Экономика | Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты

 Экономика | Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты

Мазмұны
Кіріспе
I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты.
1.1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.
1.2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру.
II. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары.
2.1. Қорғаныс шығындары.
2.2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын мемлекеттік шығындар.
2.3. Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары.
III. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржы саясатының маөызды өқралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Қайтарылматын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс сапарларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттің тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі ұшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер ¬ - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорына трансферттер төле;
7. мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немсе қызмет саласын әлеуметтік-экономикалық дамытуміндеттерін іске асырудың басқа неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты.
1.1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.
Мемлекет шығыстарының құрылымы және олардың ұлттық табыстағы үлесі көптеген себептерге байланысты. Бұл қоғамдық дамудың кезеңімен қатар, мемлекеттік құрылым да, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты да болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлеміне мемлекет сачсаты, экономиканың жалпы деңгейі, халықтың тұрмыс жағдайының деңгейі және экономикадағы мемлекеттік сектордың көлемі және т.б әсер етеді.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Мемлекет функциясының ұлғаюына байланысты шығыстардың құрылымы да өзгереді. Басқару шығыстары артады. Ғылыми техникалық прогрестің өсуіне байланысты мемлекеттің білім және ғылымға жұмсалатын шығындары, сонымен қатар әлеуметтік қажеттіліктер мен қорғанысқа жұмсалатын шығындары да өседі.
Мемлекеттік қажеттіліктерге біз өз табысымыздан салық төлейміз. Кез келген салық – бұл ел қорғанысына, азаматтардың қаіпсіздігі мен әлеуметтік сақтандыруларға және т.б қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік шығыстар:
a) мемлекеттің бар болу фактісімен байланысты, яғни императивтік сипатқа ие;
b) нақты уақытта, нақты мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады;
c) өзінің экономикалық табиғатына байланысты мемлекеттік шығыстардың негізгі қалыптасу көзі жалақы мен табыстардан алынатын салық болғандықтан, ол қоғамдық класстар арасындағы қатынас болып табылады.
d) негізгі массада жалпы мемлекеттік шығыстар өнімді емес, себебі олар өндірістік процестен шыққан ұлттық табыстың үлесі болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлуі;
4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне сондай¬-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеуге және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді жолдары болмаған кезде ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыты орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер болып табылады.
Мемлекеттік шығыстар 4 негізгі топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар;
2. Экономиканы қолдауға жұмсалатын шығындар;
3. Әскери шығынтар;
4. Басқаруға кететін шығындар.
Шығындардың құрылымы сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуімен өзгереді. Бұл факторлар экономикалық, әскери, әлеуметтік, саяси және т.б болуы мүмкін.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Мақсатты бағытталуына байланысты мемлекет шығындары мыналарға бөлінеді:
• қатаң қайтару мен өндіруді кеңейтуге кететін шығындар;
• мемлекеттің ағымдағы шығындары – басқаруға, әскери шараларға, зейнетақы және жәрдемақы және т.б төленетін шығындар;
• сақтандыру және резервтік қорларды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар.
Эконмикалық мазмұнына байланысты:
• жалақы;
• стипендия;
• зейнетақы және жәрдемақы;
• медикаменттер;
• тұтыну;
• кеңселік шығындар;
• жиһаз сатып алуға жұмсалатын шығындар;
• ағымдағы және капиталды жөндеуге жұмсалатын шығындар т.б.
Территориалдық белгісіне байланысты:
• жалпы мемлекеттік;
• республикалық;
• жергілікті шығындар.
Қалыптасу көздеріне байланысты:
• бюджеттік қаржыландыру;
• резервтік жән сақтандыру қорларының есебінен;
• қаржыландырудың несиелік көзіне байланысты.
Шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты мемлекет шығындарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстары, банк несиелері және кейде бюджеттік қаржы бөлу есебінен жүргізіледі;
2. Сметалық – бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен смта негізінде анықталатын әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекетік билік органдарын және қорғанысты қамтамасыз етудің қаржыландырады.
Сметалық тәртіппен қаржыландырылатын мекеме мен ұйым – бюджеттік деп аталады.
Бюджеттік қаржыландырудың клесі формалары қолданылады:
- дотациялар;
- субвенциялар;
- субсидиялар.
Дотация кезінде ақшалай қаражаттар қайтарымсыз негізде бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан кәсіпорындар менұйымдардың және жекелеген өндірушілердің залалдары, олардың кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтықты жабу үшін бөлінеді.
Субвенция – халықты әлеуметтік қолдау мен басқа да мақсаттардың бағдарламалары мен шараларына мақсатты мемлекеттік қаржылық көмек формасы, мақсатты емес пайдаланылған жағдайда қаражат қайтарымды болады.
Субсидия – іскерлік негізде белгілі бір шараларды қаржыландырудың қайтарымсыздық тәртібімен бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлар қаражаты есебінен берілетін ақшалай немесе натуралды формадағы жәрдем қаражат.
Трансферттер – бюджет және бюджеттен тыс қорлардан белгілі қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезіндегі өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаражаттардың берілуі. Әдетте, бұл: әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.с.с жүйелерді қамтамасыз етуге төленетін төлемдер.
Мемлекет шығындары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын бөлу мен пайдалану кезінде пайда болатын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен, министрліктермен, ведомостволармен және халықпен қатынасын көрсетеді.
Бюджет шығыстарын қалыптастыру кезінде бюджет арасында бөлу маңызды. Республикалық және жергілікті бюджет арасында шығыстар республикалық заң жағдайына сәйкес бөлінеді. Республикалық бюджет республикалық маңызы бар экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуды қажетті қаражаттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал жергілікті бюджеттер – территорияға сәйкес аналогтық шараларды қаржыландырады.
Республикалық бюджет қаражаттары мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік басқаруды, оның ішінде Президентті, оның аппартын, ҚР Парламентін, Конституциялық кеңесті, Есептік комитетті, Орталық сайлау комиссиясын, ҚР Үкіметін, Мнистрліктерді, Комитетттерді, Агенттіктерді және басқа да мемлекеттік басқарудың ортақ функцияларын орындайтын органдарды қамтамасыз етуге жұмсалады:
- соттық-құқықтық жүйе;
- сыртқы саяси іскерлік;
- қаржылық іскерлік;
- қорғаныс және қауіпсіздік;
- құқық қорғау ісі;
- әділет сферасындағы іскерлік;
- төтенше жағдайлар және басқа жұмыстарды ұйымдастыру.
Жергілікті бюджет қаражаттары төмендегілерді қаржыландыруға жұмсалады:
- мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі білімге, жалпы орта, орта мамандық және қосымша білім беруді;
- арнайы білім беру бағдарламаларына;
¬- жергілікті деңгейде төтенше жағдай жұмыстарын;
- кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін;
- денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;
- заңда қарастырылған жергілікті бюджеттен жәрдемақы алатын азаматтар категорияларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы беру;
- әлеуметтік қамтамасыз ету және адресті әлеуметтік көмек шараларын;
- мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы істі;
- тұрғындардың жағдайларын жақсарту, ішуге жарамды сумен қамтамасыз етуге, ағын суларды тазартуға және т.б эксплуатациялар мен құрылыстар жүргізу.
Соңғы жылдары бюджет шығыстарының ішінде білім бер, денсаулық сақтау, қоамдық тәртіп және қауісіздікті қоғамдық қамтамасыз теуге жұмсалатын шығындар үлесі көп.
1.2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру.
Нарық жағдайында әлеуметтік және экономикалық саясатты жүзеге асырудағы шаруашылық құрылыста мемлекеттің басқару аппаратының маңызы зор.
Мемлекеттік басқару көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылықтық жәе мәдени өмірін басқаруды жүзеге асырады. Алдағы экономикадағы мәселені шешу терең қайта құру мен арзан басқару жүйесін талап етеді.
Мемлекеттік басқару органдары – заңдық, атқарушы және өкілетті органдардың барлық деңгейінің, сонымен қатар персоналға қызмет көрсету аппаратының жиынтығын білдіреді.
Заң шығарушы биліктің жоғары мемлекеттік органы ¬– ҚР Парламенті, мемлекет басшысы, оның атқарушы билігі – Президент болып табылады. Атқарушы биліті ¬– Үкімет те жүзеге асырады.
Облыс, қала, аудан, округ территориясында атқарушы және өкілетті орган жергілікті администрация - әкімшілік болып табылады.Оны әкімдер басқарады, атқарушы оргадары ¬– сәйкесінше маслихаттар. Бұл органдар қоғамдық өмірдің шаруашылық және басқа сфераларын басқарады.
Мемлекеттік шығындардың ең қайшы статьясы – басқаруға жұмсалатын шығындар. Олар бір жағынан үнемі өсумен, екінші жағынан нәтижелікті бағалау критерийлерінің жоқтығымен ерекшеленеді. Оның өсуі мен төмендеу қажеттілігін тәжірибеде де, теория жүзінде деешкім осы уақытқа дейін дәлелдей алмаған. Бұл жөнінде Н.Назарбаев: чиновниктер аз болса да, сапалы болсын деп атап көрсеткен және оларға көбірек ақы төлеу қажет.
Басқаруға жұмсалатын шығындарға – заң шығарушы органдарды, ел үкіметін, құқық қорғау органдарын, сот органдары мен прокуратураны қамтамасыз ету кіреді.
Түрлі бюджеттен тыс қорлардың есебінен басқаруға жұмсалатын шығындары бюджет арналымдарынан көп...............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!