Медицина | Туберкулез ауруы

 Медицина | Туберкулез ауруы

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................... 7
Туберкулез ауруының індеттануы және балау........................................ 8
Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы....................................... 11
Туберкулез.................................................................................................. 18
Індеттік ерекшеліктері............................................................................... 20
Өтуі және симптомдары............................................................................ 22
Өзіндік жұмыс........................................................................................... 32
Қорытынды................................................................................................ 33
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................... 34

Кіріспе
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын /ол шартты түрде «инфектология» деп аталады/ теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.
Туберкулез ауруының індеттануы және балау
Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет – жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану – білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері – арасында, zoon - жануар) және logos – ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері – арасында, demos - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын /ол шартты түрде «инфектология» деп аталады/ теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.
Жұқпалы аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты /жұқпайтын, хирургиялық, гинекологиялық, паразиттік, т.б./ дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді.
Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден – ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой - өрісі жетіліп, өнер – білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде – ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы /мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б./ бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын /микробиология, иммунология т.б./ тудыруға түрткі болады.
Ертедегі Грекия мен Рим ойшылдары /Гиппократ, б.д.д. 460 – 377 ж. Тит Лукреций, б.д.д. 96 – 55 ж.; Вергилий б.д.д. 70 – 19 ж. Д. Фракасторо, 1478 – 1553 ж./ адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын дөп басып, оларды қоздыратын бір адамнан екінші адамға, немесе малдан малға берілетін қандай да бір себепкердің болатындығын тұжырымдады.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай халықтарда ерте заманнан – ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал етіп, оны «вакциналау» деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды /vacca – латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршақтар пайдаланылды/.
Жұқпалы аурулармен күрестің ғылыми негізі микробиология мен иммунологияның жетістіктерінен туындады. Атап айтқанда француз ғалымы Луи Пастер /1822 - 1895/, неміс ғалымы Роберт Кох /1843 - 1910/ ауру қоздыратын микробтарды ашып, олардан вакциналар даярлауы осы заманғы жұқпалы аурулар туралы барлық ғылымдардың іргетасын қалады. Бұл саладағы ғылымдарды дамытуға фагоцитарлық теорияның авторы рессейлік ғалым И.И. Мечников /1845 - 1916/, иммунитеттің гуморальдық теориясын жасаған неміс ғалымы П. Эрлих /1854 - 1915/, вирустарды ашқан орыс ғалымы Д.И. Ивановский /1864 - 1920/ үлкен әсер етті. Ал енді осы ғылымдардың аясынан індеттанудың (эпизоотологияның) жеке ілім болып қалыптасуына 1905 ж. Будапешт қаласында шыққан, одан бері 11 рет қайта басылған Ф. Гутира мен И. Марек жазған «Үй жануарларының арнайы патологиясы мен терапиясы» деген үш томдық еңбек айтарлықтай үлес қосты.
Малдың жұқпалы аурулары Ресейдің Петербург қаласындағы дәрігерлік – хирургиялық академиясында оқытыла бастауына байланысты осы оқу орнының профессоры П.И. Лукин /1790 - 1836/ 1836 жылы «Эпизоотологические болезни или скотские падежи» /Індет аурулары немесе малдың қырылуы/, белгілі зпизоотолог, профессор И.В. Всеволодов /1790 - 1863/ 1846 ж. «Жануарлардың жаппай өлім – жітімі және жұқпалы ауруларын зерттеу тәжірибесі» деген кітап жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы жетістіктерін қорытындылады.
Кеңес Одағында індеттану пәнін оқыту, оқулықтар жазу жолында академик С.Н. Вышелесский /1874 - 1958/, профессор М.С. Ганушкин /1863 - 1969/ елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде және індеттану ғылымын дамыту саласында бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары айтарлықтай табыстарға жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микробтар қоздыратын ауруларды жан – жақты зерттеген академик Я.Р. Коваленко /1906 - 1978/, жылқының делбе, төлдің колибактериоз ауруларын зерттеген профессор Я.Е. Коляков, вирус аурулары бойынша академик Н.В. Сюрин, микоздар бойынша академик Н.К. Саркисов, листериозды зерттеуде академик И.А. Бакулов бар.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол тәжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан қалыптасқан сиырда аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады. Сондай – ақ сол заманғы шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, көші – қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені көреміз.
Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Бұлар жұқпалы ауруларды балау, емдеу, дауалау әдістерін қарастырады. Індеттану клиникалық диагностика, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, терапия, паразитология, акушерлік сияқты ветеринарияның салаларымен тығыз байланыста бірге дамып келеді. Бұл ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан – жақты пайдаланылады. Ветеринария практикасында да кез – келген жұқпалы ауруларды жұқпайтын, паразиттік, гинекологиялық аурулардан, уланудан, дұрыс азықтандырылмаудан болатын дерттерден ажырата білу керек. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан – жақты ескерген жөн. Мысалы бруцеллез кең тараған шаруашылықтарды сауықтыру үшін ең тиімді шара – табындағы малды түгелдей сау малмен алмастыру, яғни мәселенің шешімі малды өсіруге келіп тіреледі. Індеттану ғылымы дәл осылайша экономикалық мәселелермен, ауыл шаруашылығын ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы кезде індеттанулық талдау жұмыстарында есептеу техникасы, моделдеу және болжау әдістері кеңінен қолданыла бастады. Жалпы бұл ғылым үшін статистиканың берері мол, ал ветеринариялық статистикасыз індеттанулық талдау жүргізілмейді де.
Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты індеттің адамдар мен жануарлардың арасында таралуын бірге қарастыруға тура келеді. Малдан адамға, керісінше, адамнан малға жұғатын аурулар біршама. Бұдан келіп медициналық індеттану /эпидемиология/ мен ветеринариялық індеттанудың /эпизоотология/ тікелей байланыстылығы туындайды.
Індеттанудың зерттеу әдістері. Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи – географиялық, әлеуметтік – экономикалық /шаруашылық/ жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу. Оның мақсаттары:
1. Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты індеттік ахуалды зерттеу.
2. Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын айқындау.
3. Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен заңдылықтарын анықтау.
4. Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін бағалау.
Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады:
а) шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау; ә) салыстырмалы тарихи сипаттау; б) салыстырмалы географиялық сипаттау; в) індеттанулық эксперимент; г) математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау – індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы аура байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміз /нозологиялық балау/ қай ауру екенін анықтау болса /мысалы, аусыл, немесе топалаң/, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық – анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын – соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдайға әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?