойынша әртүрлі типтері орын алады.
Қазіргі кездегі заманның бір көрінісі ол, жалпы халықтың қартаюы, регрессивті тип қартаюға кірген.
Қытайлықтар мына шкала бойынша халықтың жасын ажыратады:
20-жасқа дейінгі жас-жастық шақ.
30-дейінгі жас-некелесу жасы;
40-жасқа дейінгі жас – қоғамдық міндеттерді атқару жасы.
50-жасқа дейінгі жас- өз қажеттіліктерін түсіну жасы;
60-қа дейінгі жас-өмірдегі оңға творчествалық кезең;
70-ке дейінгі жас-қалаулы жас;
70-тен жоғары жас кәрілік.
Халықтың жасын қарастырғанда жастың аккумуляция ұғымы жиі кездеседі. Адамдардан толған жасы жайында сұрақ қойғанда кейбір жаста бұрмалаушылықтар орын алады. Ол және 5-ке біткен жастарда жиі кездеседі.
Жастық аккумуляция дегеніміз, 0мен 5-ке бітетін жастардың үлесі жанындағы жастарға қарағанда жоғарылау болды. Жастық аккумуляцияның әсерін жою үшін график әдістері, жылжымалы орташа, аналитикалық тегістеу әдістері қолданылады және көптеген индекстер қолданылады. Сонымен жастық-жыныстық құрамы қалыптасады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?