Теміржолшылар күні

 Теміржолшылар күні

Қымбатты ардагерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз теміржолшылар күнімен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз үлкен жауапкершілік пен қауіп-қатермен байла­нысты. Өйткені, жүргізушілер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты. Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те жүреді. Жолаушы болсын, жүк тасымалдайтын болсын поездар алыс не жақын жерлерге жүргенде, олардың алда не боларын болжау қиын. Бұл ретте техникалық фактор кәсібилік пен шеберлік, адами фактор әр қызметкердің сабырлылығы мен өз ісіне адалдығы қажет.
Защита теміржол стансасы Өскемен қаласының ең байырғы бекет. Ал Өскемен бекеті Шығыс Қазақстан облысы теміржолының қақпасы іспеттес. Осы жерден жолаушылар жаңа өмірге, жаңа істерге және жаңа өзгерістерге жол тартады.
Шығыс Қазақстанның барлық теміржолшылары­на зор денсаулық, өмірге деген құштарлық тілей отырып, жолдарыңыз ақ болсын дегім келеді. Теміржол дөңгелектері сенімді соқсын, ал үйге оралуда туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз асыға күтсін!
Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов

Сіздерге теміржол магистралінің қауіпсіз әрі барынша тиімді жұмысын қамтамасыз ету жүктелген. Бұл үлкен жауапкершілік. Бүгінде Үкімет өз тарапынан отандық теміржол саласын дамытуға және оның тиімді жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Біз магистральді жолдардың өткізу қабілеттілігін одан әрі ұлғайтуға және ұлттық теміржол желісін еліміздің өсе түскен экономикасына сәйкес етіп қалыптастыруға ниеттеніп отырмыз.

Мен үшін теміржолшыларды құттықтау аса қадірлі іс. Себебі, мен кезінде Көлік және коммуникация министрі болып, Сіздермен тығыз жұмыс істеген болатынмын. Оған қоса, мен теміржолшылар ұрпағымын. Менің ата-анам - теміржолшылар, олардың ата-анасы да теміржолда еңбек еткен. Сіздердің ұйымшыл отбасыларыңыздың мүшесі ретінде осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
К.Мәсімов

Сіздерді Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп,елорда дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келесіздер.Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз.
Осы мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілеймін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!