Экология | Өндіріс саласында экологиялық шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау

 Экология | Өндіріс саласында экологиялық шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................................3


І. Тарау. Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастырудың мазмұны мен міндеттері

1.1. Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік....................6

1.2. Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды
ұйымдастыру........................................................................................................12

ІІ. Тарау. Қазіргі заманғы экологиялық және экономикалық проблемалар олардың Қазақстандағы ерекшеліктері.

2.1. Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың
мазмұны............................................................................................................18

2.2. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi...............................................................................................................23

ІІІ. Тарау. Қазақстанда өндіріс салаларында экологиялық қауіпсіздігін орнату жұмыстары.

3.1. Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты
ұтымды пайдаланудың құқықтық негізі.........................................................27

3.2. Қазақстандағы өндіріс саласынан пайда болған экологиялық
дағдарыстантан шығудың жолдары ұйымдастыру............................................32
Қорытынды..................................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................41


І. ТАРАУ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ .

1.1. Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік.

Экологиялық орнықтылық. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
• Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
• қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
• табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
• мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
• қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
• жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
• Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
• биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
• табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, ав¬томобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құ¬бырларын, электр тарату және басқа да желілік құры¬лыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
• антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
• өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
• экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
• Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
• халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
• экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
• елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету;
• өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
• су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
• тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;
• экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
• қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Өнеркә¬сіп¬тік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында орнықты дамуды қамтамасыз ету мынадай:
• өнеркәсіп орындарда халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен еңбекті қорғауды енгізу;
• жұмыс берушілердің де, сондай-ақ жұмысшылардың да қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тарату мен жауапкершілігін арттыру;
• тәуекелді бағалау мен оларды басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
• қауіпсіздік нормаларының сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды күшейту;
• өндіріс нысандарында еңбекті қорғау мен қауіпсіз¬діктің тәуелсіз аудитін жүргізу жолымен жүзеге асы¬рылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары
1. Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2.Өндiрiстiк экологиялық бақылаудың мақсаттары:
1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететiн өндiрiстiк процестердi реттеу аспаптарына қатысты шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат алу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушының өндiрiстiк процестерiнiң қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуiн мейлiнше азайту;
4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
5) тосын жағдайларға жедел кiдiрiссiз ден қою;
6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерiнiң неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;
7) кәсiпорындардың экологиялық қызметi және халықтың денсаулығы үшiн қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;
8) экологиялық талаптарға сәйкестiктiң деңгейiн арттыру;
9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң өндiрiстiк және экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру;
10) инвестициялау және кредит беру кезiнде экологиялық тәуекелдердi есепке алу болып табылады.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу тәртiбi
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзiрлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайдаланушы жүзеге асырады.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi, пайдаланылатын аспаптық немесе есептiк әдiстер белгiленедi.
3. Өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде өндiрiстiк процестiң тиiмдiлiгiн экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндiрiстiк факторлар деңгейiн, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемiн өлшеу негiзiнде және (немесе) есептеу негiзiнде жүзеге асырылады.
Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушының:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап отыру үшiн ең аз қажеттi көлемде өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
2) өзiнiң техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiн ескере отырып, қабылданған талаптарға сәйкес өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылау қызметiнiң ұйымдық құрылымын және персоналдың оны жүргiзу үшiн жауапкершiлiгiн дербес айқындауға;
4) кеңейтiлген өндiрiстiк экологиялық бақылауды ерiктi негiзде жүргiзуге құқығы бар.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушы:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсуге;
2) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын iске асыруға және нәтижелерiн құжаттауға;
3) рәсiмдiк талаптарды ұстануға және алынған деректердiң сапасын қамтамасыз етуге;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нәтижелерiн жүйелi түрде бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
5) өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiктi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен ұсынуға;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға;
7) қауiпсiздiк техникасын сақтауға;
8) жүзеге асырылатын өндiрiстiк экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтiлiгiн растау үшiн мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;\
9) жұртшылықтың өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндiрiстiк экологиялық бақылау жөнiндегi есептiк деректерге қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
10) мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың талап етуi бойынша мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiк экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерiн және өзге де материалдарын ұсынуға мiндеттi.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын талаптар
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын табиғат пайдаланушы әзiрлейдi.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:
1) өндiрiстiк мониторинг процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер тiзбесi;
2) өндiрiстiк мониторинг пен өлшеулердi жүзеге асыру кезеңi, ұзақтығы және жиiлiгi;
3) өндiрiстiк мониторингтi жүргiзуде пайдаланылатын әдiстер туралы мәлiметтер;
4) сынамаларды iрiктеп алу нүктесi және өлшеулер жүргiзу орны;
5) деректердi есепке алуды жүргiзудiң, талдаудың және хабарлаудың әдiстерi мен жиiлiгi;
6) iшкi тексерулердiң жоспар-кестесi және олардың сақталмауына ден қоюдың iшкi аспаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсiмi;
7) аспаптық өлшеулердiң сапасын қамтамасыз ету тетiктерi;
8) тосын жағдайлардағы iс-қимыл хаттамасы;
9) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу үшiн қызметкерлердiң iшкi жауапкершiлiгiнiң ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы;
10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерi көрiнiс табатын өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.
1.2. Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды
ұйымдастыру.

2000ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. Тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты даму институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.
Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметтің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі ХХІ ғасырға тұрақты дамуын зерттеу, сектораралық ынтымақсатықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі : «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.
Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы» мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарынан арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы (ЕЭК) шеңберінде «нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара бірлестікте үйлестіріліп» жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде экологиялық жобалар басымдылығымен көрінуде.
Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалды. Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. Дейінгі ұзақ мерзімді дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. Дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау бағдарламасы, «2003-2007 жж. Қазақстан ормандары» мен т.б.
Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы субайиақтық кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және Қоршаған ортаны қорғау министрлері: «Каспий экологиялық бағдарламасының мәртебесін кеңейтуден», «Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламаларын интеграциялау мақсатымен жаңа технология мен бизнесті дамыту жобаларына» дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай-газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет жасайды. Оның мақсаты – Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау.
Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірілуімен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесі (ТДҰК) атқарушы орган немесе жеке аясында 21-кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметі ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік-саясаттың басты мақсаты» атты дәстүрлі халыққа жолдауының қағидаларын, 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, ҚР Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын, облыстың 2015 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, өңірлік, аудандық бағдарламаларды орындауға бағытталды.
Ұзақ жылдар бойы аграрлық сипатта дамып, өндіріс көшінен қалыс қалған Арал ауданы соңғы уақытта әлеуметтік-экономикалық жағынан индустриялық-инновациялық өрлеу кезеңіне аяқ басуда. Бірқатар қиыншылықтарға қарамастан Қызылорда облысының 2007-2010 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын іске асыру барысында ауданда өндіріс саласын көтеру мақсатында жүргізілген бірсыпыра шараларымыз нәтижесіз болған жоқ.
2008 жылы өндіріс орындарының өнім шығару көлемі ағымдағы бағамен 2609,1 млн теңге, яғни 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайызды құрады. Ал, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің нақты индексі 140,3 болып отыр. Осы кезеңде 111887 тн тұз өнімдері өңделіп, өндіріс орындарында 1461 тн нан және нан өнімдері, 308 тн балық өңделіп, 88,05 мың текше метр кварц топырағы өндіріліп, 496,5 дана тепловоз жөндеуден өткізіліп,1515,5 мың текше метр ауыз су, 33166 мың квт сағат электр қуаты, 7886,5 Гкалл жылу энергиясы таратылды, ет, сүт өңдеу қолға алынып, бұл тиісінше 341,2 тн, 98,7 тонна құрады.
Жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінің ішінде тау-кен өндірісінің көлемі 22,0 пайызды құрап отыр, бұл көрсеткіш алдағы уақытта ұлғая түседі деп күтілуде. Аудан ерекшеліктері таразыдан өткізіліп перспективалық (басым бағыттағы - серпінді) инвестициялық-инновациялық жобалардың тізбесі жасалып, инвестиция тарту жұмыстары іске асырылуда. Облыстық бюджет, «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ және екінші деңгейлі банктердің бірлескен қаражаты есебінен аудан көлемінде 6 ірі жоба қаржыландыруға ұсынылуда. Олар «Қамбаш балық» ЖШС-нің балық өңдеу кешенін, «Арал құрылысы» ЖШС-нің железобетон өнімдерін өңдіру цехын және жеке кәсіпкер «С.Үмбетов» наубайханасы мен асханасын жеке кәсіпкер С. Құлмырзаевтың «Балық аулауға қажетті құрал-жабдықтар алу», жеке кәсіпкер Т. Ерімбетовтың «Көкөніс, бақша, азық-түлік сақтайтын екі қойма салу», Сексеуіл кентінен Г.Қозбақованың «Мейрамхана» салу жұмыстары.
«Аралтұз» АҚ-да экономикалық тиімділікке байланысты 2 жылда бір жүргізілетін тұз қазу жұмыстары биыл басталып, есепті мерзімде 277,2 мың тонна тұз қазылып, заводқа жеткізілді. Кәсіпорында 680 адам жұмыс жасайды.Кәсіпорынның өндірістік базасын нығайту, технологиялық өзгерістер жасауға жұмыс жасалуда. Аталмыш кезеңде кент тұрғындары мен жұмысшы-қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын қолдау мақсатында кәсіпорын тарапынан 3875,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Олар негізінен материалдық жағдайы төмен жұмысшы отбасыларына көмек көрсетуге, ауыл ішінде мәдени, спорттық шараларды өткізуге, әлеуметтік сала объектілерін ұстап тұруға жұмсалды. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі есепті мерзімде 4,0 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ 10 мыңнан астам халқы бар Сексеуіл қыстағы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы бар Сексеуіл кентіндегі «Тербенбес» ЖШС-нің негізгі атқаратын қызметі 4 түрлі тепловоз жөндеу. Кәсіпорында қазіргі таңда 436 адам жұмыспен қамтылып, олардың орташа айлық жалақысы 58031 мың теңгені құрайды. Есепті мерзімде кәсіпорында 496,5 дана тепловоз жөндеуден өткен. Әйтседе депо заман талабына сәйкес жаңа технологияны енгізіп, жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыруды талап етеді. «Тербенбес» ЖШС-гі мекемесінің Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу темір жолы салынып, пайдалануға берген жағдайда келешегі зор болмақ.
Бұрында айтылып келгендей мұнай-газ және басқа да жер асты байлықтарын қоспағанда аудан көлемінде құрылысқа қажетті 8 кен орны бар. Осы қазба байлықтарды пайдалана білсек, кірпіш, кіші бетон зауытын салу, кварц құмын өңдеп тауарлы өнім шығаруға ауданның мүмкіншіліктері зор.
Будан көлеміндегі алып құрылыстардың бірі Дүниежүзілік Банк пен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» жобасының І кезеңі аяқталуға таяп, ІІ кезеңінің бастау алғаны белгілі. Екінші кезеңге сәйкес технико-экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттар жасауға байланысты тендер жеңімпаздары ауданда болып, тиісті мәліметтер алып, әрі қарай жұмыстарын жалғастыруда.
Аралдықтардың ата кәсібі - балық шаруашылығын дамыту ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Ауданда балық кластерін қалыптастыруға байланысты бірқатар шаралар қабылданып, негізі қаланғанын білесіздер.
Жыл басынан бері 308 тн тауарлы балық өнімдері шығарылды. Әйтседе түрлі себептермен жыл көлеміндегі өңделген балық көлемі салыстырмалы түрде кеміп отыр. Сондай-ақ соңғы жылдары облыстық бюджеттен табиғатты қорғау шараларына қаралған қаржыдан Арал теңізі бассейінінде бекіре тұқымдас балықтардың тұқымдарын сақтау және Кіші Арал теңізінде арал қаязы балығының қорын қалпына келтіру және гендік қорын сақтау үшін биотехникалық шараларын жүргізуге қаржылай көмек жасалып келеді. Биылғы жылға осы қордан аталған жұмыстарға 6,881 млн теңге қаржы бөлініп отыр.
2008 жылы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, республикалық бюджеттен бөлінген 93 млн теңге қаржыға майда шабақтарды көбейтіп, өндірістік балық қорын молайту бағытында Қамыстыбас балық тұқымдығы жұмыс жасауда. Жыл көлемінде 14,8 млн майда шабақтар көлге жіберіліп, оған қосымша басқа да балық түрлері өсірілуде.
Аймақтық бағдарлама аясында іске асырылып жатқан «серпінді» инвестициялық жобалардың бірі – «Балық өңдеу зауытының құрылысын салу» жобасы жалпы құны 10,0 млн. АҚШ доллары көлемінде жүзеге асырылуда, жақында .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?