Қылмыстық құқық | Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау

 Қылмыстық құқық | Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................... 4
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ....6
1.1 Қылмыстық-құқықтық жаза мәні мен мақсаттары...................................6
1.2 Жаза тағайындаудың жалпы ережелері......................................................11
ІІ СОТ ҮКІМІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ.........................................20
2.1 Сот үкімінің түсінігі және мәні....................................................................20
2.2. Сот үкімінің құрылымы мен түрлері..........................................................24
ІІІ ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................36
3.1. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау әдістері...................36
3.2 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтау мәселелері………………….37
Қорытынды...........................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................44

КІРІСПЕ
Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1]
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi. [2]
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде заңдылықтың қатаң сақталуы жаза мақсаттарына жетуге кепіл болады.
Жұмыстағы теориялық мәселелерді талдаған кезде отандық , кеңестік, ресейлік келесі авторлардың еңбектері қолданылады: У.Жекебаев, С.Рахметов, Р.Нұртаев, И.Рогов, С.Молдабаев, Р.Орынбаев, М.И. Бажанов, Я.М. Брайнин, Ф.Г. Бурчак, И.М. Гельперин, Б.С. Волков, В.К. Глистин, А.С. Горелик, Н.С. Дагель, Н.Д. Дурманов, А.Ф. Зелинский, Т.Э. Караев, М.И. Ковалев, Ю.А. Красиков, П.К. Кривошеин, В.Н. Кудрявцев, Б.А. Куринов, А.Н. Леонтьев, В.П. Малков, А.С. Никифоров, Н.А. Стручков, А.Н. Трайнин, А.М. Яковлев.
Жұмыс мақсаты үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерін айқындап, үкімдер жиынтығы бойынша жза тағайындау институтын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, заң нормаларының түсініспеушіліктері мен қайшылықтарын жоюға талпыныс жасау болып табылады.
Жұмыста келесі міндеттер қойылып, шешімін тапты:
- қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы мен түрлеруне щолу жасау;
- жаза тағайындаудың жалпы негіздероін талдау;
- жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды таладу;
- үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі әдістер мен ережелер;
- үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтау мәселелері.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісіне үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаумен байланысты қоғамдық-құқықтық қатынастар болып табылады. Зерттеу пәні ретінде үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар жиынтығы, сонымен қатар сот-тергеу тәжірибесі қарастырылады.
Зерттеу әдістері. Диалектикалық- материалдық, салыстырмалық, логикалық-құқықтық, жүйелік, тарихи ғылыми зерттеу әдістері жұмысты орындау барысында қолданылды.
І . ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қылмыстық-құқықтық жаза мәні мен мақсаттары
Қылмыстық заңнамадағы жаза ұғымының даму тарихы көрсететіндей, қылмыстық жазаның мақсаттары мен міндеттеріне жалпы талаптар нақты тарихи жағдайларға қатысты өзгеріп отыратын.Кеңес өкіметінің орнауының алғашқы жылдарында кеңес соттары үкімдерді шығару кезінде өздерінің революциялық намысы мен революциялық құқықтық санасын басшылыққа алған. Қазақстанда жергілікті соттар әдетте әдет құқығы нормаларына жүгінетін.
Қылмыстық жаза- мемлекеттік мәжбүрлеудің неғұрлым маңызды шарасы болып табылады. Ол жөнінд тарихи тәжірибе де куә. «Қылмыстар мен жазалар туралы» трататында Чезаре Беккариа жазғандай, «тек қана заңдар қылмыс үшін жаза белгілей алады және оларды шығару билігі тек қана заң шығарушыға ғана тиесілі болуға тиіс. Ешқандай судья әділеттікті бұзбайқоғамның өзге мүшелеріне жаза белгілей алмайды. Заң шектеріне тыс шығатын жаза әділетсіз, себебі ол заңмен белгіленбеген өзге жаза болып табылады».
Осы көзқарас тұрғысынан мемлекет тарапынан жазаланған тұлғаға сын көрсетілген және ол заңмен қарастырылған бегілі бір құқықтық шектеулерге тап болады.
Жаза мақсаты- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және соталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру, яғни Қылмыстық кодекс баптарының санкцияларында оларды белгілеп, кінәлі тұлғаға нақты жаза шарасын қолдану арқылы заңшығарушы мен сот көздеген әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу. (ҚР ҚК-ң 38 бабының 2 бөлігі).
Жазаның мақсаттары мен мәні турла ілім- тарихтағы да, қылмыстық құқықтың қазіргі кезеңдегі ғылымындағы да неңғұрлмы даулы тақырыптардың бірі. Жаза өткенге жататын болғандықтан, ол өтем, айыру болады, мемлекет оны қолдана оатырып, адам өмір сүру ортасының заңдылықтарына бағынады, ол мемлекеттң бас тарта алмайтын міндеті десе де болады. Жаза болашақққа қатысты болса, ол белгілі мақсаттарға қол жеткізу болып табылады, ол мемлекеттің ақылға қонымда негіздерде пайдалануға тиісті құқығын жүзеге асыру ретінде де қарастырылады.
Атақты құқықтанушы Чезаре Беккария жаза мақсатын адамды қорлау немесе азаптаудан емес, және жасалып қойған әрекетті жасалмаған етіп қоюға тырысудан емес, кінәліні қоғамға қайтадан зиян келтіруін болдырмаудан және одан қоғамның өзге мүшелерін сақтаудан көретін.[3]
Аталған дискуссия кеңестік қылмыстық құқықтық ғылымда пайцда болды. Көптеген ғалымдардың пікірінше, жаза мақсаты сотталғандары түзеу және қайта тәрбиелеу, соынмен қатар жалпы және арнайы превенция болып табылады.
Ғалымдар тобы (Н.А. Беляев, И.И.Карпец, В.Г. Смирнов, П.П. Осипов және т.б.) аталған мақсаттарға қоса тағы біреуін- жазасын беруіді көрсетеді.
Жазасын беру ессіз «өлім үшін өлім» деген формуламен байланысты емес, алайда қылмыскер жасағаны үшін тартыратын жаза алады. Сонымен қатар, оның жазасында әдетте жәбірленушінің жақындары мүдделі болып табылады. Және де жаза жазасын тарттыру мақсатын көдейтіндігінің тағы да бір себебі ол құрамдас бөліктері ішінде жазаның өзі жазасын тартыруды қамтиды.
И.И. Карпец айтқандай, ол мақсат неғұрлым нақты көрінетін жазалар ол өлім жазасы мен бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімі.[4] Б.С. Никифоров қылмыспен бұзылған қоғамдағы әлеуметтік-психололгиялық тәртіпті қалпына келтіру және әділеттілік сезімін қанағаттандыру мақсаттарын көрсеткен. Сонымен қатар абайсызда жасалған қылмыстарға жаза мақсаттары туралы дискуссия орын алады.
С.И. Дементьев пікірінше, бұл жағдайларда жаза мақсаты ретінде жалпы алдын алу және сазайын тарттыру болып табылады, ал С.В. Полубинская- жалпы және арнайы алдын алуды, соынмен қатар қоғамдағы әлеуметтік-психололгиялық тәртіпті қалпына келтіруді көрсетеді.
В.Е. Квашис тек қана жалпы алды алуды көрсетеді.
М.Д. Шаргородский пікірінше, жаза мақсаты тек жалпы және арнайы алдын алу, ал сотталғанды қылмыстық жаза арқылы түзеу немес қайта тәрбиелеу мүмкін емес дейді. Ол сазасын тарттыруды жазаның мәні ретінде қарастырды, жалпы және арнйы алдын алуды оның негізгі мақсаттары ретінде, ал соталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеуді- ол мақсаттарға жету құралдары ретінде қарастырды.
Осы көзқарасты А.А. Герцензон, А.А. Пионтковский, А.А. Ременсон қолдайды. [5]
1997 жылғы ҚР қылмыстық кодексі осы даудағы нүктесін қояды- 38 бапқа сәйкес жаза әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.
Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсаты мемлекетті, қоғамды және әр тұлғаны жеке қылмыс озбырлығынан сақтау болып табылады. Кінәліні жазалау қоғамдағы әділдік пен заңдылық үстемдігі туралы куәландыру керек, құқыққорғау органдарының қызметінің өзі ең алдымен қоғамдық қауіпті сипаттағы құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде бұзылған әділдіктің қалпына келтіруге бағытталған.
Сотталғанды түзеу меқсаты бойынша оған қатысты жаза қолданып жатқан тұлға қоғам заңдарын сыйлайтын толыққанды дұрыс мүшесі етуін көздейді.
1997 жылғы қылмыстық кодекс жаза мақсаттарын қайта тәрбимелеумен ұштастырмайды, себебі тәрбиелеу- ол ұзақ процесс, ол өмір бойына созылады, сондықтан сотталғанннан 3-5 жыл арасында қайта тәрбиелеуді күту шындыққа жанаспайды.Ең маңыздысы- оның қайта қылмыс жасамауы, ал қандай себеп бойынша, түзелгендігініен ненемес жазадан қорыққандығынан ба, маңызды емес.
Дәстүрлі түрде жазаның неғұрлым маңызды мақсаттарына қылмыстың жалпы және арнайы алдын алу болып табылады. Ғалымдар пікірінше, жазаның алдын алушылық маңызы оның қатаңдығында емес, оның міндетті түрде басталатындығында.
Жеке алдын алу ретінде сотталғанның өзіні тарапынан жаңа қылмыстарды жасауын болдырмау болып табылады.
Жеке алдын алу міндеттері туралы екі түрлі көзқарас орын алады. Біріншіден, оның міндеті жазаны өтеу кезінде жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жаққа шығаратын ерекше жағдайлар жасау.
Екіншіден, жеке превенция ретінде тек қана жазалау кезінде қылмыс жасау мүмкіндігін жоятын жағдайларды жасау.
Жеке алдын алуды түзеуден ажырату керек. Түзеу кезінде басты міндет алдыңғы кезеңде қылмыстарды жасатпай болып табылатын болас, жеке превенция кезінде ең бастысы қылмыскерге құқықққа қарсы тәртіп үшін ол міндетті түрде жазаланатындығын көрсетуде.
Жазаны қолдану саласындағы қазіргі заманғы қылмыстық саясатта үш бағыт бар, олар арқылы алдынт алу мақсаты жүзеге асырылады:
- бас бостандығынан айыруды нақты қолдануды қысқарту;
- бас бостандығығнан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану мүмкіндіктерін кеңейту, әсіресе түзеу жұмыстары мен айыппұлдың;
- бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны дифференциациялау.
Жаза мақсаттарына оны тағайындау мен атқарудың органикалық бірлігі арқылы қол жеткізіледі.
Жаза әділ, жасалған әрекеттің ауырлығы мен кінәлінің қоғамға қауіптілігіне сай болуға тиісті.
Бүгінгі күні заңшығарушы қылмыстық құқық теориясында дәстүрлі болып қалған жаза концепциясын- мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын бекітті.
Оны Н.А. Беляев, В.И. Курляндский, А.Е. Наташев, И.С. Ной, Н.А. Стручков, М.Д. Шаргородский және т.с.с. ғалымдар қолдаған. [6]
Сонымен қатар олардың бірі жазаны сазайын тарттырумен теңдестірсе, екіншілері сазайын тарттыруды қылмыстық жазаның маңызды тек жалғыз емсе компоненты ретінде де қарастырған.И.С. Ной сазайын тарттырудан өзге жаза мазмұнына сазайын тарттырудан тәуелсіз мәжбүрлеу мен сендіруді қосқан, ал жаза ұғымы мәнін қарама қарсы элементтердің болуында, яғни мәжбүрлеу мен сендіруді болуында көрген. М.Д. Шаргородский пікрінше жаза ол сазайын тарттыру болып табылады, алайда онымен ғана шектелмейді. Ол жазғандай жаза мазмұына сазайын тарттыру да, тәрбиелеу де кіреді. С.И. Дементьев, А.С. Ременсон артынша жаза ол сазайын тарттыру деген. Сазайын тарттыру ұғымы көптеген авторлармен азап шектіру мақсатымен жасалатын мәжбүрлеу ретінде, кінәліге заңмен белгіленген айырулар мен шектеулер ретінде түсіндірілетін.
Істегі қылмыстық заңнамада «сазайын тарттыру» түсінігі қарастырылмаған. Заңшығарушының ол ұғымнан бас тарту себебін бірқатар авторлар келесіден көреді- жаза мен сазайын тарттыру синонимдер болып табылады, оған байланысты жазаның сазайын тарттыру ретіндегі анықтамасы оның мазмұнын анықтауға септігін тигізбейді.
Жазалар жүйесі дегеніміз қылмыстық заңмен бекітілген салыстырмалы ауырлығына байланысты белгіліі бір тәртіпте орналастырылған соттар үшін міндетті және толық көрсетілген жаза түрлерінің тізімі. ҚР ҚК-ң 39 бабының 1 бөлігінде жазалар жүйесі көрсетілген.
Жазалар жүйесін белгілеу сот әділдігі міндеттерін шешу үшін елеулі методологиялық және тәжірибелік мәнге ие. Методологиялық мәні келесіде, жазалардың шарттарын бекіте орып, нақты шектерін және қолдану тәртібін белгілей отырып жазалардың толық тізімін бекіту қылмыстылықпен күресуде жазалаушы саясаттың біртұтастығына, соттар қызметіндегі заңдылыққа септігін тигізеді.
Тәжірибелік мәні келесіде, онда жазалардың барлық түрллері бірінен соң бірі (жеңілінен ауырына қарай) аталған, ол соттарға заң негізінде сот тәжірибесін, қоғамдық құқықытқы сананы және ғылыми ұсыныстарды ескере отырып сотталушыға әсер ету шараларын рационалды әрі тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңызы келесіде, оған сай қай жаза неғұрлым жеңіл, қай жаза неғұрлым ауыр болып табылатындығын анықтауға болады. Ол тек қана жазаны тағайындау да ғана емес, сонымен қатар, жазаның өтелмеген бөлігін жеғұрлым жеңіл жазамен алмастыруға да көмегін тигізелі.
Жаза түрлерінің жүйесі түгелімен және жазаның әр жеке түрі сотталушыға әсер ету шараларының кешенін қамтиды, ол сотқа қылмыстылықпен күресу үшін неғұрлым тиімді шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Осы жүйеге сәйкес соттар ауырлығы бойынша әртүрлі жазаларды қауіптілігі неғұрлым төмен қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолдана алады. Соынмен, жаза түрлерінің салыстырмалы түрдегі көпсандығы қылмыстардың да, қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеруге және мақсаттарына жетуге қолайлы неғұрлым әділ жаза қолдануға мүмкіндік береді.
Жазалардың түрлері мен жүйесі сонымен қатар қоғамдағы үстем орын алатын қылмыстылықпен күресуге және қылмыскерге көзқарастардың көрінісі болып атбылады.
Тарихта жазаның түрлері мен нысандарының түрлері көп болғандығын көре аламыз. Жаза объектілері ретінде адам өмірі, тәні, еркіндігі, ар-намысы, абыройы, оның мүлкі болған; жаза қолдану салдары ретінде - өлім, тән жарақаты, тән азабын келтіру, қамау, қуып салу, мүлкінен айыру болған.
Сонымен қатар әрқашан жаза мемлекет тарапына сынау теріс баға берумен ұштасатын. Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем орынға ие болған көзқарастарға және оның өмір сүру жағдайларына сәйкес келеді. Қылмыстық заң және жаза адам өмірлерінің кейпіне, қоғамдық қатынастарға, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының жағдайына, қайсібір этикалық және құқықтық көзқарастарына жауап беруге тиісті.
Жаза мақсаттарының мәселесі қылмыстық құқы ғылымында неғұрлым дискуссиялық болып табылады. Әдебиетте көрсетілгендей, «қылмыстық жаза институты қанша уақыт өмір сүрсе, сонша уақыт бойына оны қолдану мақсату туралы сұрақ орынды болады».
Сонымен қатар келесі бір пікірмен де келіспеуге болмайды: « Ескіріп қалған, бұрыннан шешіліп қалған болып көрінетін принципиалды мәселелер бойынша (жаза мақсаттары туралы) бір ойдың болмауы – біздің қылмыстық құқыққтық ғылымның алға қарай сәтті дамуына елеулі кедергәі болыпи табылады».
Қазіргі уақытта ғылыми еңбектерде жиі қылмыстық жазаның келесі мақсаттары көрсетіледі: қылмыскерді түзеу (моралды және заңды), сазайын тарттыру; сотталғанды ресоциализациялау; қылмыстардың алдын алу (жалпы және арнайы) және алда көрсетіліп кеткен өзге де мақсаттар.
Жаза сонымен қатар қылмыстың жасалу сатысы, қылмысқа қатысушылық белгілерінің бар-жоғы, кінә нысаны және түрі,сонымен қатар Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің өзге де ережелері ескеріле отырып тағайындалады.
Қылмыстық жазаның ерекше белгісі- оның тек қана сот органдарымен тағайындала алу мүмкіндігі.Ол ережеге сай ешқандай өзге мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым қылмыстық жазаны тағайындай алмайды.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мемелкеттік, қоғамдық, жеке кәсіпорындар мен ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті және ҚР барлық аумағында орындалуға жатады. Билік өкілдерімен, мемлекеттік қызметшілермен, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, коммерциялық немесе өзге ұйымдармен ұйымдармен заң күшіне енген сот үкімін, шешімін орындамау үшін немес оның орындалуына кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.[7]
Қылмыстық жазаны белгілеп, оны қолдану үшін негіз қылмыс болады. Қылмыстық жазаланатындығы қылмыстың міндетті белгілі болып табылады. Егер қылмыс болмаса, әрине, жаза да орын алмайды. Алайда жазаланатындығы тек қылмыстық заң санкцияларында белгіленген жазалау және оны жүзеге асрыу қаупін білдіреді. Қылмыстық жаза тек қана қылмыстың құқықтық салдары болып табылады, бірақ кез келген қылмыс жазалауға алып келмейді. Өзге де құқықтық салдар басталуы мүмкін. Қылмыстық жаза шартты түрде де белгіленуі мүмкін, жазаны өтеу кейінге қалдырылу мүмкін. Қылмыс жасауға кінәлі болып табылған тұлға айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты қылмыстық жазаны өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстық заң тек қана қылмыстық жазадан ғана емес, қылмыстық жауаптылықтан босату негізін де қарастырған. Қылмыстық жаза тек қана қылмыс жасағанына кінәлі болып табылған тұлғаға, яғни қасақана немесе абайсызда қылмыстық заңмен көзделген іс-әрекет жасаған тұлғаға қатысты ғана қолданыла алады. ҚР ҚК-не кінәсіз тұлғаға жаза белгілеуге қатаң тыйым салынады.
Жазаның маңызды белгісі ретінде кінәлінің жасаған қылмысын мемлекет атынан теріс бағалау болады. Ол бағалау айыптау үкімінде орын алады және жария сипатта болады.
Айыптау үкімін шығару сонымен қатар қылмысты жасауда кінәлі тұлға ол жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын және................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?