Математика | Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер

 Математика | Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер

Мазмұны
Кіріспе.
І-тарау
І.І.Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
1.2.Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі.
І.З.Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің
түрлері мен рөлі. ІІ-тарау
2.Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі.
2.1.Сан ұғымын кдлыптастырудағы көрнекіліктер.
2.2.Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін
меңгерудегі көрнекі қүралдар.
2.3.Дидактикалыі; бірліктерді ірілендіру (ДБІ)
математикалық білім технологиясы.
2.4.Көрнекілікті пайдалану бойынша математика
сабағының үлгісі (2 сынып). Қорытынды.

К і р і с п е
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін үйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықгайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын окулықгарын енгізіп жатыр.
Жаңа оқулықгар:
1. Көп деңгейлі.
2. Интеграцияланған.
3. Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына
сәйкестендірілгендігімен ерекшелінеді.
Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Білім беру саласындағы жаңалықгар:
1. Үйымдастырудағы
2. Технологиялардағы
3. Оқулықгар мен бағдарламалардың өзгеруі.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бүл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жүмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.
Бүл тақырып бойынша материалдар жинақгауда Д. Нурпеисова атындағы орта мектептің көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан шебер, озық үстаздар бірі Ибрагимова Түрғанкүл, Пономарева Людмила, Турисова Шолпан, Мадыбекова Анар деген апайлардың математика сабақгарына қатыстым, сабақга көрнекілік пайдалану әдістерімен таныстым.
Зерттеу әдісі - жүмысты орындау барысында талдау, жинақгау, әңгімелесу, салыстыру, байқау және эксперимент тәсілдерін пайдалану болды.
Зерттеу объекті — балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалануы.
Зерттеу мақсаты — бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы тиянакды білім беру; олардың ынта-жігерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттыру; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу міндеті :
1. Математиканы оқытуда көрнекілік мәселелерінде әдебиеттерге шолу жасап, мәселелерді зерттеп, перспективалық дамыту
процесін анықгау.
2. Балалардың математикалық білімін көрнекі қүралдар көмегімен, белгілі жүйе бойынша дамыту жолдарын белгілеу.
3. Іс-тәжірибе тексерілген эксперименттік педагогикалық жүйенің мазмұнын анықгау.
Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекілікті пайдаланудың педагогика-психология негіздері
1. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі
Математиканы оқыту процесінде көрнеьсілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақгы білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақгалады. Оқу-көрнекі күралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.
Көрнекілік — бұл қарастырып отырған құбылысты нақгылау. Нақгылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т.б. бола алады.
XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықган, оқуда заттарды таддап, тұжырым жасамас бүрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген.
Коменсісийдің ойынша, білім түйсікке негізделуі керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым түрақгы сақгалатынын дәлелдеді.
Я.А.Коменский былай деген: "Мүғалім үшін алтын ереже — бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім
әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңцасын, иесін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына үстап қаттылығы мен жұмсақгығын, тағы-тағыларын байкдсыі^. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы ("Ғылыми дидактика" XX —тарау). Бүл жағдайды ол балаларды оқытуда ең бағалы дәреже деп санады. Кейінгі кезеңдерде педагогика классиктер, әдіскерлері оқыту әдістеріне зерттеулер жүргізіп, көрнекілік принципін нақгылай түсті.
Окушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен қүбылыстарға анағүрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкін беретін, ал екінші жағынан үжымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі қүраддардың бүл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне , салмағына және т.с.с қатысын шамалы өмірге анағүрлым ортақ қасиеттерді айқындайды "-деп жазған.
Қазақстандағы үлы ағартушылардың қазақгың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-қүлық, қиял, ерік-жігер сияқгы психикалық процестерді дамыту керек - деді.
Үлы Абай: " Адам баласы... көзбен көріп, қүлақпен естіп, қолмен үстап, тілімен татып, мүрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А.Қүнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2- том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) — деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен үштасады.
Сонымен, көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сактауға ыкдал жасайды. Окушылар оқылатын нәрсе — заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондыктан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жүмылдырады.
Бірақ, бүкіл оқу барысын көрнекілікпен ғана шешуге болмайды. Педагогика классиктері байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті. Олардың ойынша, байқау ақыл-ой арқылы бағытталуы тиіс. Я.А.Коменский өз сөзінде былай деген: "Е, егер жоғарғы байқаушы ақыл-ой, сыртқы сезімдерді мүқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін".
Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П.Павловтың адам санасындағы бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара байланысы жөніндегі, яғни бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін накты материалдар, екінші сигнал — сөз сөйлеу.
Екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды, екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлану дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат шындыктан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге көтерілмей қалады.
Қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігіне ықпал жасайтын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Я.А.Коменский оқылатын нәрсе -заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.
Оқушылар көбінесе көзбен көрумен қатар бұлшық етпен сезіну арқылы да қабылдайды. Егер оқушылар тәжірибені көріп қана қоймай өздері жасаса, жинақгаса білімдері нақгы болады. Мысалы, мұғалім оқушыларды ұшбұрышпен таныстыра отырып сондай формалы фигуралардың негізгі белгілерін (3 бүрышы, 3 төбесі, 3 қабырғасы) көрсететін моделдерін пайдаланады. Мүғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбүрыш тәріздес екенін естеріне түсіреді. Математиканы оқытуда оқушыларды тікелей қабылдауы мен түсініктері үйлестіріле пайдаланады.
Математика нәрселердің өзімен айналадағы өмір қүбылыстарын ғана емес "нақгылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын" (Ф.Энгельс) зерттейді. Сондықган, математиканы оқытқанда дәл осы жақгарын айырып, алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші қүралдар пайдаланады. Мүндай қүралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағүрлым көрнекі болып шығады.
Көрнеьсі қүралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максимадды әсерлілікке қол жеткізуге болады. Көрнекіліктің әр түрлі қүралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жүмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. Бүл жай М.Н.Скаткиннің бір жүмысында жан-жақгы ашыла берілген.
"Зат кеңістік пен уақыт аясында біріккен тітіркендіргіштердің белгілі комплексі ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында нерв клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады" — деп жазады М.Н.Скаткин, - мүның өзі организмнің затты түтас нәрсе ретінде сезінуіне логикалық екпін туғызады. Сонымен бірге көрнекілік қүралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан қүбылыстың әр түрлі жақгарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді.
Көрнекі қүралдарды іріктеу кезінде олардың лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмүнымен салыстырып алу қажет. Бүл арада Ю.К.Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.
"Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мүның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабыддаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" — дейтін пікірмен комплекске болмайды.
Көрнекі қүралдар мен мүғалім сөзін үштастыру проблемалары Л.В.Занковтың "Мүғалім сөздері мен көрнекі..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!