Тақпақ, өлең: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (балабақша, бастауыш)

Тақпақ, өлең: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (балабақша, бастауыш)

Тәуелсіз елім

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
Әлі де шығар аланға Отан үшин
Карсы аккан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсинеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!

Қайрат Әлімқұлов - Тәуелсіздік алған күн

Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.

Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.

Тәуелсіздікке 25 жыл!

«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна

Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.


Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
2 "б" сынып оқушысы: Елемес Аяна
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Альдешова Эльмира Балгабаевна

Тәуелсіздік ел мұраты,
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.

Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.

Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.


Отаным менің мекенім асыл ардағым,
Көк майса шалғын,айдынды сулар жан – жағың.
Жасампаз жолда дамушы елім мәңгілік,
Самғай бер көкте,қазағым менің талмағың
Тұрғазина Нұрсая

Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің бастауы.
Ебінов Жанарыс

Тәуелсіздік—бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.
Серікбосынов Мұхамеджан

Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын.
Бауыржанұлы Нұралы

Жадырап жарқын жүзіміз,
Жарқырап әрбір күніміз.
Ертеңінен елімнің ,
Үміт күткеннің біріміз.

Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандап.

Намысты бермей қолынан,
Күрескен соның жолында.
Елім деп кеткен ерлерім,
Еркіндіті сендер әперген.

Еңсесі биік Елорда,
Мәңгілік ел бол қашанда.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.
ШҚО.Абай ауданы,Архат ауылы
С.Бекбосынов орта мектебі
Жанатбекова Шырай

ЖЕЛТОҚСАН

Алтыныңды айырбастап қолаға,
Отаныңды айналдырса молаға.
Өз тіліңді босағаға лақтырып,
Өз еліңде күн кешуге бола ма?!

Сол кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс өлсе керегі не басқаның.

Сен қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл – қызыңның қаны судай шашылды,
Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.

Борыштармыз азат елдің таңына

Тәуелсіздік – деген ұлы сезімім,
Алла берген аманат.
Мен бір сонау әпкелердің көзімін,
Жүрер ме екен жазалап.

Менің үшін, балам үшін күрескен,
Азат таңды әперіп.
Егемен ел ертеңіне ілескем,
Мұнша бақты көтеріп!
Қара жерге жас тәнімен құлаған,
«Қазақпын» деп жазығы.
Желтоқсанның желін жұтып жылаған,
Құлағымда наз үні…

Желтоқсан айы келгенде,
Қазақтың намысты ұл — қыздары,
Өмірлерін қатерге тіккенінде
Ақыры алып берді,олар бізге ,
Мерекелі,тәуелсіздігімізді!

Біз бақытты баламыз,
Тәуелсіз елдің ұланы.
Мәңгі жасап ,гүлденеміз,
Ұлы елдің қыраны.

Аппақ таңның алақаны оятар,
Бал өмірім – жанымда.
Қиялымның тал шыбығы бүр атар,
…парызым бар– арымда…

Ол борышым өтелер ме өлмесем,
Бос сермемей қаламды.
Ұрпағымды ұлт тіліне көн десем,
Сөндірме деп санаңды.

Жатырымнан шыққан ұлым бүлінбей,
Тектілігін сақтаса.
Туған елдің бейнетіне бүгілмей,
«Абай жолын» жаттаса!

Отан деген- атамекен.
Отанымды сүйемін мен.
Отан жерім,Отан елім
Міне,менің Қазақ жерім.

Желтоқсанның қанды суық ызғары.
Қалың жұртым,қазағымды қорлады.
Тәуелсіздік қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.

Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

542 -317


Теги

тақпақ тәуелсіздік туралы тәуелсіздік туралы тақпақтар қазақша тәуелсіздік күні туралы тақпақ тәуелсіздік күні туралы тақпақтар тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар 16 желтоксан тауелсиздик куни такпак 16 желтоксан тауелсиздик кунине такпак тақпақ тәуелсіздік туралы, тәуелсіздік туралы тақпақтар қазақша, тәуелсіздік күні туралы тақпақ, тәуелсіздік күні туралы тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, 16 желтоксан тауелсиздик куни такпак, 16 желтоксан тауелсиздик кунине такпактар, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы тақпақ, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер, тәуелсіздікке 25 жыл тақпақтар тақпақ, тауелсиздик 25 жыл такпак такпактар, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы, тақпақ, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні, 16 желтоқсан, тәуелсіздік күні, тәуелсіздік, 16 желтоксан тауелсиздик кунине, такпактар, 16 желтоксан, тауелсиздик кунине, тауелсиздик куни, тауелсиздик, такпак, taқpaқ tәuelsizdik turaly, tәuelsizdik turaly taқpaқtar қazaқsha, tәuelsizdik kүni turaly taқpaқ, tәuelsizdik kүni turaly taқpaқtar, tәuelsizdik turaly өleңder men taқpaқtar, 16 zheltoksan tauelsizdik kuni takpak, 16 zheltoksan tauelsizdik kunine takpaktar, 16 zheltoқsan tәuelsizdik kүni turaly taқpaқ, 16 zheltoқsan tәuelsizdik kүnine arnalғan taқpaқtar, 16 zheltoқsan tәuelsizdik kүnine arnalғan өleңder, tәuelsizdikke 25 zhyl taқpaқtar taқpaқ, tauelsizdik 25 zhyl takpak takpaktar, 16 zheltoқsan tәuelsizdik kүni turaly, taқpaқ, 16 zheltoқsan tәuelsizdik kүni, 16 zheltoқsan, tәuelsizdik kүni, tәuelsizdik, 16 zheltoksan tauelsizdik kunine, takpaktar, 16 zheltoksan, tauelsizdik kunine, tauelsizdik kuni, tauelsizdik, takpak, тақпақ тәуелсіздік балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, өлең тәуелсіздік балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, стихи для детей на казахском, детские стихи на казахском, казакша такпак балаларга такпактар, балаларға қазақша тақпақ тақпақтар, тақпақ балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, казакша олен балаларга олендер, балаларға қазақша өлең өлеңдер, детские стихи стихи для детей на казахском, өлең балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, тауелсиздик туралы такпак балабакша, тауелсиздик туралы олен авторымен текст, тәуелсіздік туралы тақпақ балабақша, тәуелсіздік туралы тақпақ бастауыш сынып, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы тақпақтар
Комментарии для сайта Cackle