Тарих | Тарих пәнінің тәрбиелік мәні
Мазмұны
І Кіріспе ..............................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері ..............................................4
2.2. Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер .................6
2.3. Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы.............................7
2.4. Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары мен басқа да оқу құралдарының сипаты ....12
2.5. Қазақстан тарихы мектеп курсының қазіргі құрылымы ......................................21
Қорытынды ........................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................................23
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты, міндеті: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттер алға қойылды.
Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру;
Дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату;
Өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын,;
Шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын;
Тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын;
Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес мәселеге бөлінген.
Бірінші мәселесі Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы айтылады.
Екінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.
Үшінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы хақында сөз болады.
Төртінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары мен басқа да оқу құралдарының сипатын толыққанды ашып көрсетеді.
Бесінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы жайында әңгіме болады.
Зерттеудің тарихнамасы: Курстық жұмысты жазғанда Тұрлығұлов Т.Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі», Қазақ ССР тарихының эпизоттық әңгімелері», Шаймерденовтың К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Ысқақов Ә. «лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары», Қасымбаев Ж.К. «Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар» әдебиеттерін, сонымен қатар Қазақстан тарихы журналы пайдаланды.
2.1. Қазақстан тарихын огқытудың мақсаты мен міндеттері.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде біреуі атқара алмайды.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. /1/.
Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілекке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық – саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» - деген міндеттерді орындауға күш салады.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту азайту;
Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелер бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.
Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу;
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қол жеткен табыстарды, сондай-ақ кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді, әсіресе қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен қиындықтарды, олардың себеп-салдарын тарихи шындық тұрғысынан көрсету, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін, олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау;
Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа курстарымен, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру:
- діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін, сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету т.б. Мұнан басқа да , әсіресе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі. Олар арнаулы тарауда баяндалады. Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр. /2/.
Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі метептің 5-9 сыныптарында оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жеріндегі адамзат тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар біршама жүйлеі, аяқталған білім алады.
Курстың құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. Ол төмендегіше бөлінген: 5- сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір қамтылады. 6- сыныпта - тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан бастап б.з. V –ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта - орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 8- сыныпта – жаңа замандағы Қазақстан тарихы, 9- сыныпта - қазіргі заманғы Қазақстан тарихы оқытылады. Соңғы үш сыныпта да бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт бөлінеді. Сөйтіп, - тен бастап барлық сыныптарда тарихтың екі курсын қатар оқуға қажетті біраз дайындақ алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын баяндайтын әңгімелермен танысады.
Бағдарламын құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихтың жүйелі курсын бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде қиындық туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға бөлінген уақыттың тең жартысын «Тарихқа кіріспе – тарихқа саяхат» деген бөлімге арнауды ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш мектепте алған тарихи білімдер одан әрі жасғастыра отырып, тарих қандай ғылым, менің әулетім, біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным, картадығы тарих т.б. сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері – топонимика, архитектуралық ескерткіштер, нышандар мен тарихи белгілер, жазу тарихы сияқты әңгімелермен танысады. Бұл әңгімелер оқушыларды тарихтың жүйелі курсын оқып үйренуге дайындайды және дүние жүзі тарихы бойынша да осындай, оқу жылының екінші жартысынан бастап жүйелі курстарды меңгеріп кетуі тиіс.
Курстың білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарға маңызды өзгерістер енгізілді. Олар: білімнің функционалдық толықтығы:
Қазақстан тарихы ғылымында соңғы жылдары пайда болған заңдылықтарды, ғылыми зерттеудің қол жеткен табыстарын қажеттігіне қарай бағдарламаға енгізіп отыру;
Ұзақ уақыт тарих ғылымында үстемдік етіп келген еуроцентризи салдарынан Шығыс өркениетін бүркемелеушілікпен, оған менсінбей қараушылықтан бағдарламаны тазартып, Шығыс әсірсе көшпелілердің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесіне лайықты тиып беру.
Педагогикалық, дидактикалық, психологиялық талаптарды ескеру және оларды қолдануға оқушының іс-әрекет қызметі тұрғынан қарау;
Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай оқыту мәтижесін тексеру туралы әдістемелік нұсқаулардың ендірілуі.
2.2. Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы өзінше курс болып, бірақ КСРО тарихы құрамында оқытылған (1958-1959 оқу жылынан) бастап, осы уақытқа (2000-2001 оқу жылына) дейін оның құрылымы үш рет үлкен өзгеріске ұшырады.
Оның алғашқы құрылымы 1958-59 оқу жылынан бастап 1990 жылдар аралығында пайдаланылды. Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулықтары бар мектептік курс деп аталғанмен, оның оқу материалы мектептің 4(5), 7 (8)-10 (11) – сыныптарында оқытылады, осы сыныпта 50-60 сағаттай ғана уақыт бөлінді.
4-5 сыныптағы «КСРО тарихынан эпизодтық әңгімелер» курсы құрамында «Қазақ КСР тарихының эпизодтық әңгімелері» 8-10 сағат көлемінде оқытылды.
Ал 7-8 – 10-11, яғни төрт сыныпта КСРО тарихының жүйелі курсы құрамында Қазақ КСР тарихы 47-48 сағат, көлемінде оқытылды. Қазақ КСР тарихының мазмұны алғашқы қауымдық құрылыстан осы уақытқа дейінгі араллықтағы тарихты қамтыды. Бұл курстардың мазмұнының өте қысқа болғаны, КСРО мектептерінде одақтас республикаларға аты берілген ұлттың тарихын оқытуда орын алған кемшіліктер мен келеңсіз тенденциялар туралы басқа тарауларда айтылатындықтан бұл жерде қайталаудың қажеті жоқ. /3/.
Қазақстан тарихы құрылымының үлкен өзгерісі 1991-1992 оқу жылында жасалды. Бұл өзгеріс өте қысқа уақытқа 10 жылға ғана созылғанмен дербес оқу пәні деп оқу жоспарына енген Қазақстан тарихының келешегі үшін үлкен маңызы болды. Өтпелі кезең деп аталатын аз ғана жылдарда тұңғыш рет «Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы» жасалып, баспасөз бетінде жарық көрді, оның оқулықтарына бәйге жарияланып, қорытындысы шығарылды. Пәннің құрылымы мен мазмұнының қалыптасуына аса қажет; Мемлекеттік білім стандарты, оқу бағдарламалары, жаңа оқулықтар мен бірқатар шағын әдістемелік құралдар жарыққа шықты. 1990-1999 жылдар аралығында Қазақстан тарихынан жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған тек қазақ тілінде ғана 9 оқулықтың шыққанын және де олардың әрқайсысының 3-5 реттен басылғанын айтсақ та жеткілікті. Аталған құжаттардың, бағдарламалардың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың енді ғана дербес, жеке пәнге айналған Қазақстан тарихын оқытуды жақсарта түсуге көп пайдасы тиді, әсіресе тарихшы мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік басшылық, әрі нақты көмек болды. Екінші жағынан, осы жылдары жарық көрген тұжырымдамалар, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, ұсыныстар жасау тәжірибесі келешекте Қазақстан тарихының жаңа бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешенін жасауға көмек болды. Осының бәрі келіп «Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің» одан әрі қалыптаса түсуіне, дамуына пайдалы әсер етті.
Осы жағдайларға байланысты тараудың келесі параграфтарында 1990-1999 жылдары республика баспасынан шыққан мектептерде пайдаланылған
Қазақстан тарихының бағдарламалары, оқулықтары, шығармалары, кейбір әдістемелік құралдары қысқаша талданды, өйткені олардың бәрі осы курстың теориясы мен әдістемесінің жәнеоның әдістемелік жүйесінің құрамына енеді.
2.3. Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы.
40 жылдардың аяқ кезінде КСРО-дағы қайта құруларға байланысты Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән бойынша берілді. Бұл тәуелсіздіктің жемісі еді. Қазақ халықының, Қазақстанның тарихы тұңғыш рет жалпы білім беретін мектептерде дербес пән болып оқытыла бастады. Мұның өзі білімбіділік, тәрбиелік жағынан да, саяси жағынан да және де еліміздің келешегі үшін де маңызды оқиға болды. Осыған байланысты Республиканың Халыққа білім беру министрлігі пәнді оқытуды жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар белгіледі: бағдарламалық топ, факультативтік топтардың бағдарламалары мен оқулықтарын дайындайтын авторлар тобын құрды және де Қазақстан тарихын қажетті оқулықтар тізім жасалып, олардың авторлары белгіленді. 1992 жылы алғаш рет дербес Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы дайындалып, ол дүние жүзі тарихы бағдарламасымен бірге жеке кітапша болып басылды. Алғашқы жылы оның құрамында 5-сыныпқа арналған жаңа бағдарлама болған жоқ. Бұл бағдарлама келесі жылы дайын болып, екінші басылымына енгізілді. Қазақстан тарихының осы бағдарламасы мектептерде он жыл бойы өзгеріссіз пайдаланылды.
Дербес те, көлемді оқу пәнінің тұңғыш бағдарламасы - білім мазмұны болғандықтан, оны толығырақ, әрі жеке сыныптар бойынша талдауды қажет етеді. Мұның өзі, біріншіден, оның құрылысы мен мазмұны толық елестетуге мүмкіндік берсе, екіншіден, келешекте жасалатын бағдарламаларды жетілдіре түсуге пайдалы болмақ. /4/.
Бағдарламалар негізінен екі бөлімнен құралған. Біріншісі - «Түсініктеме» (түсінік хат), екіншісі – мазмұндық бөлім.
«Түсініктімеде» бағдарламаға сипаттама беріліп, оның ерекшеліктеріне назар аударылады. Атап айтқанда, жалпы адамзаттық құндылыққа, дүниежүзілік өркениетке, Қазақстан тарихындағы мәдениет жетістіктерге, рухани тіршілікке, адамдардың қарым- қатынасына, әлеуметтік топтар мен тарихи қайраткерлердің қызметіне, саяси тарихы түрлі қырларынан ашып көрсетуге, идеялық, саяси, ұлттық, діни қозғалыстарының тарихына, ХІХ-ХХ ғасырлары Қазақстан мен Ресей халықтарының тарихындағы түйінді оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша түсіндіруге, бірқатар ұзақ тарихи үрдістерді кезеңдерге жаңаша бөлуге баса назар аударылғаны айтылады.
9-сынып оқушылар екеніне қарамастан тарихта орын алған ақтандықтар, бұрмалаушылықтар, жасырылып келген фактілер мен оқиғалар, түрлі нәубеттер мен келесіздіктер, олардың есептері көрсетілген.
Білім мазмұны іріктелгенде тәрбиелік маңызы басым материалдарға, әсіресе оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, отаншылыққа, әдептке, басқа халықтарды құрметтей білуге, қоршаған ортаны қорғауға, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелейтіндеріне көңіл бөлінген. Сабақтастастық, пәнаралық байланыс та ескерілген. Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауларда осы курстың бастапқы сыныптардағы кейбір пәндермен, әсіресе ана тілі, дүниетанумен байланыстыра назар аударылып, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары көрсетілген.
Тарихтың әңгімелері курсында ғылыми ұғымдары қалыптастыруға міндетті еместігі, бірақ та белігілі бір біліктерді қалыптастыру қажеттігі ескертіледі. Олардың саны - 9, арасында тарихи тексті сауатты, шапшаң оқу; тарихи әңгіменің жай жоспарын жасау; тарихи суреттер бойынша әңгіме құрастыру сияқтылар бар. Оқушыларда осы біліктер ойдағыдай қалыптасса «Қазақ елінің қысқаша тарихы курсы» өзінің алдына қойылған негізгі міндеттерін - қазақстан тарихының елеулі кезеңдерімен, оқиғалармен оқушыларды таныстыруды және де оларды жоғары сыныптардағы тарихтың жүйелі курсы оқып, меңгеруге дайындауды - орындай алмайтыны ескертіледі. /5/.
6-сыныптағы Қазақстан тарихының мазмұны ең ерте дауірден V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оған 17 сағат бөлінген. Қалған 51 сағат дүние жүзі тарихына берілген. Бұған дейін бұл сыныпта Қазақстан тарихы оқытылған жоқ. Енді оқушылар өз елі тіршілігінен бастап, тайпалар мен тайпа одақтарының құрылауы, ежелгі адамдардың шаруашылығы мен мәдениеті, алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құрыла бастауына дейінгі қазақстан жеріндегі адамзат жүріп өткен тарихи жолмен жүйелі түрде танысатын болды.
Бағдарламаның мазмұндық бөлімінің соңында: Жалпы тарихи білімдер - ұғымдар мен біліктер тізіліп көрсетілген.
7-сыныптағы Қазақстан тарихы V-ХV ғасырлар аралығын қамтиды, оны оқытуға 34 сағат бөлінген. Бағдарлама осы кезеңдегі Қазақстан тарихының негізін – білім мазмұнын құрайтын басты-басты тарихи құбылыстар, оқиғалар, фактілері қамтылған. Мұнда мемлекеттер тарихында, орта ғасырлардың басы мен орта кезеңдеріндегі халықтардың тұрмыс – тіршілігіне, мемлекеттердің қоғамдық-саяси жағдайларына баса назар аударылған. Қалалардың дамуы, қала мәдениеті, басқа елдермен , халықтармен көп салалы, байланыс, әсіресе сауданың дамуы, осыған орай Ұлы жібек жолы, оның өз уақытындағы маңызы көрсетілген. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан, ондағы халықтардың этникалық және әлеуметтік құрамы және де сол кездегі саяси-тарихи мәселелерге лайықты орын берілген.
8-сыныпта орта ғасырдағы Қазақстан тарихы одан әрі жалғастырылып, ХV ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды, бұл кезең тарихын оқытуға 34 сағат уақыт бөлінген. Бағдарламаның бұл бөлімінде Монғол империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территорисында пайда болған мемлекеттердің саяси тарихы, олардағы халықтарда болған этникалық үрдістер, қазақ халқы құралуының аяқталуы, ол мемлекеттердің тұңғыш Қазақ мемлекеті - Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы ашылып көрсетілген. Бұрынғы бағдарламаларда болмаған ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы хандардың қазақ хандығын ұлғайту, нығайту жолындағы қызметі де көрсетілген. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін ашып көрсетуге баса көңіл бөлінгенғ мәдениет тарихы толық дерлік қамтылып, оған барлық сағаттың 20%-тейі бөлінген. Доспанбет, Шалкиіз, Жиенбет, Марқасқа сияқты ақын-жыраулар қызметіне тиісті орын берілген. Қыпшақ, парсы, араб тілдеріндегі тарихи әдебиеттер де қамтылған. Осының нәтижесінде бұрын мектеп оқушылары олардан жасырылып келген қазақтың орта ғасырлардағы ақын-жазушыларымен, ғалымдарымен тұңғыш рет танысады.
Мазмұндық бөлім соңындағы ұғымдар, проблемалар, идеялар айдаршасында басты-басты сегіз мәселе көрсетілген.
9-сыныпта Қазақстан тарихы ХVІІІ ғасырдың басынан бастап 1914 жылға дейін қамтиды. Оны оқытуға 34 сағат бөлінген. Негізінен жаңа заман тарихы - деп аталатын бұл кезеңнің ерекшелігі - аса маңызды, елеулі тарихи құбылыстар мен оқиғалардың көптігі. Олар: осы кезеңдегі Қазақстанның күрделі сыртқы саяси жағдайы, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзақ уақыт жүргізген азаттық жолындағы каһармандық күресі, Қазақстанның Ресейге қосылуы, осы кезеңдегі қоғамдық-саяси, экономикалық –әлеуметтік құрылыс және мәдениет саласындағы болған елеулі өзгерістер. Бұған дейін оқушыларға есімдері белгіміз болып келген Қабанбай, Бөгенбай, Шапырашты, Наурызбай сияқты халық қаһармандары , есімдері Абылай, Төле, Қазыбек, Әйтеке деп еміс-еміс естілгенмен халық арасындағы қызметі жұмбақ болып келгендер, тұңғыш рет Қазақстан тарихының мазмұнынан лайықты орындарын алды. ХVІІІ ғасырдың соңғы үштен бірінде басталып, келесі ғасырда да оқтын оқтын болып тұрған жән бірте-бірте ұлғая түскен отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың себептерін, барысын ашып көрсетуге баса назар аударылған.
Қазақстанның Ресей қоластына өтуіне объективті баға берілген, жаулап алу, отарлау деп дұрыс көрсетілген және оның зияндықтары мен пайдалы жақтары да тарихи шындық тұрғыда құрылған. Бұл сыныпта да мәдениетке қатысты мәселелер толық қамтылған. Бұрын беймәлім болып келген Бұқар, Ақтамберді, Шал, Қабылан, Есет, Жанақ, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет басқа да мәдениет, өнер қайраткерлерімен танысуға оқушыларға тұңғыш рет мүмкіндік туды. 10 – сыныпта 1914-1945 жылдар тарихы оқытылады, оған 68 сағат бөлінген. Бұл дәуір бағдарламасының мазмұны - саяси күрестер, өзгерістер мен азаттық үшін болған қозғалыстар, әкімшілік-әміршілік жүйе үстемдігі және оған қарсы шығуды тұншықтыру сияқты мәселелерімен
ерекшеленеді. Оқушылар үшін бідімдік-тәрбиелік, әрі дамытушылық маңызы бар бірқатар жаңа мәселелер ендірілген. Олар 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбындағы : ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі; патша өкіметінің Қазақстандағы геноцид саясаты: көтерілісшілердің әскери өнері мен ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері қатарына Б. Алманов, Ә. Жанбосынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Кейкі және басқалардың жаңадан қосылуы. Ақпан төңкерісінен Қазанға дейінгі саяси партиялар мен ағымдардың арнайы мәселе болып ендірілуі, әсіресе «Алаш» партиясын, оның және партия қайраткерлерінің қызметін көрсету әбден орынды. Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары мен табыстарын, Қазақ жерлерін Қазақ АКСР –інің құрамына біріктіруде кеткен қателіктер мен қиғаштықтар, Голощекиншілдік, Орталық өктемдігінің күшеюі, идеологиядағы өзгеше ойлаушылыққа шабуыл сияқты мәселелер оқушылардың тарихи-саяси білімдерін толықтырып қана қоймайды, олардың тарихқа , әсіресе саяси тарихқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Мұндай қажетті тарихи-саяси мәселелер кейінгі тақырыптарда да бар. Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі идеялық тартыстар,.............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?