Мына 4 адамның ұстаған оразасы қабыл болмайды

Мына 4 адамның ұстаған оразасы қабыл болмайды

Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн бойы аузын бекітіп, ораза тұтқан әр мұсылман қашан да Алланың назарында жүреді. Дей тұрғанмен, оразаны таңнан қара кешке дейін аш жүру деп ұғатындар да жетерлік. Ораза ұстағанымен, өзін ұстай алмаған адамдардың ниеті де, дұғасы да қабыл болмайды.

Осы орайда «Нұр Астана» мешітінің имамы Дәурен Мүслімов ораза кезінде қандай адамдардың ниеті қабыл болмайтынын айтты.

“Алла қаншалықты ұлық, Рамазан айы қаншалықты қасиетті болса да, мына 4 түрлі адамның тілегі, ниеті қабыл болмайды. Біріншісі ішімдік ішетіндер, екіншісі ата-анасымен байланысын үзгендер, үшіншісі – туысқандарымен байланысты үзгендер, төртінші – біреуге кек сақтап, өш алғысы келетіндер. Бұл адамдардың тілеген тілегі орындалмайды, күнәлары кешірілмейді. Сондықтан да ағайындарыңмен араздасып, араласпай кеткендер болса, кешірім сұраңдар, кешірімді болыңдар. Рамазан айын жақсы іспен бастаңдар”, - деді имам.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!