Экономика | Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

 Экономика | Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................
1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы...................................................
2. Мемлекеттік бюджет ....................................................................................
3. Салықтар. Салық салудың принциптері мен түрлері ...........................
4. Бюджет тапшылығы .....................................................................................
5. Мемлекеттік қарыз ........................................................................................
6. Қорытынды.......................................................................................................
7. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................


1. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рол атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік атқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлкеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Қазіргі несие жүйесінің құрылымы

Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол рыноктык экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта – қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлкет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдық орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Батыс елдеріндегі бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымы күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкеледі.
Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай негізгі үш буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие финанс институттары.
Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады, ол капитализмінң бастапқы сатысында ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монополдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекет институттар болып құрылды, басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы: АҚШ – тың федералдық – резервтік жүйесі бұрынғы КСРО – да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.
Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады, солардың ішіндегі бастылары:
- банкнот эмиссиясы
- мемлекеттік алтын – валюта резервін сақтау
- басқа несие беретін мекемелердің резервтік қорларын сақтау
- экономиканы ақша – несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерде несие беру және мемлкеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету
- есепшот жүргізу және ақша аудару операциялары
- несие беретін мекемелердің қызметіне бақылау жасау.
Коммерцмиялық банктер несие жүйесінің «нервтік» орталығы болып есептеледі. Қазіргі коммерциялық банктер несие – финанс мекемелерінің әмбебебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап, несие беріп қана қоймай, сонымен қатар клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті және активті болып көрінеді. Бұдан басқа банкаралық, делдалдық операциялар және сенімді операцияларды орындайды.
АҚШ – тың несие жүйесі бір – бірімен келіскен бәсекелік күрес жүргізетін 13 мыңнан астам коммерциялық банктерден тұрады. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтану процесінің нәтижесінде алып банктердің пайда болып, жоғары монополизациялау дәрежесіне жетті. 500 млн. доллар активі бар банктер тобы барлық банк активтерінің 75 проценттейін иемденеді, бірақ олар АҚШ – тағы коммерциялық банктердің барлық санының 4,4 процентін құрайды, осылардың ішінде ең ірілерін: «Ситикон» активі 230 млн. доллар. «Чайз Манхэттен корпорейшн», «Бэнк оф Америка» және басқалары құрайды.
80- жылдардың ортасында АҚШ – тың 50 ірі банкілерінде барлық банк активтерінің 30 процуентін және депозиттерінің 32 проценті жинақталады.
Қазіргі рыноктык экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз – сақтау ассосациялары және т.б. осы сияқты арнаулы несие – қаржы институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады. АҚШ – тың барлық маманданған несие қаржы мекемелерінің жиынтық активі коммерциялық банктердің активінен екі есе артық.
Халықаралық несие – қаржы қатынастары дүниежүзілік несие және қаржы рыноктарындағы қарыз капиталдарының қозғалысымен байланысты қатынастар жүйесін қамтиды.
Халықаралық несие рыногында ақша капиталының елдер арасындағы қозғалысы қайтарымдылық, мерзімдік, процент төлеу жағдайларында жүзеге асады.
Дүниежүзілік несие рыногы қарыз капиталы рыногының бір бөлігі, оған дүниежүзілік ақша рыногы мен дүниежүзілік капиталдар рыногы кіреді.
Дүниежүзілік қаржы рыногы да қарыз капталы рыногының бір бөлігі, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату мен сатып алу жүзеге асырылады.
Қарыз капиталдарының дүниежүзілік рыногы соңғы онжылдықтарда қарқынды, жедел, дамыды. Мұның өзі қарыз капиталы қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциялары мен бұл қозғалысты ұлттық деңгейде реттеуші мемлкеттік – құқықтық нормалардың икемділігінің артуымен, құнды қағаздар әрекетінің кеңеюімен және интеграциялық процестермен байланысты. Қарыз капиталының дүниежүзілік рыногы қарыз капиталының дүниежүзілік шаруашылықтағы қозғалысын қамтамасыз етуші әр түрлі компаниялардың, банктердің, валюта – несие мекемелерінің жиынтығы. Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарындағы дүриежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды ерекшелігінің бірі халықаралық несие – қаржы қатынастарының өсу қарқынының өнеркәсіп өндірісі мен халықаралық сауданың өсу қарқындарынан әлдеқайда жеделдігінде.
Халлықаралық несие – қаржы рыногының дамуы ХХ ғасырдың 50- ші жылдарынан бастап, қарыз капиталдарының ерекше бір бөлігі болып саналатын еурорыноктың пайда болып, өрістеуіне ықпал етті.
Еурорынок – бұл еуровалюта негізінде несиелер мен займдар бойынша операциялар жүргізілетін рынок.
Еуровалюта – бұл шығарушы елді қоса есептегенде, барлық шетелдік банктердің есеп шоттарына аударылған және барлық елдердің банк операцияларында қолданылатын жекелеген мемлекеттердің еркін ауыстырылатын валютасы.
Еурорыноктардың үкіметтік немесе мемлекеттік статуы жоқ. Олардың пайда болуы кәсіпорындардың, инвесторлардың, сондай – ақ жекелеген елдердің қажеттіліктерімен байланысты. Еурорыноктардағы операциялар нақты елдің, мемлекеттің валюталық реттеуінде немесе салық заңдарының ықпалында болмайды.
Еурорыноктың пайда болу себептеріне мыналар жатады:
1) АҚШ долларын шетелдерге шығару мүмкіндіктерінің пайда болуы
2) Долларға Еуропадағы сұранстың ұлғаюы
3) АҚШ – тың өзінде жасалатын валюталық операциялардан гөрі еркін рыноктағы операциялардан гөрі еркін рыноктағы операциялардың (доллармен) анағұрлым қолайлы болуы.
4) Еуропалық банктердің халықаралық валюта операцияларын қаржыландыру құралын жедел табуға ұмтылуы.
Еуровалюта рыногында ең әуелі еуродолларлар үстемдік етті.
Еуродолларлар – бұл батыс еуропалық банктердің вклад түрінде алған АҚШ – тың доллары.
Еурорыноктың қызіргі операцияларының 70 проценттен астамы еуродолларлар арқылы, 20 процент еуромарка және 6 процент швейцариялық франк арқылы жүзеге асады.
Еурорыноктың 60-70 жылдардағы қарқынды дамуы, кейінірек оның өз қызметі бағыттарын талдап, қайта қарауына алып келді. 80- жылдардан бастап құнды қағаздар рыногы жедел дами бастады. Қаржы рыногында валюталық және несиелік тәуекелшілдіктің кепілдіктері қалыптасты. Бұл кепілдіктердің қатарына форвардтық, опциондық және т.б. проценттік ставкалар, валюта курстары және құнды қағаздардың индекстері бойынша жасалатын келісімдер жатады.
Форвордтық келісім – тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып алу жөніндегі алдын – ала жасалатын операциялардың түрі. Бұл келісім контрактыға қол қойылған мезеттегі валюта курсы бойынша жасалады.
Опцион дегеніміз – мерзімдік келісім бойынша валютаны сатушы мен сатып алушының біреуіне берілетін құқық. Мүдделі жақтың бұл құқықты қабылдауы да, қабылдамауы да өз еркінде.
Еурорыноктардың дамуы дүниежүзі аумағында қаржы ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың еркін ара қатынасын жасауға мүмкіндік береді. Олар қаржы ресурстарын тиімді орналастырудың да мүмкіндіктерін беріп отыр. Еурорыноктар дүние жүзіндегі халықаралық банктерді, қаржы орталықтарын және еркін ауысатын валюталарды жұмылдырып отыр.
Еурорыноктардың дамуы жаңа халықаралық қаржы орталықтарының пайда болуына игі әсерін тигізеді. 1981 жылдың соңына Нью – Йоркте халықаралық банк қызметінің еркін аумағы пайда болды.
Еурорыноктардың дамуы және халықаралық қаржы рыноктарының интернационалдануы халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы үшін жағымды құбылыс болып отыр.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келеді. Негізгі валюталық саясаттың бірі - теңге құнынының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауда мейлінше ырықтандыру. Мұның өзщі бір жағынан, теңдестірілген, екінші жағынан шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркіна уысатын валюталармен салыстырғандағы курсының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.
Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына іс жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз – ол теңгенің ішкі валюта рыногына шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысу мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси – экономикалық және қаржы – қаражат тұрақтылығы, алтын, валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.
90 жылдардың ортасына қарай теңгенің ішкі ауысуының тұрақсыздығы экономиканың, сонымен қатар қолда бар ақша айналымының едәуір «долларлануына» әкеледі.
Қазақстанеың дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұстылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол берілсе аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір – бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізә механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.
Қазақстанның валюта саясатының маңызды бағыттарының бірі ТМД елдерімен экономикалық және валюта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тәжірибені пайдалану қажет.
Қазақстанның Халықаралық Валюта қоры сияқты халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болып кіруі ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, кәсіпкерлік капталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары біздің елге бірқатар несиелер берді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндігінің төмендегі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырып, немесе белгілі бір нормалармен шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. Әрине, мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бөліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.
1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бірі шетелдік инвестицияларды тарту және оларды тиімді .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?