География | Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары
Мазмұны
Кіріспе 2
І – тарау Мұхит түбі рельефі және геологиялық құрылымы
1.1 Су асты беткейлері 4
1.2 Өтпелі зона 9
1.3 Мұхиттың орталық жоталары және мұхит табаны 11
ІІ – тарау Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары
2.1 Тынық мұхитының климаттық жағдайы 16
2.2 Жер бетінің су айналымы 19
2.3 Мұхиттың тұздылығы, тығыздығы ,мұздану процестері 23
2.4 Тынық мұхитының су массалары 24
ІІІ – тарау Тынық мұхитының табиғи ресурстары мен оны тиімді пайдалану.
3.1 Тынық мұхитының биологиялық ресурстары. 25
3.2 Тынық мұхиттың ластануы. 26
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе.
Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын анықтайды.
Теңіздерімен қоса жалпы ауданы 179679 мың км², орташа тереңдігі 3984 м, суының көлемі 723699 мың км³. Ең терең жері Мариана науасы - 11022 м. Жер бетінің үштен бірі немесе Дүниежүзілік мұхит ауданының жартысы Тынық мұхиттың үлесіне тиеді.
Жағаның абразиялық және фьордтық типі басымырақ кездеседі. Мұхиттың Чилоэ аралынан ( Оңтүстік Америка ) Пьюджет – Саунд ( Солтүстік Америка ) шығанағына дейінгі шығыс бөлігінің жағалауы абразиялық типке, оңтүстігі ( горн мүйісіне дейін ) және солтүстігі ( Алеут аралдарына дейін ) фьордтік типке жатады және батыс бөлігіндегі тропиктік белдеуде, Австралия – Азия теңіздерінен Тасман теңізңне дейінгі аралықта маржанды жаға дамыған. Аралдарының жалпы ауданы 3,6 млн.км². Аралдарының басым көпшілігі орталық, шығыс және батыс бөлігінде орналасқан. Орталық және оңтүстік батыс жағындағы аралдары Мұхит аралдары деп аталады. Геологиялық құрылысы жөнінен Тынық мұхиты аралдары материктік және мұхиттық болып бөлінеді. Материктік аралдардың геосинклиналдық және платформалық түрлері болады. Геосинклиналдық аралдарға Алеут, Куриль, Сахалин, Жапон, Рюкю, тайвань, Филиппин, Калимантанның шығыс бөлігі, Молукка, Зонд, Мариана, Жаңа Гвинеяның солтүстік бөлігі, Адмиралтейство, Соломон, Жаңа Каледония, Фиджи, Тонга, Жаңа зеландия т.б аралдар, платформалық аралдарға Прибылов, Әулие Лаврентий, Цусима, Хайнань, Тасман т.б. жатады.
Суасты беткейлері.
Мұхит түбі ауданының 10% жуығын алып жатқан материктік қайраңдарға жалпы материктік қайраңдардың геологиялық құрылымдары мен бедер пішіндері тән. Материктік қайраңда, егер ол үлкен ауданды қамтыса, субаэральді реликтілі рельефті трансгрессиялы жазықтар байқалады ( мысалы, Ява қайраңындағы және Беринг теңізінің қайраңындағы суасты өзен аңғарлары ). Корея қайраңында және Шығыс Қытай теңіздерінде толысу ағындарының әрекетінен қалыптасқан қырқалы бедер пішіндері таралған. Экваторлық тропиктік аудандардағы қайраңды маржанды құрылымдар кеңінен таралған. Антарктикалық қайраңның өзіне тән белгілері бар. Оның үлкен бөлігі 200 м тереңдікте жатыр беткі бөлігінде тектоникалық көтерілімдермен қатар грабеньдер байқалады. Тынық мұхиттағы материктік беткейлер суасты каньондармен қатты тілімденген. Солтүстік Американың материктік беткейіндегі суасты каньондарының үлкен бөлігі көбірек зерттелген. Австралия мен Жаңа Зеландияның жағалауында материктік беткей өте айқын байқалады, мұнда да беткей суасты каньондармен тілімденген. Беринг теңізінің материктік беткейінде де ірі суасты каньондары бар. Калифорния штатының батысындағы материктік беткейдің құрылымы ерекше. Бұл морфоқұрылымның ерекше типі: суасты көтерілулері ( горст) мен олардың арасындағы ойыстар – грабендермен сипатталады.
Шұңғымалар түбін қалыңдығы 1000 метрдей шөгінді қабаттар құрайды; қызыл саздан, фораминифера және радиолярия қалдықтары аралас құмды лайдан түзілген. Мұхит шарасында темірлі – марганецті конкреция кеңірек таралған.
Жер қыртысының құрылысына, рельеф ерекшеліктеріне, магматизмі мен шөгінді жиналу сипатына қарай Тынық мұхиты үшке ( материкиер платформасы, мұхит шарасының платформасы және бұлардың аралығындағы неоген – төрттік геосинклинальдарының өипелі зонасы ) бөлінеді. Эпимезозойлық және одан да көнерек материктер платформасы құрылымындағы шөгінді жабын тым қалың келеді. Қыртысының жалпы қалыңдығы 30 км – ге жетеді. Мұхит шарасының платформасы жұқа шөгінді қабатымен жабылған. Қыртысының жалпы қалыңдығы 6 – 10 км. Неоген төрттік геосинклинальдарының өтпелі зонасындағы қыртыстың жалпы қалыңдығы 80 км – ге дейін. Су асты тау шыңдарынан табылған бор дәуірінің маржан қалдықтары бор дәуірінде қазіргі Тынық мұхитының орнында терең сулы мұхиттың болғандығын дәлелдейді. Шөгінді қабаттың қалыптасу қарқындылығына қарай Тынық мұхиты төменгі палеозой немесе протерезойда пайда болды деп қорытындылануда.
Антарктиданың материктік беткейі өзінің үлкен енімен, рельефінің алуан түрлілігімен және суасты каньондарымен тілімденгендігімен ерекшеленеді.
Материктік таған солтүстік Американың суасты маңында айқын көрінеді.
Жаңа Зеландияның су астындағы бөлігі өзіндік материктік құрылымымен ерекшеленеді. Оның ауданы Жаңа Зеландия аралдарының ауданынан 10 есе үлкен. Бұл екі жазық шыңды төбе ( Кэмпбелл және Чатам ) мен олардың арасындағы ойыстардан ( Баунти ) тұратын Жаңа Зеландия су асты үстірті.
Ол барлық жағынан материктік беткеймен қоршалған. Бұл морфоқұрылымға кейінгі мезозойлық Норт – Хау су асты жотасын жатқызуға болады.
Тынық мұхитының түбінің рельефі мұхит шарасы және бұны қоршап жатқан су асты материк жиектерінен қалыптасады. Су асты материк жиегін материктік қайраң ( шельф ) және материктік беткейге ұқсас өтпелі зонаны құрайды. Тынық мұхитының ауданының 10% – ке жуығы, су асты материк жиегінің
90% – тен астамы мұхит шарасына үлесіне тиеді. Батыс жиегімен
( Аляска түбегінен Антарктидаға дейін ) созылып жатқан аралдар доғасы ашық мұхиттан шеткі теңіздер ( Беринг, Охота, Жапон, Шығыс Қытай, Оңтүстік Қытай, Сулу, Сулавеси т.б.) шұңғымаларын бөліп тұрады. Мұхиттың орталық жағында Солтүстік Батыс ( 6671 м ), Солтүстік Шығыс ( 7168 м ), Орталық ( 6555 м ) шұңғымалар жайласқан. Мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі шұңғымалар тереңдігі 3000–4000 м – лік вулкан аралық көтерілімдермен ( Оңтүстік Тынық мұхиттық, Шығыс Тынық мұхиттық, Чили, Альбатрос ) бөлінген. Батыс бөлігі түбінің рельефі күшті тілімденген. Мұндағы шұңғымалар биік жоталармен алмасып отырады. Мұхиттың солтүстік шығыс бөлігі мен ендік бағытта мұхит түбімен жарылыс сызығы ( Мендосино Пайониль, Клиппертон т.б.) өтеді. Терең сулы науалары негізінен ( Алеут 7822 м, Куриль – Камчатка 9717 м, Жапон 8412м, Мариана 11022 м, Филиппин 10265 м, Тонга 10882 м ) аралдар доғасының мұхиттық жағында және материктік беткейде орналасқан.
Өтпелі зона.
Тынық мұхиттың батысын бойлай тұтас белдеу болып өтпелі облыстар орналасқан:Алеут, Курил – Камчатка, Жапон, Шығыс Қытай, Индонезия – Филиппин, Бенин – Мариан, Меланезия, Витязь, Тонга – Кармадек, Маккуори. Бұл жерде ең терең шұңғыма – Мариан шұңғымасы орналасқан ( тереңдігі 11022м ). Мұхиттың шығысында
екі өтпелі зона орналасқан: Орталық Америка және Перуан – Чили. Бұлардың ерекшелігі олар тек терең шұңғымалармен сипатталады, мұнда шеткі теңіздер жоқ, ал аралдық доғалардың орнына шұңғымаларды бойлай Орталық және Оңтүстік Америкалық жас қатпарлы таулары орналасқан.
Тынық мұхиттың өтпелі зоналары дамудың әртүрлі кезеңінде және олардың құрылым дәрежелері де әр қилы. Бұл айырмашылықтар 1– ші кестеде көрсетілген. Кестеге өтпелі зонаның Жерортатеңіздік типі де енгізілген. Кестедегі мәліметтерден барлық өтпелі зоналарға магматизм тән екенін байқауға болады. Олардың барлығы сейсмикалы және бірігіп жағалық Тынық мұхиттық жер сілкіну мен жанартау белдеуін құрайды. Дамудың бір сатыдан келесі сатысына өтумен материктік жер қыртысының өтпелі облыс түзуіндегі маңызы артады.
Өтпелі облыстардың салыстырмалы сипаттамасы.
Өтпелі облыс типтері Қазаншұңқырдың сипаттамасы Арал доғаларының сипатамасы Терең шұңғымалардың сипаттамасы Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы Вулкан Сейсмикалығы
1. Витязь ─ ─ Науа мұхиттық қыртыста орналасқан. Тереңдігі орташа (6−6, 5 км) Жоқ Жас базальт
тық Жоғары
2.Мариан Өте терең, мұхиттың жер қыртысы, шөгіндісі
нің қалыңдығы 1км −ге дейін Базальтты қыртыстың көтерілуі басым, ұсақ вулкандық аралдар Максималды тереңдігі ( 9, 5− 11 км) Жоқ Жас базальттық Жоғары
3.Курил Терең субмұхиттық қыртыс, шөгінді қабатының қалыңдығы 1 − 3км Субконтиненттік қыртыс,вул
кандық аралдар, салыстырмалы түрде ірі Тереңдігі (8−9, 5 км ) Байқалады Максималды интенсивті, жас,ан
дезитті −базальтты Өте жоғары
4.Жапон Терең субмұхиттық қыртыс, шөгінді қабатының қалыңдығы 3 − 5 км Материктік жер қыртысы Тереңдігі (6 − 8 км) шөгінді қабаттарының қалыңдығы брнеше км Біршама Интенсивті, жас, андезитті дацито липарит
ті Өте жоғары
5.Жерорта теңіздік Терең субмұхит
тық қыртыс, шөгінді қабаты 5 − 15 км Материктік жер қыртысы таулы массивтер Қалдық, таяз
(5 − 6 км) Жер қыртысының материктік типі басым Қалдық, андезитті, дацито липаритті Жоғары
Мұхит орталық жоталары және мұхит табаны.
Мұхит орталық жоталары Тынық мұхиты түбінің алып жатыр және олардың өзіне тән түзілу ерекшеліктері бар. Оңтүстік Тынық мұхиттың және Шығыс Тынық мұхиттың жоталары енді, салыстырмалы түрде аз тілімденген көтерілімдер болып табылады. Көлденең жарықтар зонасымен терең тілімденудің ірі формалары ─ енсіз көлденең депрессиялары немесе мұхиттың трогтар байланысты. Мұхит орталық жоталардың фиангалық өте кең, рифтік зона тек жекелеген учаскілерде таралған. Тынық мұхитындағы мұхит орталық жоталардың айрықша белгісі – негізгі жүйеден
жан - жағына Ушей көтерілімінің жән Галапагосс рифті зонасының таралуы. Мұхиторталық жоталар жүйесіне сонымен қатар Горда, Хуан- Дя - Фука және Элспифер суасты жоталары кіреді.
Тынық мұхитының мұхиторталық жоталары сейсмикалық белдеу құрайды, бірақ өтпелі зоналарға қарғанда мұнда жер сілкінулер тек беткі қабаттарда болады.
Белсенді вулкандық әрекет негізінен рифті зонада байқалады. Онда лава, металл тасығыш шөгінділер табылған.
Оңтүстік Тынық мұхиттық және Шығыс Тынық мұхиттық көтерілімдер мұхит табанын құрылымы әр түрлі ені бөлікке бөледі.Шығыс бөлігінің құрылымы аса күрделі емес. Мұхит орталық жоталар жүйесінің тармақтары – Чили және Галапагосс осы бөлікте орналасқан. Чили көтерілімінен басқа мұнда Наска, Сана - и –
Гомес , Карнеги және Кокос жоталары бар . Бұл суасты жоталары мұхит табанының оңтүстік – шығысын Гватемалл, Панама, Перуан
және Чили қазашұңқырларына бөледі. Олардың барлығы қатты тілімденген бедерімен сипатталады.
Галапагосс аралының аймағында рифті зона қалыптасқан.
Мұхит табанының Шығыс – Тынық мұхиттың көтерілімнен батысқа қарай орналасқан қалған бөлігі құрылымы жағынан өте күрделі және мұхит табаны ауданының 4/5 бөлігін алып жатыр. Ондаған суасты жоталары мұхит табанын көптеген қазаншұңқырларға бөліп тұр. Мұхит табанының батыс және орталық бөлігінің
ірі жоталары ортақ бір заңдылықпен орналасқан: олар батыстан басталып, оңтүстік -шығыста аяқталатын доға тәрізді жоталар жүйесін құрайды. Осындай доғаның біріншісі Гавай жатады. Шамамен оған параллель екіншісі доға созылып жатыр.Ол Картографтар тауларынан басталып, Маркус - Неккер тауы, Лайн аралдарының суасты жотасы арқылы Туамоту аралдарының суасты негізінен аяқталатын ең ірі доға . Келесі доға Маршалл ,Кирсебати,Тувану аралдарының суасты негіздерінен құралған.
Самоа аралдары да осы доғамен байланысты болуы мүмкін. Төртінші доға басқаларға қарағанда қысқа. Оған Каромин
аралдары ,Капингамаранги суасты төбешігі жатады. Бесінші доға Оңтүстік Карамен аралдарынан құралған. Кейбір жоталар мен қыраттар өздерінің орналасуымен бірден ерекшеленеді. Олар Императорский немесе Солтүстік - Батыс жотасы Шатский, Магеллан, Хесс, Манихини қыраттары. Соңғылары тегістелген шыңдармен ерекшеленеді.
Гавай және Самоа аралдарында сөнбеген вулкандар бар. Олар вулкандық заттарының құрамы жағынан өтпелі зоналардың вулкандарынан ерекшеленеді.
Тынық мұхиттың түбінде көптеген вулкандар кездеседі. Олардың көбісінің шыңдары жалпақ келеді. Олар гайот деп аталады.
Кейбір гайоттардың шыңдары 2−2,5 мың метр тереңдікте болады. Болжам бойынша гайоттардың шыңы бұрын су бетіне әлдеқайда жақын болған, тіпті аралдар да болған. Кейін денудациялық не абразиялық әрекеттерден тегістеліп, су астына кеткен...............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?