Биология | Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері

 Биология | Тыңайтқыштарды қолдану  тәсілдері

Мазмұны
1. Кіріспе..................................................................................3
1.1. Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері..................................................4
2. Негізгі минералды тыңайтқыштар......................................................................9
2.1.Табиғи жағдайда өсімдіктерге қажетті минералды элементтерді анықтау әдісі...........................................11
2.2.Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық негіздері..........................13
2.3.Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері............................................................17
3. Қорытынды......................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өнімдерді минералдық элеметтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.
Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін,соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.
Тыңайтқыштарды қолданбайынша тұрақты әрі мол өнім алу мүмкін емес. Әсіресе, өсімдіктердің өсе,өркендей бастаған кезінде фосфор өте қажет. Сондай-ақ вегетацияның екінші жартысында да топырақта фосфордың жетерліктей болуы өсімдіктің ауруларға қарсы төзімділігін арттырады. Генеративтік (жатын,гүл, жеміс) мүшелердің шынығуына және өсуіне әсер етеді, жемістердің пісуін тездетеді және қыста сақталған кезде олардың сақталғыштығын күшейтеді.
Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізін неміс химигі Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы» деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіні белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және ішінара органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қа-
былдай алатын болады. Өсімдіктер топырақтағы органикалық қосылыстардың кейбір түрлерін ғана қабылдай алады.
ШЖН-ОБ-001-09-2005
1.1. Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық, жасанды (азотты, фосфорлы,калийлі, микроэлементтерді) және жергілікті (көң,шымтезек, күл) жәй және күрделі құрамды деген топтарға бөледі.
Азот амин қышқылы мен белоктарды синтездеу үшін, әсіресе вегетативтік мүшелердің тез өсуі үшін аса қажет. Бірақ азот тым артық болса,өсімдіктердің аяздар мен ауруларға қарсы тұру қабілетін кемітеді,жеміс салу мүшелерінің бастап құралуы тежеледі. Азық-түлікті сақтаған кезде сақталғыштығы нашарлайды. Азотпен тым артық, теңестірілмей (фосфор мен калийді енгізуді есепке алмау) қоректендіру өсімдіктердің жемістері мен азықтық мүшелерінде адам денсаулығына зиянды нитраттар мен нитриттердің жиналуына мүмкіндік беріледі (тағамдық көкөністерде нитраттардың барынша мүмкіндік шоғырлануы мынадай болуы керек 1 кг-ға: томат-60 мг, түсті капуста мен қияр- 150 мг, пияз (жапырағы)-379 мг, сәбіз -400мг. Сондықтан азот минералдық тыңайтқышын өлшеусіз біржақты енгізу өнімнің сапасын нашарлатуы мүмкін.
Фосформен, калиймен, азотпен қатар өсімдіктер микроэлементтерге де мұқтаж келеді. Көбіне бордың. марганецтің, мыстың, сиректеу- молибденнің, темірдің, кобальттың жетіспейтіні байқалады.
Бор мен марганецтің жетіспеуі жеміс салуға әсер етеді және тозаңның қалыптасуын тоқтатады, шанақтардың не жатындардың түсіп қалуына әкеп соқтырады. Жеміс пен тұқымның түсімін төмендетеді, басқа микроэлементтер өсімдіктің алмасу процесін, мүшелерінң құрылуы мен өсуін реттеп отыратын ферменттердің құрамына кіреді. Микроэлементтердің сыртқы жетімсіздігі мынадан көрінеді: жапырақтар мен басқа мүшелерінің бояуы ауытқиды, олардың формасы мен көлемі өзгереді. Бірақ мұндай белгілер микроэлементтердің өте көп және ұзақ уақыт жетіспеген кезде ғана пайда болады, ал өнімге сыртқы өзгерістер білінбестен көп бұрын зардабын тигізеді. Сондықтан микроэлементтерді тыңайтқыш ретінде енгізу немесе олармен тұқымдары себер алдында өңдеу өнімді жоғарылатуға мүмкіндік береді.
ШЖН-ОБ-001/09-2005
Азот жетіспеудің белгілері: өсімдік өсуін баяулатады, қуқыл-жасыл, кейде сарғыш түске дерлік енеді. Жапырақтар, сабақ-бұталар, азықтық мүшелері майдаланады. Ал азот тым көп болса, өсімдік қоңырқай жасыл болады, тез өседі, бірақ шанақ салуы мен гүлдеуі тоқтап қалады.
Фосфор жетіспеудің белгілері: капуста жапырақтарының жөлкелері көгереді,томаттың төменгі жапырақтарында қызғылт күлгін түс пайда болады. Өсімдіктің өсуі кешеуілдейді, генеративтік мүшелердің салына бастауы тоқтайды.
Калий жетіспеген күнде төменгі жапырақтар сарғаяды, шеттері қоңырқайланады, көбіне солып қалады. Марганец жетіспегенде, ал кейде магний жетіспегенде хлороз жайлайды, жапырақ ағарып кетеді. өсімдіктердің байқалатын ашырқану белгілерінің дәрежесі мен сипаты өте-мөте дақылға, топырақ түріне, метеорологиялық жағдайға байланысты болады. Мәселен, азот пен фосфордың жетіспеу белгілері көбіне-көп ұзаққа созылған салқын әрі дымқыл ауа райында,ал калийдің жетіспеуі- ыстық әрі қуаңшылық кездерде айқын білінеді.
Органикалық (әртүрлі малдың қиы,шірінді,фекалий,қорда,қи суы, шымтезек, жуынды, лайқа, сиыр қиы, құс қиы, көк тыңайтқыш) және минералды (азот, фосфор, калий) тыңайтқыштардың, күлдің, сондай-ақ микротыңайтқыштардың, әк тыңайтқыштарының, бактериялық тыңайтқыштардың бір-бірінен айырмасы бар.
Азотты тыңайтқыштар. Азотты тыңайтқыштар төрт түрде шығарылады. Нитратты тыңайтқыштар- NaNO3, Ca(CO3)2 – физиологиялық сілтілі, қышқыл топырақтарда тиімді тұздар. Аммонийлі және аммиакты тыңайтқыштарға
аммоний сульфаты (NH4)2SO4, сұйық сусыз аммиак (82,2% азоты бар),
аммиакты су ( NH4OH –аммиактың 25% судағы ерітіндісі ). Физиологиялық қышқыл болғандықтан бейтарапты және шамалы сілтілі, топырақтарға қолдануға қолайлы. Реакциясы қышқыл топырақтарға ізбестпен бірге қоса
қолданылады. Аммонийлі – нитратты тыңайтқыштар. Негізгі азоттың мөлшері 34%, физиологиялық қышқыл, бірақ аммоний сульфатына қарағанда ШЖН-ОБ-001/09-2005 топырақты қышқылдандыруы нашарлау.
Несеп нәрі (мочевина) CO(NH2)2- құрамында азоттың мөлшері 46%, топырақты аздап сілтілендіретін тыңайтқыш. Азот тыңайтқыштары: аммиакселитрасы (онда азот 33,9%), аммоний сульфаты (20,5%), мочевина немесе карбамид (46%), натрий селитрасы (16%), калций цианамиді (20%), хлорлы аммоний (25%).
Азот тыңайтқыштары көктемде қайта қазған кезде немесе жерді жыртқан кезде және өсімдіктердің вегетация кезінде үстеп қоректендіру ретінде беріледі, өйткені бұлар суда жақсы ериді, сондықтан күні бұрын берілсе су шайып кетеді. Азот тыңайтқыштарын құрғақ қора-жайда сақтайды.
Фосфорлы тыңайтқыштар. Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60 кг Р2О5 игереді. Оның көп мөлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топыраққа белгілі мөлшерде фосфорлы тыңайтқыштар енгізіліп отыруы қажет. Фосфорлы тыңайтқыштың қажеттілігі өсімдіктер азотпен жақсы қамтамасыз етілгенде арта түседі.
Фосфорлы тыңайтқыштар үш түрде шығарылады. Суда еритін жәй суперфосфат – Са(Р2О4)2 және екі еселенген суперфосфат – Са(Р2О4)2 .Н2О, құрамында аздаған бос фосфор қышқылы бар тыңайтқыш. Суперфосфаттар құрамындағы фосфор нашар жылжитындықтан түскен жерде шоғырланып
қалады. Суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда еритін фосфорлы тыңайтқыштарға преципитат, томосшлак т.б. жатады. Олардың құрамындағы фосфор өсімдікке оңай сіңетін күйде болады. Суда ерімейтін әлсіз қышқылдарда нашар еритін фосфорлы тыңайтқыштарға – фосфорит және сүйек ұнтағы да жатады.
Фосфор тыңайтқыштары: ұнтақ тәрізді суперфосфат (онда фосфор 19,5%), түйірлі жай суперфосфат (14%), аммонизацияланған суперфосфат ( фосфор 14%,
азот 2,3%), қос суперфосфат ( фосфор 46%), фосфор ұны (25%), фосфатшлак (14%). Фосфор тыңайтқыштарындағы фосфорды топырақ мықтап жұтып қояды да өсімдікке жетпей қалады. Сондықтан фосфор тыңайтқыштарын ошақ әдісімен жүйекшеге, бороздаға, ұяға себу кезінде тұқыммен бірге, сондай-ақ ШЖН-ОБ-001/09-2005
органикалық –минералдық қоспа және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. Тез ерімейтін тыңайтқыштарды- преципитат және фосфор ұнын – қорда дайындаған кезде пайдаланған жөн.
Калийлі тыңайтқыштар. Өсімдіктердің көпшілігі калийді басқа элементтерге қарағанда хлорлы калий құрамынан оңай сіңіреді. Оны топырақтың барлық түріне және барлық өсімдіктерге қолдануға болады. Хлорға сезімтал өсімдіктер үшін қолайлы тыңайтқыш – калий сульфаты (K2SO4). Калиймагнезия ( K2SO. MgSO4 . 6H2O) құрамында калийі мен магнийі аз құм және құмдас топырақтар үшін тиімді болып есептеледі.
Калийлі тыңайтқыштардың физиологиялық қышқылдығы оларды көп жыл қатарынан қолданғанда байқалады. Өсімдіктер азот пен фосфор жеткілікті болған жағдайда калийдің әсерінен өнімді әжептеуір көп береді.
Калий тыңайтқыштары негізгі тыңайтқыш және үстеп қоректендіру ретінде қолданылады. Хлорлы калийде өсімдікке зиянды хлор көп, сондықтан оны, хлор топырақтан шайылып кету үшін, күзде енгізеді (калий топыраққа сіңеді, аз шайылады). Калий тыңайтқыштары: хлорлы калий (онда калий 57%) араласқан калий тұздары (40%), калий сульфаты (50%), сильвинит (14%), каинит (12%).
Күрделі тыңайтқыштар. Құрамында екі немесе үш элемент бірдей болатын күрделі тыңайтқыштарға аммофос- NH4H2PO4, магнийаммонийфосфат –MgNH4PO4 . H2O, нитрофос және нитрофоскалар жатады. Аммофос (азот 12%, фосфор 50%), нитрофоска (азот 12% фосфор 12%, калий 12%), калий селитрасы (азот14%, фосфор 44%), диаммонийтрофоска (азот 18,5%, фосфор 18,5%, калий 18,5%), диаммофос ( азот 21%, фосфор 53%), калимагнезия (калий 26%,магний5%). Құрама немесе күрделі тыңайтқыштар ондағы азоттың, фос-
фордың, калийдің мөлшеріне қарай қолданылады; жетіспейтін элементтер жай тыңайтқыштарды қосу аркылы толықтырылады.
Микротыңайтқыштар: марганец шламы (марганец 14%), аммоний молибдаты-натрий (молибден 36%), борнодатолит тыңайтқышы (бор 13%), колчедан тұқылы (мыс 0,3%). Топырақта микроэлементтердің жетіспеуі азоттың, фосфордың, калийдің жетіспеуіне қарағанда сирек байқалады. Құмдақ,
ШЖН-ОБ-001/09-2005
шымтезекті және батпақ, сондай-ақ шірінді топырақты жерлерде микроэлементтер өте-мөте аз болады. Мұндай топырақтарға микроэлементттер енгізу өнімді айтарлықтай арттырады.
Әк тыңайтқыштары: ұнтақталған әк тас (онда кальций және магний 85%), сланец күлі (кальций 50-70%), доломит ұны (кальций және агний 95-100%).
Табиғи жағдайларда топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті мөлшерде болғанымен өсімдіктер микроэлементтердің тапшылығынан зардап шегеді. Мыстың жетіспеуі шымтезекті, молибден тапшылығы – қышқыл, бор және молибден тапшылығы - қызғыш, марганец, темір және мырыш тапшылығы- карбонатты құмдауыт топырақтарда жиі байқалады. Сондықтан құрамында әртүрлі микроэлементтер бар микротыңайтқыштарды қолдану негізгі тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады. Осы мақсатта құрамына микроэлементті тұздар енгізілген күрделі тыңайтқыштар және таза микротыңайтқыштар соңғы кездерде көбірек қолданылатын болды.
Органикалық тыңайтқыштар – көң, шымтезек, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар, минералдық тыңайтқыштармен қосылып қолданғанда өсімдіктердің өсіп дамуына, түсіміне өте пайдалы әсер етеді.
Қиды негізгі тыңайтқыш ретінде төгеді, сүрдігер және көктемгі жырту кезінде толық тереңдікке (27-30см) сіңіреді. Калий мен фосфор тыңайтқыштарын көкөніс дақылдарына мына арақатынаста енгізеді: негізгі тыңайтқыш-60%, жергілікті-15%, және үстеп қоректендірумен бірге -25%.
Азот минералды тыңайтқыштарды суарылатын жағдайда ошақ әдісімен, вегетация кезеңінде үстеп қоектендірумен бірге (85) енгізеді. Өсімдікке қажетті қоректік заттардың бәрі қида бар- бұл толық тыңайтқыш. Бірақ мұнда қоректік
заттардың негізгі тобы органикалық қосынды күйінде, кездеседі, олар өсімдікке тек қидың іріп-шіру кезінде ғана жетеді. Қи іріп-шірігенде көп мөлшерде көмір
қышқылы бөлінеді, осының арқасында өсімдіктердің ауадан қоректену жағдайы жақсарады.
Бактериялық тыңайтқыштарда өсімдіктердің қоректенуін жақсартатын топырақтық пайдалы микроэлементтер бар. Бактериялық тыңайтқыштарға
ШЖН-ОБ-001/09-2005
мыналар: азотобактер микробы бар топырақты азотпен байытатын азотбактерин ( азотоген); өсімдікті фосформен қоректендіруді жақсартатын бактериясы бар фосфобактерин; бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнектік бактериясы бар нитрагин жатады. Азотобактеринді барлық көкөніс өсімдіктеріне және картопқа тұқым, түйнек немесе көшет арқылы енгізеді. Енгізу нормасы – га/ 5-6 кг. Фосфобактеринді де азотобактерин енгізілген дақылдардың бәріне енгізеді: нормасы – га/0,3-0,5 кг. Нитрагинді бұршаққа, баданаға тұқым арқылы енгізеді. Нормасы – га/0,5-1 кг.
Өсімдіктерді әрбір тіршілік кезеңінде қорекпен үнемі қамтамасыз етіп тұру үшін, тыңайтқышты бірнеше мезгілде: а) жерді жыртар кезде ( негізгі тыңайтқыш); б) топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезінде – ұяларға және қатарларға; в) үстеме қоректерге қосып, өсімдіктердің өсу кезінде енгізеді.
Топырақтың биологиялық қасиеттерін қалыпты сақтау мақсатында бактериялық тыңайтқыштар да қолданылады:
1. Топырақтағы органикалық фосфорлы қосындыларды ыдырататын бактериялар препараты- фосфобактерин.
2. Азотобактер – азотоген, немесе азотобактерин топырақты азот игеруші бактериялармен байытады.
3. Нитрагин – түйнек бактерияларының препараты минералдық азоттың бұршақ тұқымдастар арқылы игерілуін жақсартады.
4. Силикатты бактериялар препараты. Өсімдіктердің калиймен қоректенуі жақсартады.
Топырақтағы минералды элементтердің мөлшері топырақтың түрлеріне қарай әртүрлі болады.
2. Негізгі минералды тыңайтқыштар
Негізгі минералды тыңайтқыштар азотты, фосфорлы және калийлі болып үш топқа бөлінеді. Азот тыңайтқышы өсімдіктердің күл құрамына кірмейді, дегенмен ол өсімдіктердің өсуі мен дамуына үлкен әсер етеді. Ол топырақта жеткілікті мөлшерде кездеспейді. Сондықтан өсімдіктер оған өте мұқтаж............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!