Психология | Психика мен сана

 Психология | Психика мен сана

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

І Бөлім Психика мен сананың негізгі түрлері мен қасиеттерінің ерекшеліктері мен физиологиялық негіздері

1.1 Психика мен сананың негізгі түрлері мен қасиеттері................................... 4
1.2 Психика мен сананың негізгі ерекшеліктері...................................................5
1.3 Психика мен сананың физиологиялық негіздері .........................................10

ІІ Бөлім Психика мен сананың негізгі типтік айырмашылықтары

2.1 Психика мен сананың айырмашылықтары .................................................14
2.2 Жануарлар мен психиканың түрлері............................................................17
2.3 Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар .....................28

ІІІ Қорытынды.....................................................................................................31
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................32
Қосымшалар.........................................................................................................33


1.1 Психика мен сананың негізгі түрлері мен қасиеттері

Психика туралы матералистер мен идеялистер арасында ұзақ жолдар бойы бітпес айтыс жүріп келді.
Идеалистер – психика материядан бұрын – бірінші, яғни материяға қатыссыз дамиды деді. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер – қабілет, мінез – темперамент, жеке адамның адамгершілік сапасы – адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады.
Материалистік тұрғыда психиканы материадан кейінгі екінші құбылыс деп түсіндіріледі.
Біз тіршілік етіп отырған жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деп жорамалданды. Бұдан 2,5 - 3,0 миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Тек ұзақ дәуірлерге созылған эволюциялық даму нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс – психиканы тудырды.
Материалистік ілім – психика табиғаттан тыс ғажайып күш емес, жансыз зат емес, керісінше психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі материя – мидың қасиеті деп үйретеді. Алш психика ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті. Мұны жануарларға адамдарға жасалған көптеген тәжірибелерден байқауға болады.
Психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттармен құбылыстардың мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, адамның алуан – алуан гойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат – мүдделеріне орай тітіркеніп икемделеді. Осы жайыттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы орта мен қарым - қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді. Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі – тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологоиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі –тарихи процесс.Ол адамның қоғамдағы еңбегі,дыбысты тілі,сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.


1.2 Психика мен сананың негізгі ерекшеліктері

Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.
Психика – адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат - мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбенктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Адам өзі өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болып,белгілі заңдылықтар бойынша дамиды,сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай,оны саналы түрде өзгертеді.Сөйтіп,өз ықпалына бағындырады,сырттан алынатын сан алуан хабарларды қалыптасқан іс- тәжірибемен салыстырады. Ненің пайдалы екенін,ненің зиянды екенін,ой жүгіртіп сараптайды және саналы түрде ой қорытады. Адамның психикалық құбылыстарда бейнеленуі-адам миында қалай бейнеленгендігіне байланысты.Бұл әркімнің өмір тәжірбиесіне,білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады.
Болмыс пен шындыктың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірбиесімен байланысты.Адам өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бейнеленген ұғымды, ғылыми мағлұматтарды, мүддесін шындыққа жанастырады, олардың ақиқаттығын дәлелдеуге елеулі қадам жасайды. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи-заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады.
Материя табиғатты зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Қозғалыс – материя ішінде даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болады, үнемі өзгеріп, дамып отырады.
Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуы мен байланысты. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады.
Тітіркену – барлық өсімдіктермен жәндіктер дүниесіне тән. Тітіркену – тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктық қасиет. Мұндай тітіркену қарапайым бір клеткалы организмдер – амебаларда болады.
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа түрі – сезімталдық – тірі организмнің сыртқы әсерінен тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал қызметін атқарады. Жануарлар психикасында инстинкт (соқыр сезім ) әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Жануарлар психикасы дамыған сайын, оларда интелектік мінез пайда болады. Интелектік мінез – жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әрқилы әрекет- қимыл көрсетеді. Ал адам өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейімдеп қана қоймай, оны өзгертеді.
Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығы оның өсіп,дамып отыратындығы ғылымға ертеден-ақ белгілі болған.Оның сан алуан сапалы өзгеріс нәтижесіндепайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүйене отырып түсіндіреді.Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықпен қатар, осы мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді.Дегенмен,бұл теория жалпы дамудың сонымен бірге психикалық дамудың қалай өсетіндігін,ескінің жоғалып,жаңаның пайда болу проблемаларын шеше алмауы. Эволюциялық теорияда психиканың өсіп даму жөнінде,өсіп даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар деп түсіндіреді.Ең әдепті павйда болган сараптар,бастапқы қалпын өзгертпей көбейіп,ұлғайып не болмаса азайып,кішіриіп отырады.Оларда сапалар пайда болып,көп өзгерістерге ұшырамай, сол күйінде құрып отырады,сөйтіп олардың орныңа жаңа белгілер,қасиеттер сапалар пайда болады.Даму-сапалық емес,жалғыз ғана сапалық даму.Ескі сапалар құрып,олардың орнынаижаңа сапаларпайда болмайды.Даму –бір қалыпты,біркелкі жайбарақат қана дамып отырады.
Даму процесінде революциялық жолға орын жоқ, даму –эволюциялық жолмен жүреді. Эволюциялық теорияның мұндай қате көзқарасының нәтижесінен бір санада ұшырайтын фактілерді ешбір өзгертпей басқа салаларға көшіруге болады деген жалған ұғым туады.Яғнги, дамудың төменгі сатысында пайда болған қаситтерді техникалықтүрде дамудың жоғарғы сатысына көшіруге болады. Мысалы төменгі сатыда ғы тұрған хайуанаттардың психикалық әрекетін адамға,немесе адамдікін хацуанаттарға көшіруге түсінуге болады деп түсінуге болады.Мұны антроморфизмдік жол дейміз. Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін,әсіресе психиканың өсіп дамуын, көзқароасын аша алмады дейміз.
Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін, әсіресе психиканың өсіп дамуын,көзқарасын жеткілікті аша алмды дейміз. Мұны тек диалектикалық материализм философиясы дұрыс жауап берді. Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша,даму дегеніміз жай ғана өсу емес,ол даму кезінде ескі салалар өзгеріп, жойылып,олардың,орнына жаңа салалар пайда болды.Даму бірқалыпты жайбарақат өсіп отырмайды,өзгеріске секірмелі түрде өсіп дамиды,сандық өзгеріс сапалыққа айналады.
Оларда бір қалыпрта тұрмай, әрдайым бұрынғыдан да жаңа сапалардың пайда болуыңа дайындық жасап,оған негіз болады. Олай болса даму процесінің төменгі сатысында тұрған жәндіктердің қылықтарын,жоғарғы сатыдағы хайуанаттардың қылықтарыңа теңеуге, кейіңгңілердің қылықтарын дамуцдың ең жоғарғы сатысында тұрған адамдардың қылықтарымен салыстыруға болмайды.Оларды арасынан сан жағынан емес, сапа жағынан да айырмашылық бар. Психиканың дамуына жалғыз сыртқы даму, сыртқы өзгеріс ғана емес,психиканың өзінің мазмұныңдағы ішкі сапалық дамумен де байланысты.Психиканың мазмұны әсер етуші болмыс мазмұнына байланысты,соларға тәуелді.Бірақ, психика өзіңдік әсер етіп, белсенді болса, сыртқы дүние сәулесі ретінде, өзінше сол дүниеге әсер ете алса, міне, осы жағдайда ғана өсіп,дами алады. Психика- жүйке саласының қасиеті.Тірі жәндіктерге психика пайда болу үшін оларда туысынан биологиялық жағдайлар болу керек.Ал, психикалық ол тек биологиялық негіздердің ғана нәтижесі ғана емес,сыртқы дүние бұл биологиялық негіздерге,яғни жүйке саласына әсер еткен жағдайда ғана психика пайда болып,өсіп,дамиды.Егер жалғыз ғана биологиялық жағдай болғанымен,оған сыртқы дүние әсер етпесе,психика пайда болмайды.Психика –сыртқы дүниенің сәулесі.хайуанаттарға сыртқы дүние,адамға –тарихи әлеуметтік жағджайларадамның биологиялық негіздеріне әсер етеді,психиканың дамуын меңгеріп, басқарып отырады. Даму процестерінде жәңдіктердің жүцке саласы,сезім мүшелері пайда болады,ол күрделенеді. Ал адамда осы даму процесінде психиканың ең айрықша сапасы-сана пайда болады. Дүниедегі физикалық,яғни химиялық қоздырғыштар жәндіктердің организміне әсер етіп,олардың бұлшық еттерін ширатып, босаусытып отырады. Жәндік еріксізден –еріксіз өз қалауынсыз қимылдайды, әрекет етеді. Жак Лебтің зерттеуілерінде төменгі сатыда тұрған,жәндіктердің және құрт- құмырсқалардың әрекеттері сыртқы қоздырғыштардың әрекеттерінен тәнболатын физикалық- химиялық процестермен басқарылып отыратыныанықталған. Мысалы,күннің сәулексі түскен жаққа күн өзінің басын бұрады,кейбір гүлдердің ашылуын, ал, жәндіктердің әсер етуші заттарға қарай жылжуын тропизм әрекеттері деу болады. Бірақ, Лебтің тәжірбиелері қаншалықты қызықты болғанымен, олар төменгі сатыда тұрған жәңдіктердің күрделі қылықтарын дұрыс түсіндіре алмайды.
Американың биолог ғалымдары инфузориялармен тәжірбие жүргізіп,Лебтің теориясының дұрыс еместігін көрсетті. Олардың айтуынша жануарлар инфозурлық әсер етуші заттарға қарай жылжудан басқа да, өздігінен де әрекет етеді деп көрсетті. Жак Лебтің өз зерттеуінде суға инфузориялық электр тогын жібереді де, соған қарай жылжып отырады деген қағидасын,американдықтар жәндіктер әрекетінің бәрі түгелімен физикалық-химиялық қоздырғыштардың әсеріне бағынып,өздігінен ешбір әрекет атқара алмайды деуі қате түсінік.Қоздырғыштардың сипатына қарай тропизмнің бірнеше түрін ажыратуға болады, фототропизм –жарықтың әсерінен пайда болатын тропизм ,гемотропизм –күн сәулесінің әсерінен пайда болатын тропизм гемуатропизм –электр әсерінен пайда болатын тропизм, термотропизм- температураның өзгеруінен пайда болатын тропизм.Егер химия әсер етуші заттарға қарай беттелсе –оны беттелу тропизм деп, ал егер қимыл әсер етуші заттан кейін қайтса –оны шегіну тропизмі деп атайды. Жак Лебтің тропизм туралы теориясы –механистік теория. Ол адамның қылығынан психологияны алып тастап, оны физикалық –химиялық процестермен ғана түсіндірмекші болды. Леб хайуанаттардың соқыр сезімдерін (инстиктердің физикалық- химиялық процестері арқылы түсіндіруге болатын тропизмге,адам қылықтарын хайуанаттардың соқыр сезімді қылықтарына теңеді, сөйтіп, адамның да қылықтарын физикалық- химиялық әрекеттермен түсіндіргісі келді. Бұл теория бойынша адам белсенді түрде өздігінен әрекет ете алмайды, адам қылықтары сыртқы дүние дегі заттардың әсерінің ықпалында болады,сол заттар адамның әрекеттерін басқарып,билеп отырады деген пікірде болды. Психика органикалық материяның барлығында бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Психика материяның жоғарғы формаларының, жанды материяның қаситі.Тірі материяның төменгі түрлері қарапайым организмдер тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық ал жоғарғы түрлері сезгіштік заттардың қасиетіне бейнелей алу қасиет тән. Сезгіштік- психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түсіну қабілеті. Түйсік орталық нерв жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүйесінің дамумен шарттас. Ал, нерв жүйесі құрылысыныңкүрделене түсуі психиканың күрделене түсуіңе, оның жоғарғы формаларының пайда болуыңа жағдай туғызған.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Олай болса, сол дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарап, бір нәрсеге ұқсату, оймен салыстыру – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол – сананы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көргендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін, немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі де мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музикалық аспаптардың клавиштерін, пернелерін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап, толғанып жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
Әрбір адамның психикасында санасыздық та (иррационалдық), ақылсыздық та (нерационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомабиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан үйреншікті дағдымен атқарып үйренген. Бұл - өмір диалектикасы. Философияда саналық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келеді. Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Ғылым бұл пікірді қостамайды. Дегенмен адам өмірінде ақылдылықпен қатар ақылсыздық та бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық не ақылсыздық әрекеттері де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинкті ақылсыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптен келгенде адам миынан онша алық кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті, қасиетімен бақаланатын психикалық процесс. Саналық пен ақылсыздық қасиеттердің арасы жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңаклықтарда, көргендік түстерде санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д. И. Менделеев химиялық элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде көрген. Олай болса, ақылсыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұратынын байқаймыз. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?