Экономика | Мемлекеттік кредит жұмыс істеуінің алғышарттары, жағдайлары мен факторлары

 Экономика | Мемлекеттік кредит жұмыс істеуінің алғышарттары, жағдайлары мен факторлары

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырбы: « Мемлекеттік кредит: жұмыс істеуінің алғышарттары, жағдайлары мен факторлары». Бұл курстық жұмыста қазіргі мемлекеттік кредиттің қызметі және даму барысы өтпелі кезеңнің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Сонымен қатар, мемлекеттік кредиттің қажеттілігі мен маңызы, оның негізгі нысандары мен түрлері, атқарымдары мен негізгі қағидалары және халықаралық мемлекеттік кредит туралы да айтылады.
Мемлекеттік кредиттің қызмет етуіндегі мәселелері теориялық тұрғыдан оқып-білу, қазіргі мемлекеттік кредиттің бүгінгі күн талаптарына қаншалықты жауап беретіні туралы өзекті мәселелер өз кезегінде курстық жұмыстың мақсатын анықтап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін мемлекеттік кредиттің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып қазіргі мемлекеттік кредитті жетілдіру жолдарын іздестіру және баға беру болып табылады.
I тарауда – мемлекеттік кредиттің қажеттілігі мен оның маңызы және мемлекеттік кредиттің мәні қарастырылады. Мұнда мемлекеттік кредиттің тұжырымы және оның құрылымдық элементтері сипатталады.
II тарауда – мемлекеттік кредиттің негізгі нысандары мен түрлері, мемлекеттік кредиттің атқарымдары мен негізгі қағидалары, халықаралық мемлекеттік кредит туралы айтылады. Бұл тарауда мемлекеттік кредиттік туралы негізгі мәселелер айтылады.
III тарауда – экономиканың дамуындағы мемлекеттік кредиттің маңызы және ерекшелігі сипатталады. Бұл тарауда кредиттің экономикадағы маңызы және оны қолданатын салалар, елдің экономикалық өсу жолындағы болып жатқан өзгерістер туралы айтылады.
I. Мемлекеттік кредиттің қажеттілігі және оның маңызы
1.1. Мемлекеттік кредиттің мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекеттік несиегердің де, қарыз алуышының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастардыбанк несиесімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:
Жекеше кредит Мемлекеттік кредит
1) өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады.
2) несие капиталы жұмылдырылады.
3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі.
4) капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
1) өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
2) төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;
3) өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
4) капиталды қолдану сферасын тарылтады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мелекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландырылуға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиеттерінде көрінеді. Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу»).
Мемлекеттік кредиттің екінші функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекеттік несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыногтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік кредит рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті банк органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік кредиттің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын бос қаражаттар.
Мемлекет кредит ресурстарын:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттық және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік кредит:
- өтеу мерзіміне;
- табыстылығына;
- қарыз валютасына;
- орналасқан әдісі мен орнына сәйкес жіктеледі.
Мемлекеттің кредиттің сыныптамасы
Түрлері Ішкі Сыртқы Шартты
Н
Ы
С
А
Н
Д
А
Р
Ы Қарыздар Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарын пайдалану Орталық
банктің
кредиттері Қазыналық
несиелер
Ақшалай қарыздар
Тауарлық қарыздар
Дамуға
ресми
көмек Өтемдік
келісімдер Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарыздары
бойынша
мемлекеттің кеппілдіктері байланған
байланбаған
Ә
Д
І
С
Т
Е
Р
І Беру, орналастыру шарттары, табысты өтеу мен төлеудің әдістері мен мезгілдері
Мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар, қазынашылық, міндеттемелер, бондар, векселдер, сертификаттар, өндірістік қаржылық құралдар) Беру, өтеу мезгілдері Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дисконт, ұтыстар) Кепілдікке салу міндеттемелерді, кепілдіктерді рәсімдеудің тәртібі Орналастыру және
Қызмет
көрсету
үшін делдалдарды таңдау Басқа
әдістер,
тәсілдер
II. Мемлекеттік кредитті ұйымдастыруда қолданылатын әдістер
2.1. Мемлекеттік кредиттің негізгі нысандары мен түрлері
а) Қарызға берілетін түріне қарай мемлекеттік кредиттің тауарлық, ақшалай және тауарлы ақшалай (араласқан) нысандары бар.
Және де мемлекеттік кредиттің тауарлық нысаны ақшалай нысанынан бұрын пайда болған. Ол – тауарлы өндірістің пайда бола бастаған кезінде, қолында артық тұтыну бұйымдары барлар оларды басқаларға қарызға бере бастағанда шықты. Ақша шыққаннан кейін мемлекеттік несиенің тауарлы нысанын қолдану бара-бара азайды.
Қазіргі нарықтық экономикада мемлекеттік кредиттің тауарлы санаты қайтадан өріс алды. Кез-келген тауар өндіруші, өзінің тауарын сатып алушыға, төлем мерзімін кейіндетіп, консигнаторлық сатуға беруге құқықты. Сонымен қатар, банктер, шаруашылықтарды лизингілік қаржыландырғанда, тауарлық кредит пайда болады. Өйткені, жалдауға (арендаға) берілген жабдықтарды, жалдап алушы, белгілі бір мерзім өткеннен кейін, сатып ала алады. Сөйтіп, жадықты жалдауға берген күнен бастап, оны сатып алған күнге дейін ол тауарлы кредит болады.
Іс жүзінде тауарлы кредитті пайдаланудың зиянды екенін байқауға болады. Ол капиталдың (ақшаның) айналымын баяулатады, төлем тәртібін әлсіретеді, несиегер (қарыз беруші), өзінің өрісін тоқтатпау үшін, қосымша қаржыға мұқтаж болады. Осының бәрі айналымда артық ақшаның пайда болуына апарып соғады. Сондықтан, өркениетті экономикада мемлекеттік кредиттің тауарлы нысанын қолдану керекті емес.
Мемлекеттік кредиттің ақшалай нысаны. Бұл нысан қазіргі уақытта көп тараған және экономиканың өсуі мақсатына сәйкес келетін нысан. Ақша, тауар ауыстырудың жалпыға бірдей баламасы болғандықтан, айналымның және төлемнің әмбебап қаруы болғандықтан, оған қажеттілік, өндіріс көлемінің, өнімді өткізудің, ауыстырудың, тұтынудың өсуіне сәйкес өседі. Осындай қажеттілік мемлекеттік кредиттің ақшалай нысанымен қамтамасыз етеді. Және де, мемлекеттің өзі де, әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер де, әрбір жеке тұлғалар да, жеке мемлекеттің ішінде де, сыртқы экономикалық қарым-қатынастарда да пайдалнылады.
Мемлекеттік кредиттің тауарлы-ақшалай (араласқан) нысаны.
Мемлекеттік кредиттің бұл нысаны тауарлық нысанда, ұзатылған мерзімге берілген кредитті, ақшамен қайтарғанда, немесе, ақшалай берілген кредитті тауармен қайтарғанда пайда болады. Мұндай нысан, көбінесе мемлекетаралық кредиттік қарым-қатынаста қолданылады: бір мемлекет, екінші мемлекеттен ақшалай алған кредитті тауармен қайтарғанда. Мұндай ахуал көбінесе экономикасы нашар дамыған елдермен қарым-қатынаста кездеседі. Өйткені, олардың ақшалай ресурстары жетпегендіктен, алған кредитін шикі зат ресурстарымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен қайтарады, және де дүние жүзілік бағадан әлде-қайда кем бағамен. Олай істемеген күнде, ол мерзімі өтіп кеткен кредиттер үшін, одан да артық төлем (процент) төлеуге тиісті болады.
б) Кредиттік мәмледе, кімнің несиегер (кредитор) болып қатысқанына байланысты, мемлекеттік кредит нысандары: банк кредиті, коммерциялық кредит, халықаралық, азаматтық кредиттер болып бөлінеді.
Мемлекеттік кредиттің банктік нысаны. Барлық кредит нысандарының ішінде ең көп тараған нысан. Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банктердің операцияларының ішінде кредит беруең бастысы. Екіншіден, шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландырып, оларды басқаларға несиеге беруге, банкіден басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Сондықтан, банктердің кредиттен түсетін табысы, барлық табыстың 70%- нен асады. Жоғарыда айтылғаннан, кредиттің банктік нысанының мынандай ерекшелігін байқауға болады:
- Кредит беру үшін банктер, өзінің қаржысы емес, банкке шоғырландырылған шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржылары мен жұмылдырылған депозиттерді, салымдарды пайдаланады;
- Кредит алушы (қарызгер), қарызға алған ақшадан тапқан табысы сол кредиттің өзін және оның өсімін өтеуге жеткілікті болатындай етіп пайдалануы керек. Сөйтіп, төлемділік, кредиттің банкілік нысанының ажырағысыз қасиеті (атрибуты).
Мемлекеттік кредиттің коммерциялық нысаны. Кредиттің бұл нысанында кредит беруші (несиегер) шаруашылық жүргізуші субъектілер болады. Өткенде, талай рет айтылғандай, мұндай кредиттің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр, яғни тауарды сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін алу (консигнация). Болмаса, сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі мерзім өткеннен кейін төлеу жөнінде, вексель-борышқорлық міндеттеме береді. Сондықтан, кейде несиенің бұл нысанын вексельдік нысан деп атайды.
Коммерциялық кредит, қазіргі нарық кезеңінде, тауарлық нысанда да , ақшалай нысандада кездеседі. Өйткені, қазіргі жағдайда бос ақшасы бар шаруашылық жүргізуші субъектілер, өз өнімін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге, төлем мерзімін ұзартып берумен қатар, ақшалай кредит те бере алады. Бұл кредит ісінде банктің монополиясы болмайтын нарықтық экономикаға тән қасиет.
Коммерциялық кредиттің, ақшалай нысанының өзіне тән ерекшелігі, оны құрайтын көздер уақытша шаруашылық айналымнан босаған қаржылар, ал осы кредит тауарлық нысанда болса, оған төлем мерзімін ұзарту, тауарды өткізу процесінің жалғасы болып саналады.
Сөйтіп, қарызға айналымнан босаған қаражат емес, сол процесте жүрген кәдімгі тауарлар беріледі.
Коммерциялық кредит нысандарының ерекшеліктері мынандай:
Коммерциялық кредит тауарлық нысанда Коммерциялық кредит ақшалай нысанда
Кредитке берілетін тауарға меншіктік сатушыдан сатып алушыға ауысады. Кредитке берілетін құнға меншіктік кредит берушіде қайта береді. Кредит алушы оны уақытша пайдалана алады.
Төлем мезгілін ұзартқаны үшін төлем, тауардың құнына кіреді. Кредитті пайдаланғаны үшін төлем, процент ретінде төленеді.
Мемлекеттік кредиттің халықаралық нысаны. Мемлекеттік кредиттің бұл нысаны, кредиттік мәмлеге қатынасушының бір жағы шетелдің субъектісі болған кезде пайда болады.
Мемлекеттік кредиттің азаматтық нысаны. Бұл нысан нарықтық экономикаға тән. өйткені, нарықтық экономиканың тұсында халық бай мен кедей болып жіктеледі. Байлар өзінің артық ақшаларын кедейлерге кредитке бере алады. Кредит тауарлық, не ақшалай нысанда беріле алады. Кредиттің бұл нысанының бір ерекшелігі – мұнда сенімшілік, дос жарандық көбірек орын алады: кредиттік шарт жасалуы мүмкін, қайтару мерзімі де жағдайға байланысты белгіленеді, оны мерзімді өткізіп қайтаруға да болады, қосымша төлемі де символдық болуы мүмкін, ал кей жағдайларда кредит қосымша төлемсіз берілуі мүмкін. Бірақ, мұндай кредитте ешқандай құжат жасалмайды екен деп түсінуге болмайды. Керек болған жағдайда, барлық қажетті құжаттар жасалады, оларды нотариус куәландырады, несие беру жағдайлары да қатаң болуы мүмкін. Бәрі де кредит беруші мен сұраушының өзара қарым-қатынасына байланысты.
Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары:
1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып келетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекеттің белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары..
Қарыздардың салықтардан айырмашылдығы:
Қарыздар Салықтар
1) ерікті сипаты;
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны 1) мәжбүрлеме сипаты;
2) мәжбүрлеудің анық нысаны
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі