Қазақ әдебиеті | М.Мақатаев шығармашылығы

 Қазақ әдебиеті | М.Мақатаев шығармашылығы

Мазмұны
I. Кіріспе.
М.Мақатаев поэзиясының зерттелуі.
II. Негізгі бөлімі:
1.1. М.Мақатаев поэзиясындағы ұлы Отан соғысы жайлы.
1.2. М.Мақатаев шығармашылығындағы туған жер, табиғат тақырыбы.
1.3. Мұқағали шығармашылығындағы еңбек адамдарының ерлігі.
2.1. Ақын поэзиясындағы достық тақырыбы.
2.2. Мұқағали жырындағы ұлттық рух
III. Қорытынды бөлім.

Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев.
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын.
60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр.
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілін оқу-тоқуға ден қойып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кезі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы «Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын жайқалта түскен 60-
жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі,публистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»\1;88\.- деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне бастады.
Алдыңғы аға буын ақындарының саясат құрығына айналған кеңес одағының жетістіктерін ғана жырлаған өлеңдері қазақ поэзиясына салқынын тигізді.Кеңес одағының құрсаулы ақындардың кез-келген тақырыпта жырлауына мүмкіндік бермеді. Үнемі бақылап отырды. Желкелеріне қадалған қырағы көздің салдарынан қазақы салт- дәстүрді, ұлттық ерекшелікті, ұлттық қасиетті танытатын жырлар жазылмады.
Кеңес одағының бұл құрсау 60-жылдардан біршама босағандай болды. Тақырыпта қалам тербеп, ұлттық болмысты танытатын жырлар дүниеге келіп жатты. Поэзия әлемінде сол тұста қалам тербегенм ақындар арасында өзіндік қол таңбасы мен жарқырай көзге түскен Мұқағали Мақатаевтің орны бөлек.
М.Мақатаев поэзиясы ұлттық болмысты танытуда, көркемдік нақылы мен мазмұн тереңдігімен, қазақы өлең жолдарында қолдану шеберлігімен құнды.
Ақын дәуіміздің 60-70 жылдырындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген дарын. Әдебиет
есігін алғаш ашқан жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындығын танытқан, халқымыздың ауыз әдебиетінің бай мұраларынан терең сусындап, шабытына талмас қанат
байлай келген ақын Ұлы Абайды пір тұтып, өлең жырдың тылсым құдретіне бас иген , оның игі дәстүрін терең түйсікпен қабылдап, ақындық өнегесін бойына мейлінше сіңіре келді.
Әр ақынның шығармашылық жолы, оның әдебиеттке келуі, қалыптасуы, өсіп-өрбуі әр қилы. М.Мақатаев бір өлеңінде:
«Шындықтың ауылында қазынам бар,
Шыр айналып соны іздеп алаңдаймын...» \3;12\-деген еді. Мұнда оның ақындық беті, мақсаты тұрақты аңсар мұраты, іңкәрлік әлемі аңғарылады.
... «Егер біз ақынның өмірі жырынан бастаады десек, ақынның жыры алдымен өз өмірімен басталатынын есте ұстаймыз»,-деген еді Мұқағали.Біз ақынның азаматтық, философиялық лирикасын сөз етпес бұрын ақынның өз сөзін еске түсіреміз.
« Егер бір кездерде менің өмірім,шығармашылығым әлде кімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім; менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын. Естеріңде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түкте емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»-деп ақын өзінің асыл мұраларын зерттеп, қолға алушыға осындай ізгі тілегін айтып қалдырды.Сондықтан да ақынның
шығармашылығын зерттеп, қолға алушыға осындай ізгі тілегін айтып қалдырды. Сондықтан да ақынның шығармашылығын зерттеп, оған пікір айтуда оның осы ескертулерін ескермесек ақын мұрасының қиянат еттік деген терең ойға қаламыз.
Ақиқатында Мұқағали Мақатаев өзінің айқын азаматтық даусымен, терең философиялық ойымен, өткір саяси әуенімен поэзияға жаңаша мазмұн түр әкеліп мол үлес қосқан ақындарымыздың бірі-оның жоғарыдағыдай ізгі тілек айтуына әбденқақысы бар.
Асылымда Мұқағали лирикасының тақырыбы алуан. Ақын қай тақырыпта жырласа да, нені суреттесе де дәуірдің сан қилы көрністерін, реалистік шындық пен дәл, айқын бейнелеп, өз замандастарының биік тұлғасын шеберлікпен нақты жасап шықты... \4;19\
60-70 жылдарда Мұқағали жырлары сол жылдардың көркем тілімен жазылған тұтас бір шежіресі секілді, көз алдыңа үлкен бір көркем сурет голериясын жайып салды. Атап айтқанда қазақтың қара өлеңінің құдіретін терең сырын, бір ғана ақын меңгерген болса, арқалы ақын осы Мұқағали игерді десек қателспейміз. Ақынның «Ақынмын деп мен қалай мен айта аламын, халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...»,-деп бар даусымен мойындап, әділ бағасын өзі айтқаны бекер емес. Себебі, ақын поэзия әлеміндегі әсем де, нәзік сезім құдіретін, ақындық мұзаны осы қара өлеңнен іздеді. Әрі өз шығармаларында жан-жақты жүрек тебіренісі мен, өз үні, өз даусы, өз соны соқпағымен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен образ жасап жыр кестелерін жасады. Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері, өзгеге ұқсамас сырымен қырында жатыр. Ақын өз шығармаларында өмірдің қалтарыс жан-жансырын, ешкімге-сезім бермейтін жүрек түкпірінен шымырлап қайнап пісіп шыққан нәзік сезіммен жырлады. Ақынның тұрмыста көрген, есіткен нәрселерді қалай болса солай суреттеуге жаны қас, өзімен замандас қаламгерлердей әр тақырыбы әр көрініс беріп, бірімен- бірі байланыспай өзінше жырлануынан Мұқағали шығармалары көш ілгері алда, одан мүлде аулақ. Ақын шығармашылығын түгелдей оқып, оған терең ой жіберіп қарасақ, онда ақынның бүкіл шығармаларында бір тұтастық, бірінің-бірі жалғасы іспетті сабақтастық барын білуге болады.
Жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын, көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлау екінің бірінің қолынан келе беретін нәрсе емес, бұл тек жұлдызы жоғары өзін жыр жолына арнаған үлкен таланттың қолынан келеді. Ақынның сыршыл ыстық лирикасын өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, оларды жақсы жырдың адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан-жүрегін баурап алды.
М.Мақатаевтің бізге қалдырған асыл мұраларын тұтастай алып қарасақ, онда олар қазақ әдебиетінде өзінше ерен биік арқасынан қар кетпейтін өркеш-өркеш жоталы тау болып өз алдына бөлек тұр. Ақиқатында М Мақатаевтің әр түрлі әдеби жанырларда жазған еңбектері алуа-алуан. Солардың ішінен 1972 жылғы «Қазақ жырларының бір жылы» деген әдеби сын мақаласын айтып өтсек орынды. Сол жылғы баспадан шыққан ақындардың өлең жинақтарында пікір жазған бұл мақалада ақынның әділ сыны оның жыр әлеміндегі бүгінгі күннің жастардың жүрек лүпілін, пәк сезімін көркем тілде жеткізе алғанын, сонымен қатар әрі жетістігін, әрі кемшіліктерін мысалдармен дәлелдеп, кешіліктерден құтылу жолына бағдар бере отырып, көптеген жақсы пікірін келтіргенін көреміз.
Ақынның «Рух және сезім» атты мақаласы көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын жер енді» деген ғарыш жайлы, ғарышкер Юрий Гагарин жайлы поэмасына қысқаша шолу. «Сезім найзағайы» деген мақаласында белгілі ақын Қадір Мырзалиевтің поэзиясына өзінің ақындық көз қарасымен қарап әділ бағасын береді.
Ақын «1969» жылғы қазақ поэзиясы атты еңбегінде жалпы қазақ поэзиясының даму сатысына шолу жасаумен бірге, бүгінгі қазақ поэзиясынң ерен жүйріктерінің творчествосына талдау жасайды. 1969 жылғы баспадан жарық көрген бір топ ақындардың жинақтарына талдау жасай отырып, олардың жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар аударып, одан құтылу жолддарына сілтеме ретінде ой-пікір туғызды.
М.Мақатаев проза саласында қалам тербеген жазушы. Оның 1988 жылы «Жазушы» баспадан жарық көрген «Қош махаббат» атты прозалық шығармалары (әңгімелер, повестер, пьеса, мақалалар) оған енген «Құлпы тас», «Маусияның тауы», «Өзгермепті», «Әже әңгімелерә», «Қос қарлығаш», «Жыл құстары», повестері мен «Қош махаббат» ұш актілі, тоғыз оқиғалы, прологы, эпилогы бар драма. Пьесасын келтірсек орынды. Бұл өзі әр жылдарда қара сөзбен жазылған ақынныфң үзлдік-үздік жансары, пәк сезімі ақын поэзияда қалдай шарықтаса, тап сондай күйде қара сөзбен де өзінің творчестволық шеберлігін таныта алған.
М.Мақатаев белгілі дәрежеде аударма мен де айналысты. Ол Американың ұлы ақыны Уальт Уитьменнің өлеңдерін аударып «Шөп жапырақтары» деген атпен 1969 жылы «жазуш» баспасына кітап етіп шығарды, бұдан кейін ағылшынның әйгілі ақын-драматургі, трагигі Вильям Шекспирдің «Сонеттерін» қазақ тіліне аударды. \ 5;4\
Өнерлі жанның өмірін де қысқа ғана шолып өтер болсақ, Мұқағали 1931 жылы 9-ақпан күні Алматы облысының, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген ауылда дүниеге келді. Балалық шағы ұлы Отан соғысымен тұстас.
Мұқағали туған жерінің табиғаты бөлек, қарағай, шырша, қайыңы сырласқан ақбас Елшен бүйрек тауларының баурайында айнадай жарқыраған Тұзкөлдің, бұрқырып аққан асау тау өзені Қарасудың бойында және де кейінірек өзінің жырына арқау болған Шәлкөде, Шәкәрімбал, Шибут, Шолақ, Дардамбы, Шоқанасқан деп аталатын жайлауларда жылқы бақса, бірде алтын алқаптан масақ теріп өседі.
Өзінің туған жерін Мұқағали бірде былайша жырлаған еді:
Қарасаз мен туған жер баурайдағы,
Жақанда жер біткеннің бал қаймағы.
Ақынның әкесі Сүлеймен еліне елеулі, халқына қастерлі азамат екен. Әкесін жырға қосып:
Мені жұрт: «жақсыдан қалған көз» дейді,
«Жақсыдан қалған сөз» дейді.
Ақымақ болсам төзбейді,
Қайуан дейді, өз дейді,
Қақым жоқ жаман болуға,
Мені жақсыдан қалған көз дейді...\5;56\-деп
тебіренуі тектен тек емес. Әкесі соғысқа кеткенде, соғыс жылдарында әжесі Тйынның қолында қалған Мұқағали он жаста еді. Өзі тұстас балалармен бірге тіс соқамен жер жыртып, қол орақпен астық орып, бау байлайды. Аңыздардан масақ терді.
«Мұқағали өте зерек, алғыр еді. Сол кездің өзінде-ақ өлең жазатын қабілеті байқалатын. Бір күні:
Жарты ай тұр шар аспанда тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?
Әжем тұр туған жердің топырағын
Тұмарғып тігіп жатыр бос қалтаға ,-
деп өлең оқыды. Сол өлеңнің «1941 жыл. Ақпан» -деген өлеңді жазуға себеп болғанын кейін білдім»,-дейді Әбдіке. \5;20\
Мұқағалидің әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қараша айында аттанып, содан қайтып келмеген. Мұқағали соғыстың ауыр күндері 1944 жылы қолына құрақ алып «Жырғалбай тамы», « Тасыбаы тамы» деген жайлауларда жылқы баққан. Оған куә ақынның «Есімде жылқы баққаным» деген өлеңі.
Мұқағали жесір қалған әжелерімен шешелерді де қолқабыс тигізді. Соғыстың ауыртпалығынан болған азық-түліктің жетіспеуі Мұқағали секілді балаларды мұқата алмады. Қайта шынықтырды. Осындай қиын кезеңдерде де ақынның қолынан қаламы мен дәптері қолынан түспеді.
М.Мақатаев 1948 жылы Райымбек орта мектебінің 10-шы класын жиырма сегіз оқушының бірі болып, үздік бағамен бітірді. Ол кезде мектеп директоры Әбіл Дәлденбаев, класс жетекшісі Шәйхан Мұқаева еді. Мектеп қабырғасында жүріп өлең жаза бастады. Мұқағалидің алғаш өлеңі 1948 жылы аудандық газетте «Советтік шекара» да жарық көрді. Содан бастап Мұқағалидің ара кідік өлеңдері жарық көре бастады. Мұқағали 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі Бірақ, оған университет жатаханасынан орын тимейді.
1953 жылы Мұқағали Алматыдағы шеттілдері институтының неміс тілі факультетіне оқуа түсіп, жағдайына байланысты оқи алмайды.
1952 жылдан бастап Мұағали Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінен сабақ бере бастайды,
Міне, осы жылдары көп ізденіп, көп оқып, өзінің білімін жан-жақты жетілдіреді. Ауылдағы почта арқылы жаздырып алып, орыстың атақты ақын жазушыларының еңбектерімен танысады. Атап айтқанда: А. С.Пушкиннің, А.Л.Горкийдің, А.Блоктың, С.Есениннің, М.А.Шолоховтың, А.Сурковтың, А.Твардовскийдің тағы басқа сондай-ақ бұлардан басқа шетел әдебиеттерінен де алдырып оқитын еді. Әсіресе Бальзак, Байрон, Гейне, Гете, Стендальдің шығармаларын соның ішінде Шекспирдің шығармаларын, Бальзакты жақсы көргендігін білеміз. Бұл кітаптарды Қарасазға Лашынның туысқан ағасы Әбдімтәліп Әзімжанов Мәскеуде оқып жүріп, Мұқағалидің ерекше талантын танып, әрі жоғары бағалап, елге жіберіп тұрған.
М.мақатаев жоғарыда аталған ақын-жазушылардың шығармаларын зеректікпен алғырлықпен, тереңнен түсініп, қызығып оқиды. Классикалық көркем шығармалардан рухани азық алып өзінің жан-дүниесінің нәзік сезімін азаматтық көзқарасын өлшеусіз дәрежеде байытты. Міне, бұл кезең Мұқағалидің жаңа бүршік шығарған жауқазындай ашылып, поэзия әлеміне немесе поэзия нәзік тылсымды нәзік болмысына жүрек сезімімен келіп, қиын да, жауапты поэзия азабына жан-тәнімен беріліп, ақындық шабытпен күн-түні демей сарыла шығармашылық іздену, үйрену дәуірі еді.
Ақынның алғашқы кітабы 1964 жылы «Ильич» деген атпен жарық көрді. Міне, содан бастап көлемі жұқа болса да мазмұны терең поэмалр мен өлеңдерден құрастырылған кітаптары шыға бастады. Оларды арнайы атасақ: «Армысыңдар достар» 1961 жыл, «Қарлығашым келдің бе?» (1968 жыл), «Мавр» (1970), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйытағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976) жжылы жазушы баспасынан жарық көрді. Бұл жерде айта кететін бір жай осы «Өмір дастан» таңдамалысы ақынның көзі мен көріп қолмен ұстап сүйсінген көзі тірісндегі соңғы кітабы.
Алып жүректі арқылы ақынның өзі өлгенмен артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, қайта жалындап, бірнеше кітап болыпр баспадан шығып, өзінің жыр сүйер халқымен табысып, мәңгілік өмірін одан әрі жалғастыруда бұл кітптарды төмендегіше айтуға болады: «Өмір-өзен» (1979), «Бәсіре»(1981), «Завдуши стихи» (1981) , «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош махаббат» (1988), «Жырлайды жүрек» (1989), «Аманат» (1992), «Қарасаздан ұшқан қалығаш» (1994), «Армысыңдар достар» (1966) жинағы ақынның туғанына 60-жылдық тойы қарсаңында шыққан. Содан кейін үш томдық, төрт томдық шығрамалар жинағы сонымен қатар «Мұқағали дастан» сияқты естелік.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?