Психология | Тіл мүкістігі бар балалар

 Психология | Тіл  мүкістігі бар балалар

Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................4-5
І-Тарау Тіл мүкістігінің түрлері және оларды топтастыру.....................6
1.1.Тіл мүкістігінің түрлері және оларды топтастыру.................................6-7
1.2.Сөйлеу тілінің кемістіктері және оның себептері. Тіл кемістігін топтастыру..............................................8-11
II Тарау. Тіл мүкістігі бар балаларға психологиялық жалпы сипаттама........................................12
2.1.Тіл мүкістігінің негізгі себептері...........................................................12-13
2.2.Тіл мүкістігі бар балаларға көрсетілетін логопедиялық көмек түрлері...........................................14-22
2.3. Тіл мүкістігі бар балаларға психологиялық сипаттама......................23-25
Қорытынды.....................................................................................................26-27
Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................28-29

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.
Логопедияның міндеті – тіл кемістігі бар балаларды психологиялық дамуына теріс ықпал ететін факторларды анықтау болып келеді. Соның ішінде адам өмірінде кездесетін психикалық ерекшеліктердің бір түрі – сөйлеуге мән берілуде. Ал бірақ тіл кемістігінде ауытқуы бар балалар туралы мәләметтер аз кездесуде. Менің курстық жұмысты осындай тақырыпта таңдау себебім де осыған байланысты туындап отыр.
Курсық жұмыстың мақсаты:
Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын әдістемелерді іріктеп талдау, оларды қазақ тобына бейімдеп аудару.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы:
Тіл мүкістері бар балаларға көрсетілетін логопедиялық көмек түрлерін анықтау.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі:
Тіл мүкістері бар балаларға объективті және субъективті әдістері арасындағы шартты және шартсыз рефлекторлық әдістер ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні:
Тіл мүкістерінің негізгі себептері, тіл кемістіктерін топтастыру және сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы:
Л.С.Выготскийдің мәдени – тарихи тұжырымдамасы, Р.Е.Левинаның жалпы дамуының теориясы болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі;
1) Р.Е.Левина.
2) Л.С.Выготский
Курстық жұмыстың құрылымы;Кіріспе,екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың көлемі -26 бет.
I.Тарау.Тіл мүкістігінің түрлері және оларды топтастыру
1.1.Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсатымен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Тіл әр түрлі материалдық субстанцияларда қызмет етеді; дыбыстық, графикалық, қозғалыстық.Тілмен кез-келген материалдық обьект сияқты жұмыс жүргізуге болады.Тіл арқылы біз белгілі-бір деңгейде тани аламыз.Бірақ тілмен байланысты емес,тілдің көмегімен сыртқы өмірден,ішкі өмірге ,психикаға ауысуға болады.
Тілді меңгерумен бірге тілдік-логикалық ойлау,ұғымдар мен логикалық операциялар дамыды.Оның көмегімен индивидтің ой мазмұны қоршаған ортадағыларға жетеді.
Тіл туа біткен қабілет емес,онтогенез процесіне баланың функцио- налдық және ақыл-ойының дамуымен қоса жүреді.Шартты рефлекс арқылы қалыптасады.
«Тіл» дегеніміз-азаматтық қоғамдық тарихи тәжірбиесінің қорытын- дысы ретінде адамдарға берілетін құрал,яғни қарым-қатынас құралы.
Сөйлеу тілінің құрамының негізгі бөліктері дыбыстар,сөздік және граматикалық құрлысы болады.Ауызша сөйлеу тілінің диалогтық және монологтық түрі болады.Диалогтық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамның тікелеу қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеудің ең қарапайым түрі.Ал монолоялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі негізінде графикалық бейнеленуі.Сөйлеу тілі бұзылған балаларда міндетті түрде жазуы бұзылады.
Тілді меңгеру үшін фонематикаылқ есту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемасын сөйлеуде дағдылануы,сөздік қорын және синтаксистің дұрыстығын меңгеру,сөзлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың сөйлеу тілінің дамуы заттық іс-әрекеттен алынып,жинақтал-
ған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болып табылады.Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана,сол сөзді игеру жемісті болады.Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарам-қатынас қажеттілігінің ары қарай дамуына байланысты жүзеге асады.Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда,яғни оны үлкендер түсінікті сөйлеп өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады.Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса,онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал(сензитивті) кезең болып табылады,нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді.Егер бала қайсібір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айрылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілінің дамуымен қарқынды шұғылдану керек.
Сөйлеуді баланың тікелей тәжірбиесінің өрісі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.Ерте сәбилік балалық шақ-баланың белсенді сөйлеуінің қалыпатсу кезеңі.
Бір жарым жасқа дейін бала 30-40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады.Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады.Сәби бастамашыл болады.Ол заттарды атап отыруды үздіксіз талап етіп отырады.Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300-ге деін,ал үш жастың соңында 1500-ға дейін сөздер қолданады.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай дыбыстарды-дауысты және ерінді,ерінді-тісаралық дауыссыз п,б,м,ф,т,б дыбыстарын меңгереді.
Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды, соны-мен бірге р-л дыбыстарын айту өте қиынға түседі.
Тілді дамыту ана тіліінң дыбыстық жағы мен граматикалық жағын игеруді көздейді.егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-
Мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын
Фонетикалық қабылдау қалыптасады.Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Граматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады.Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін-түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі.Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.Тілдің граматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады.Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін граматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды.Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синаксистік құрылымын,граматикаылқ формаларын және дыбыстарды игере отырып,орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикасының дамуының негізі болады.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты.Сондықтанда біз баланың тілін дамытумен бірге бізде оның ойын дамытамыз.Адамның
ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және сол арқылы қолданылады.Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл-ойдың дамуын
кешулендіреді.
1.2.Сөйлеу тілінің кемістіктері және оның себептері.
Тіл кемістігін топтастыру.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі – жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сонда, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, керісінше бір себептің салдарынан тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін. Мысалы, дыбыс шығару кемшілігі шеттегі сөйлеу мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен, немесе есту қабілетінің бұзылуынан, жоғарғы дәрежедегі акустикалық талдау мен жинақтау функцияларының жетілмеунен т.б. себаптердің әсеріне болуы мүмкін.
Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі.
Сонымен сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей сипатталады:
1.Сөйлеу тілі өз бетінше пайда болып, ол жоғалмайды, қайта бекиді;
2.Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
3.Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;
4.Баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсерін жиі тигізеді;
5.Тіл білмейтіндік – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды;
6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.
Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.
Сөйлеу тілі құрамының әртүрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылыының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым – қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлде айта алмауы мүмкін. Жеңіл тіл кемістіктері бар адамдар актер, диктор, мұғалім, т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеуіне бөгет келтіреді. Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуінің нәтижесінде болады.
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1.Әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістігі төрт апталық және төрт айлық аралығында дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі токсикоз,вирусты және эндркринді аурулар,қанның резус факторының сәйкес келмеуі, т.б.
2.Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі)
3.Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4.Тұқымқуалаушылық факторлары;
5.Әлеуметтік жағдайлардың қолайсыздығы;
6.Бас сүйегінің жарақаттануы.
Жоғарыда атап көрсетілген себептер өзгешеліктеріне қарай табиғи және функционалды болып екі түрге бөлінеді.
1.табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
2.функционалды тіл кемістіктері
Көп жылдар бойы логопедияда тіл кемістіктерін клиникалық негізде топтастыру кең орын алып келеді./М.Е.Хватцев, Ф.А.Рау, О.В.Правдина, С.С.Ляпидевский, Б.М.Гриншнин т.б./. Клиникалық топтастыру тіл кемістіктерінің себептері мен белгілерінің негізінде жасалған.
Тіл кемістіктерін топтастыру және бір ғана жүйеге келтіру өте күрделі,себебі тіл кемістіктерінің себептері түрлі болып келеді немесе бір себептен болатын тіл кемістігінің көрінісі әр түрлі болады.
Сөйлеу тілі кемістіктерін екі бөлімге топтастырамыз;
1.Клиникалық-педагогикалық топтастыру.
2.Психологиялық-педагогикалық топтастыру.
Клиникалық-педагогикалық топтастыру - бұл классификация бойынша сөйлеудің түріне байланысты ауызша және жазбаша тіл кемістіктері болып екіге бөлінеді.
1.Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы;
а) тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы;
б)Сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі.
Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кедесуі мүмкін. Соған байланысты олар логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді.
Сөйлеу тілінің дыбыс айтудың бұзылуы;
Дислалия-есту қабілетінің және сөйлеу қабілетінің инервациясы қалыпты жағдайда болатын,бас мидың үлкен жарты шарының зақымдалу салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы.
Дисфония-сөйлеу аппаратының дауыс шығару бөлімінің анатомиялық-физиологиялық бұзылуынан болатын дауыс шығару қабілетінің бұзылуы.Афония-мүлдем дауыстан айрылу.
Дизартрия-сөйлеу аппаратының инервациясының бұзылуынан болатын дыбыс айтудың және сөйлеу тілінің просодикалық бұзылуы.
Ринолалия-сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық жағынан бұзылған дыбыс айту және дыбыс шығарудың бұзылу. Ринолалияға шалдыққан бала мұрынмен сөйлейді.
Брадилалия-өте жай созылмалы,дауысты дыбыстың бұзылуы, сонымен бірге артикулияциялық айқындықтың бұзылуы.
Тахилалия-потологиялық түрде баланың ырғақты сөйлеу мәнерінің бұзылуы,өте жылдам сөйлеу кіреді.
Сөйлеу тілінің жүйелі түрде бұзылуы;
Алалия-фонетикалық есту қабілеті мен интелектісі сақталған,бас мидың зақымдануынан болатын сөйлеу тілінің бұзылуы.
Афазия-бас мидың зақымдануынан болатын,қалыптасқан сөйлеу тілінің органикалық иннервациясының бұзылуы.
Тұтықпа-сөйлеу аппараттарының бұлшықеттерінің тартылып қалу саладынан болатын сөйлеу тілінің ырғақ жылдамдығының бұзылуы.Ғылыми атауы-логоневроз.Мұндай құбылыстар сөйлеу кезінде сөйлеу үшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көмекей, диафрагма), ішкі бұлшықеттердің дірілдеп тырысу салдарынан болады. Тұтығу - сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Фонетикалық-фонематикалық бұзылу(ФФЖ)-есту қабілетінің бұзылу салдарынан болатын жалпы сөйлеу тілінің фонематикалық бұзылуы.
Жалпы тіл кемістігі(ЖПК)-есту мен ақыл-ойы қалыпты дамыған, баланың мағыналық,дыбыстық жағына байланысты сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі кемістік.
Фонетикалық жетілмеу(ФЖ)-баланың есту қабілеті салдарына сөйлеу тілінің бұзылуы.
2.Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы. Бұзылу түріне байланысты екі топқа бөлінеді:
1.Дисграфия – оқу процессінің жартылай бұзылуы.
2.Дислекция – жазу процессінің жартылай бұзылуы. Оқу процессінде жазу процессі мүлде қалыптаспаған, оны аграфия деп атайды.
Қазіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп жинақтаудың және жалпы жұмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың негізі ретінде сөйлеу тілі кемістіктерін психология – педагогикалық жолмен топтастыруды қолданады.
Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның бірыңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетико – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетико – фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы /немесе жалпы тіл кемістігі / сөйлеу тілі жүйесінің дыбыс шығару және мағына жағына қарасты ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?