Жомарттық пен сараңдық

Игі адамның «жомарт» аты шығады,
Ол өлсе де, «тірі» деп жұрт ұғады.

Сараң – пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды,
Жомарт – қара құлдың баласы болса да тозаққа бармайды.

Жомарт ерге ел алғысын төгеді,
Сараң атын естісе жұрт сөгеді.

Жомарт ер білім жолын жете білер,
Мал беріп, атақ алып өте білер.
Жарылқап кем-кетікті білімменен,
Жақсы атпен дүниеден өте білер.

Жомарттыққа не жетсін?
Жүйріктен құтылып не кетсін?

Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық