Ойландыратын өмірлік оқиғалар

Ойландыратын өмірлік оқиғалар

1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай...

2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!!

3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.

4. Бүгін дүкенге барғанда шамамен сегіз жасар қызды көрдім. Ол дүкен алдында жатқан үлкен итті сипалап, онымен сөйлесіп отырды. Сәл әріректе ата-анасы тұр екен. Қол ұстасқан екеу өте бақытты екені байқалды. Олардан қыздарының аутизммен ауыратынын білдім. Қызының бүтін сөйлеммен бірінші рет сөйлесіп жатқанын естіп, екеуі қуаныштарын қойнына сыйдыра алмай тұрған сәттеріне куә болдым.

5. Бүгін мен соңғы бес жыл тек өзімді ғана ойлағанымды түсіндім. Енді ол кеткен соң тек оны ойлаумен күн өтіп жатыр.

6. Бүгін төрт жасар балам онымен динозавр болып ойнауымды өтінді. Мен келістім. Бірақ ол соған қатты таң қалды. Ол менен «жоқ» деген жауап күткенін түсінгенімде, есім шықты.

7. Соңғы бес жыл бойы өзім ғашық болып жүрген бойжеткен бүгін менен ақыл сұрады. Жігітімен айырылысқаны жөн бе, жоқ па деді. Ол жігіт сені жақсы көреді, үнемі қамқорлық танытады деп ақыл айтып, айырылыспағаның дұрыс деп кеңес бердім. Бірақ ішімнен әрі қимай қиналдым, әрі өзімшілдікке салынбай, оған деген сезіміме қарамай дұрыс ақыл айтқаныма қуандым. Мен әлі де адамгершілік жасай алады екем.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?