Мемлекет және құқық | Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет 5
1.1.Құқықтық мемлекет 12
2. Құқықтың негізгі ұғымдарымен санаттары 13
2.1. Құқыққа түсінік беру 20
3. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет 25
3.1. Құқықтық сананың түрлері 28
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
КІРІСПЕ
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-һото sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адам¬дар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не, рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мем¬лекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы сияқты. Мемле-кет басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына қатынасын, отағасының отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді. Патриархалдық теорияның негізін қалаушылары Аристотелъді, Конфуциді және XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Р. Фильмерді жатқызуға болады.
XVII—XVIII ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро болды. Аталған теорияны жақтаушылардың пікірінше мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір-біріне қарама-қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді. Маркстік теория оның негізін қалаған неміс ойшылдары К. Маркстің, Ф. Энгелъстің, жұмысшы табы диктатурасының идеологтары В.И. Лениннің, КВ. Сталиннің есімдерімен байланысты. Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың нәтижесінде мемлекет қалыптасады. Бұнымен қоса мемлекеттің сыртқы жаулап алушығының барысында, яғни күшті бір тайпалардың, ұйымның екінші бір тайпалық одақты немесе ұйымды өзіне күштеп бағындырудың барысында мемлекет пайда болды деген пікір де осы күштеу теориясының бір құрамдас бөлігі. Аталған теорияның көрнекті өкілдері Е. Дюринг, К. Каутский, Л. Гумплович.
1 Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары.
Құқықтық мемлекет
Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекетгің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің, ептіліктің, іскерліктің, шеберліктің, машықтылықтың жетілуіне әкелді. Осының нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдар¬дың үлкен топтары қалыптаса бастады (аңшылар, малшылар, егіншілер, қолөнершілер т.б.). Адамдар арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, антропологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар. Жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен сана, дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы бірнеше жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш жолы қалыптасты:
1) шығыстық жал;
2) батыстық жал және
3) аралас жал.
Ежелгі Шығыста мемлекеттің пайда болуы қауымдастық мүшелерін, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қажеттіліктен туындады. Шығыс елдерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде ірі су каналдарын қазу, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу, дамбалар салу, суармалы егістікті жетілдіру сияқты ірі де күрделі ирригациялық; жұмыстар жүргізу керек болды. Бұндай аса ауыр жұмысты іске асыру жекелеген отбасы немесе бір қауымдастықтың қолынан келмейтін еді. Міне осы күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді салу;
— оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, ұйымдастыру;
— атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Батыс елдерінде мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүліқтік теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттің пайда болуының аралас жолы рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық (құдайтанушылық) теория. Теология дегеніміз құдайды, алланы танитын ғылым, ілім. Аталған теорияның негізін қалаушылардың қатарына ортағасырлық Тертулиан, Аврелий Августан, Фома Аквинский сияқты қудайтанушыларды жатқызуға болады.
Теологиялық теория мемлекетті, мақсаты мен мәні жер бетіңде «құдай патшалығындағы сияқты» тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілік, татулық, бірлік орнату болып табылатын құдайлық кәсіп деп қарастырады. Биліктің барлығы құдайдан тарайды. Құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның іішнде мемлекеттің де жаратушысы. Ал құдай жаратқан жаратылыстың сыры секілді мемлекеттің де мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтан құдай жаратқан дүниеге, билікке және мемлекетке шүбә келтірмей, күмәнданбай, оларға мойынсұнып бағынған дұрыс. Теократиялық теория өзінен-өзі қиялдың барысында пайда бола қойған жоқ. Оның қалыптасуының өзіндік алғышарттары бар. Адамзат тарихында пайда болған ең алғашқы мемлекеттер діни сипатта болып оны басқаруға діни қызметкерлер — абыздар тікелей араласқан. Мемлекеттің құдайлық негізі оның беделін нығайтып, шешіміне міндеттілік берді. Мысалы ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдарында патшаның билігін құдай жа¬ратқан, патша билігі құдайдан деп көрсетілген. Жалпы, биліктің құдайдан тарағаны жайындағы пікір барлық діндерге тән.
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір-бірімен араласуға де¬ген қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа ұмтылған, өзара жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық теориясы. Оның көрнекті өкілдерінің бірі орыс заңтанушысы Л.И. Петражицкий болды.
Мемлекет ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құқықтық мемлекет. Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италияндық ойшыл Николло Макиавелли (1469—1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «республика», «корольдық», «қалалық қауым», «княздық», «жер», «патшалық», «ел», «басқару», «өктемдік», «үстемдік», «ат төбеліндей билік» деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген. Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілердің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілері мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі (тәуелсіздік), құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады.
а. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып іске асырылады. Тек елшілік аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
ә. Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен мемлекеттік билікті іске асырады.
б. Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын хал¬қының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міңдетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
в. Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемле¬кеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
г. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
д. Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлем-ақылар — мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мем¬лекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік ап¬паратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Мемлекеттің негізгі міңдеттерін тиімді орындау қабілеттілігі көп жағдайда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарының ұйымдастырылуына, құрылымына, қалыптасу тәсілдеріне бай¬ланысты болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының жұмысын, қалыптасуын, өзара қызметтерін, міндеттерін, құзырларын ұйымдастыру, бөлу теориялық қана емес, практикалық маңызға ие болады. Себебі, мемлекеттік билік бір адамның не белгілі бір топтың қолына шоғырлануы, керісінше әр түрлі мемлекеттік органдардың арасында бөлініп атқарылуы мүмкін. Аталған жайлардың барлығы мемлекетті басқару нысанына байланысты бо¬лады. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралық пен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемле¬кет басқарылу нысандарына қарай монархиялық жат республикалық болып екі түрге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоға¬рғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Абсолюттік монархияда мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты үш тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады жөне соның тікелей араласуымен, қадағалауымен, бақылауымен, келісімімен, рұқсатымен іске асырылады. Сонымен абсолюттік монархиянық төмендегідей белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монарх¬тың билігін шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; ішкі және сыртқы саясатты монарх өзі тағайындайтын министрлер арқылы іске асырады; мемлекетті басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы.
Бүгінгі таңда абсолюттік монархия негізінен біршама Шығыс елдерінде бар. Мысалы олардың қатарына Оман сұлтандығын, біршама өзгерген түрде Бахрейн, Катар, Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары мемлекеттерінде сақталған. Конституциялық және парламенттік монархтда монархтың билігі конституциямен не парламенттің іс-әрекетімен шектелген. Республика монархиялық басқарумен қатар пайда болып дамыған. Республиканың алғашқы белгілері б.з.б. ІҮ-ІІІ мың жылдықтарда Ежелгі Месопотамияның қала мемлекеттеріңде қалыптасқан. Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі белгілері төмендегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттің жо¬ғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың атынан сөйлеу, әрекет жасау құқығына ие болады және осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттік биліктің көзі халық деп мойындалады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлініп іске асырылуы.
Республиканың президенттік, парламенттік жат аралас бас¬қару сияқты түрлері болады. Президенттік басқару тарихта бірінші рет 1787 жылғы Конституция бойынша АҚШ-та енгізілді. Президенттік республиканың негізгі белгілері: Мемлекеттің басшы¬сы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беру тәсілі арқылы сай¬лануы; Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі жөне сот билігі сияқты үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі; аталған мемлекеттік биліктің тармақтары және мемлекеттік билікті атқарушы органдардың арасындағы қарым-қатынас тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мен қағидасына негізделіп реттеледі; Үкіметті Парламенттің келісімімен Президент қалыптастыратындықтан ол Президент алдында жауапты.
Парламенттік басқару барысында бүкіл халықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға Қарағанда жоғары. Үкімет Парла¬мент депутаттарының сайлауымен қалыптасады және Парламент сенімі арқылы елді басқаруды іске асыруға мүмкіншілік алады. Сондықтан Үкімет Парламент алдында жауапты. Парламенттік басқарудың белгілері: мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі анық байқалмайды. Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі сақталады. Сон¬дықтан президенттік басқару сияқты емес, Парламенттік респуб¬лика көп жағдайда заң шығарушы және атқару биліктерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді; парламент сайлауында жеңіске жеткен және парламентте көпшілік орынға ие болған партия не бірнеше партиялардың одағы үкіметті қалыптастыратындықтан ол парламент алдында жауапты; Мемлекет басшысы Президента Парламент сайлайтындықтан формальды түрде үкімет басшысын тағайындауға құқығы бар. Елді, халықты басқару ыңғайлы болу үшін мемлекет аумағы ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ, өлке, округ, штат, губерния т.б. сияқты әкімшілік құрылымдарға бөлінеді. Аталған құрылымдарда мемлекеттің басқару органдары құрылады. Олар мемлекет билігін іске асырып жергілікті тұрғындарды басқарады. Соны-мен мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасын¬дағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемле¬кет әкімшілік-аумақтық құрылымына орай унитарлы, федеративті, конфедеративті болып келеді. Бүгінгі таңда дүние жүзінде көп тараған, аумақтық-әкімшілік ұйымдастырылуы қарапайым болып табылатын ол унитарлы басқару нысаны не болмаса унитарлы мемлекеттер деп атауға бола¬ды. Унитарлы мемлекет өз ішінде ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ т.б. секілді әр түрлі әкімшілік-аумақтарға бөлінгенімен олардың өзіндік саяси еркіндігі болмайды. Унитарлы Мемлекеттің негізгі белгілеріне: құзыреттері жергілікті жердегі билікпен шектелмей бүкіл мемлекет аумағына тарайтын, жалпы елге ортақ заң шығару (өкілетті), атқару және сот органдарының болуы; жалпы мемлекеттік, халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы; мемлекеттің жоғарғы, орталық билік органдарының алдында жергілікті жердегі ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ т.б. сияқты әкімшілік бірлестіктер ешқандай артықшылығы жоқ тең заңдық мәртебеде болады; бүкіл унитарлы мемлекеттің аумағына ортақ, барлық әкімшілік бірлестіктерге міндетті біртұтас заңдардың болуы. Сонымен унитарлы мемле¬кет деп өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік-...........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?