Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу
Мазмұны
Кіріспе ---------------------------------------------------------3
І. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың экономикалық мәні -----------------5
1.1.ҚР салық жүйесіндегі салықтың экономикалық мәні --------------------5
1.2.ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлердің ерекшеліктері ------------------6
ІІ. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары ------------------------------11
2.1.Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу субъектілері мен объектілері--------------------11
2.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерге салық ставкасы және есептеу әдістері -----------------------------13
ІІІ. ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлерді, жерлерге салық салудағы мәселелер және оны шешу жолдары -----------18
3.1.ҚР тұрғын үй құрылысын жетілдірудегі мәселелер --------------------18
3.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудағы мәселелерді шешу жолдары -------------------22
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ------------------------------------------------30
КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлеріне;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру, рекреациялау және тарихи-мәдени максатындағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге салық салынады.
Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді мекендердің жерлері мына:
1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;
2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.
Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер (запастағы жерлерді коспағанда) тұрақты пайдалануға немесе етеусіз уақытша пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салудан босатылады. Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз бастапқы уақытша пайдалануға берілген жағдайда оларға Салық кодексінің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынады.
І. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың экономикалық мәні
1.1.ҚР салық жүйесіндегі салықтың экономикалық мәні
Жер салығы меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар мен жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган тарапынан әр жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жағдай бойынша берілген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептелінеді.
Жер салығы бойынша салық салу объектісіне жер учаскесі (жер учаскесіне қатысты ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) жатады.
Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып саналады.
Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі ретінде көрініс табады.
Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып есептеледі.
Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын айқындауға қажетті салық базасы ретінде жер учаскесінің алаңы көрініс табады.
Жеке меншік құкығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, сондай-ақ өтеусіз бастапқы уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері (кейбір жағдайларда жер үлесі) бар жеке және заңды тұлғалар, сонымен катар жеке меншік кұқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында және өтеусіз уақытша бастапқы жер пайдалану құқығында салық салынатын объектілері бар осы заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады.
Тұрақты жер пайдалануға және өтеусіз уақытша бастапқы жер пайдалануға деген меншік құқығын куәландыратын мемлекеттік акт немесе жер учаскелерін уақытша пайдалану жөніндегі шарт болмаған жағдайда, жерді пайдаланушының белгілі бір учаскені нақты иеленуі және пайдалануы оны осы учаскеге қатысты жер салығын төлеуші ретінде тануға негіз болып табылады.
Жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып саналады.
1.2.ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлердің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мынадай жер учаскелері:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы аландар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар, су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және ортақ пайдаланылатын өзге де инженерлік жүйелер алып жатқан және соларға арналған жерлер;
2) ортақ пайдалануға бөлінген белдеудегі мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер алаптары, көліктер жан-жаққа жүріп өтетін жол тарамдары, жол айырықтары, жасанды құрылыстар, трассалар бойындағы жол резервтері мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің (қызметкерлерінін) қызмет бабындағы және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен безендіру жасыл желектері орналасқан жерлер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер алып жатқан жерлер;
4) Салық кодексінің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иеленген және пайдаланылатын жер учаскелері Салық кодексінің 326-бабына (оның тармақтары мен тармақшаларына) сәйкес салық салынатын объектілер қатарынан шығарылып тасталған.
Салық кодексінің 324-бабының әмірлі талаптарына сәйкес мынадай заңды және жеке тұлғалар:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық режимінің екінші моделі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық жазаларды атқару аясындағы уәкілетті органның түзеу мекемелерінін мемлекеттік кәсіпорындары;
5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері мен тұрғын үй маңындағы жер учаскелері; жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; гаражға арналған жер учаскелері бойынша — Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері мен тұрғын үй маңындағы жер учаскелері бойынша — «Алтын алқа» алқасымен наградталған, «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылған. Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне және сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады, сондай-ақ оны белгілеу кезінде жер иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың шаруашылық және өзге қызметінің нәтижелері (яғни жерлерден алатын табыстары мен түсімдері) есепке алынбайды.
Жекеше (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге алаңын 0,50 гектарға дейін коса алғанда -0,01 гектары үшін 20 теңге; ал алаңы 0,50 гектардан асатын болса — 0,01 гектары үшін 100 теңге мөлшерінде базалық салық ставкасы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектің 2-сіндегі (№890) Қаулысына сәйкес жеке меншікке берілетін жер учаскелері төлемақысынын мынадай базалық ставкасы шаршы метрге:
Астана — 1180теңге;
Алматы — 717 теңге;
Актау — 145 теңге;
Актөбе — 137 теңге;
Атырау — 123 теңге;
Қарағанды — 190 теңге;
Көкшетау — 114 теңге;
Қостанай — 123 теңге;
Қызылорда - 111 теңге;
Павлодар — 114 теңге;
Петропавловск - 114теңге;
Талдықорған — 137 теңге;
Тараз - 181 теңге;
Орал — 114 теңге;
Өскемен — 145 теңге;
Шымкент - 181 теңге
мөлшерінде белгіленген.
Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеліп шығарылады.
Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы — қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық...............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?