Бала тәрбиесі Тіл алғыштық
Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?
Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады.
Шашылған ойыншықтарды не үйді жинағысы келмесе ше? Бұл жағдайда ойын әдісімен үйретуге болады. Бала үшін «бірінші», «тез» деген ұғымдар бәсекелестіктің ең алғашқы сатысы. «Кім көп ойыншық жинайды?» деп, бар ойыншықты тез-тез жинатып үйретесіз. Ал үй тазалағанда да «Кімнің сөресі таза болады екен?» деп сөре шаңдарын сүртіп үйретуге болады. Ойын арқылы бала ұнатпайтын істі жасатуға да болады.
Тыйым салу
«Болмайды» деген сөзбен-ақ әрқашан қалағыныңның бола бермейтінін түсіндіру керек. Балалық шақта кей жағдайларда рұқсат бермейтін кездер болады. Оның себебін ашып айту қажет. Психологияда рұқсат бермеудің де өзіндік шарттары бар екен.
1. Ереже
Психологтар баланың белсенділігін төрт түрлі түске бөлуде ұсынады:
Жасыл — бұл өзі қалаған кейбір жағдайларға рұқсат берілетін шарттар. Мысалы, ол қай ойыншықпен ойнайтынын өзі біледі.
Сары — рұқсат етілген, бірақ бір шартпен ғана. Мысалы, үй тапсырмасын жасап бол, сосын серуендейміз.
Қызғылт-сары — кей жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мысалы, бүгін мейрам болған соң, кеш жатуыңа болады.
Қызыл — мүлдем рұқсат етілмейді.
2. Бірізділік пен келісім
Қызыл аймақта рұқсат етілмеген жағдайлар белгіленеді және бала бұл жағдайларды уақыт өте «болмайды» деген тізіміне енгізе береді. Талапшылдық ата-ананың басты құралы болуы тиіс. Талаптың өзі ата-ана арасында бірізділікке түсуі керек. Егер әкесі баланың кәмпит жеуіне қарсы болмаса ал аанасы рұқсат бермесе, оң нәтиже шықпайды. Бұдан бала ата-ананы райынан қайтару функциясын жүзеге асыруды үйреніп алады.
3. Орнымен
Баланың қолынан келмейтін істі және оған ауыр істерді жасатпаңыз. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар 20-30 минуттан артық бір орында отыра алмайды. Оларға «секірме», «шулама», «жүгірме» деп айқайлап отыруға мүлдем болмайды. 3 жасқа келгенде бала ескертулерге бағынбай кетуі мүмкін. Баланың жас ерекшелігін ескеріп, тыйым салуда сақ болған жөн.
4. Қалыпты дауыс
Сабырлы дауыс қатты үнге қарағанда жағымдырақ. Сізге де солай болары анық. Бір тәжірибеде балаларды ойыншықтарға толы бөлмеге кіргізіп жіберген екен. Олардың арасында басқарылатын робот ерекше көзге түскен. Тәжірибе жасап жүрген жігіт бір балаға «Мен жоқта бұл роботқа тиіспе» деп ақырын ғана ескертіп кеткен. Енді бірде тәрбиеші ұрысып, жекіп айтып кеткен екен. Екі түрлі дауыспен айтылған ескерту бірдей шамамен орындалмаған, яғни, жай айтса да, қатты дауыспен айтса да ережені бұзған балалардың пайыздық көрсеткіші бірдей. Бірақ екі аптадан кейін әлгі балаларды сол бөлмеге алып келген. Бұл жолы роботпен ойнауға ешкім тыйым салмаған. 18 баланың 14-і өткен жолы қатаң ескерту алған және сол 14-і тәрбиеші бөлмеден шыға бере роботпен ойнаған. Ал жай ескерту алғандар роботқа тиіспеген екен. Бағындыру мен жай сөйлеудің арасындағы айырмашылықты байқадыңыз ба?
5. Жаза
Жаман әсер қалдырғаннан, жақсы нәрсені алған артық. Яғни, баланы таяқпен тәрбиелегеннен, өзіне қымбат затты алған тиімдірек. Ел алдында жазалауға болмайды. Әсіресе, достарының көзінше. Оның «менін» сыйлау керек. Кейін сөйлесеміз деген белгі берсеңіз, кешке үйде отырып, себебін анықтап, шешімін табасыз.
6. Аздап қана
100% тәртіпке бағынатын бала – бұл норма емес. Мұнымен оның өмірі нұсқаулықтармен, ескертулермен өтеді. Егер тіл алмай жатса, өзіне сабақ болатындай етіп көріңіз. Мысалы, майшаммен ойнап отты ұстаймын десе, көрсін. Қолы ыстықты сезген соң, өзі-ақ тыйылатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?