Әжімді азайтатын маска

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер.

✅ Қажетті ингридиенттер:

- сүт;

- 3 ас қасық ұн;

- 1 жұмыртқа.

✅ Ыдысқа 3 ас қасық ұн саламыз. Ұнға жылы сүт құйып, қоймалжың күйге енгенше ағаш қасықпен араластырамыз. Қоспаға жұмыртқаның сарыуызын салып, араластырамыз. Масканы жылы күйінде бетке және мойынға қалың етіп жағамыз. 15-20 минут демалып жата тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

✅ Арасына уақыт салмай, бетіңізге банан езбесін немесе үй қаймағын жағып, 10 минут шамасында ұстаңыз. Содан соң бетіңізді жылы сумен жуыңыз. Әжімдердің азайғанын өзіңіз де байқайсыз. Аптасына бір рет немесе екі жетіде бір рет жасауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі