Экономика | Қолма қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі

 Экономика | Қолма қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі

Мазмұны

КІРІСПЕ

I Бөлім. Есеп айырысу-касссалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі

II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету
2.1. Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру
2.2. Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу
2.3. Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу
2.4. Төлем карточкасымен есеп айырысу

III БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР
3.1. Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
3.2 Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету
3.3 Касса және құндылықтарға тексеру

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


I Бөлім. Есеп айырысу-касссалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі

Екінші деңгейлі банктерде (бұдан әрі банктерде) клиентерге қызмет көрсетулер есеп кассалық, салымдарды қабылдау, несие ұсыну және басқа да операциялар түрінде көрсетіледі. Банктер клиентерге қызмет көрсету ауқымын кеңейту арқылы клиентура базасын кеңейтеді. Банктің сенімділігі мен өтімділігі оның қызметінің кірістілігін мінездейді. Банктің клиенттерге қызмет көрсетулері Ұлттық Банк ережелеріне сәйкес орындалады. Заңда көрсетілетін түсініктемелер:
Банк- «ҚР банктер және банк қызметі» туралы заңға сәйкес банк қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банк құрылымын 1. кестеде көре аласыздар.
1- сурет
Еншілес банк-жарғылық капиталының 50% астамы енші беруші банкке тиесілі екінші деңгейлі банк.
Филиал-заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын, банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі.
Өкілдік-заңды тұлға болып табылмайтын,банк тұрған жерден тыс орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әректін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөімшесі.
Есеп айырысу-кассалық бөлім-Ұлттық Банк келісімімен ашылатын, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық, өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекеленген түрлерін орындайтын аумақтық оқшау бөлімшесі.
Банк есеп айырысу-кассалық бөлімін ашу үшін Ұлттық Банк келісімі және банктің капиталының ең төменгі мөлшері сақталуы, яғни лицензиясы бар банктер үшін 1000.000.000 теңге, бір есеп-кассалық бөлімнен көп болса 15.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір есеп айырысу-кассалық бөлім ашу үшін , басқа қалаларда ашылса10 миллион теңге, басқа елді мекендерде орналасқан есеп кассалық бөлімдерге 5 миллион теңге қосылуы тиіс.Ұлттық Банк келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімінде қарайды.
Қаржылық қадағалау агенттігінен бас банктің жағдайы туралы мәліметтер алады, яғни пруденциалдық нормативтердің орындалуын қарайды. Ереже бойынша банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімінің ашылу саны шектелмейді.
Есеп айырысу-кассалық бөлім ашу үшін мына құжаттар талап етіледі:
1. Банктің есеп айырысу- кассалық бөлім ашуға келісім беру жөнінде өтініш;
2. Есеп айырысу-кассалық бөлімнің жүргізуге уәкілдігі болатын банк операцияларының тізімі, ережесі;
3. Ереже бойынша есеп айырысу-кассалық бөлімнің атында, ашушы банктің аты да жазылып, қаншасыншы бөлім екендігі көрсетілуі тиіс; Мысалы «Банк Центр Кредит есеп айырысу-кассалық бөлім №9»
4. Бөлімшені ашуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі қажет емес;
Есеп айырысу-кассалық бөлімді ашуға келісім беруден бас тарту төмендегі кез келген негіздер бойынша жүргізіледі:
1. Ұлттық Банк, қаржылық қадағалау агенттігінің қалыптық талаптарына сәйкес болмаса;
2. Пруденциалдық қалыптарды және сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтамау.
Есеп айырысу –кассалық бөлімінің құрылымы франт- офис және бэк офистен тұрады. Франт-офис-банктің клиентерімен серіктестік келісім шарт құратын бөлім, ал бэк-офис –орындалған операцияны тіркейтін бөлім. Есеп айырысу – кассалық бөлімінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі негізгі болып табылады. Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін көтермей экономиканы дамыту мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгіліермен сипаттауға болады:
1. Ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді
2. Есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
3. Нақтылықты жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етеді
4. Алаяқтықтың мүмкіндіктерін азайтады.
Уақытылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп- бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Мысалы банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі анлитикалық есептің құжаты; яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктегі бухгалтерлік есептің ең басты обьектісі болып мекемелер мен шаруашылық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі болып табылады. Сол сияқты аналитикалық есептің мерзімінде төленбеген картотекадағы есеп айыру құжаттардың, жедел міндеттемелердің және банкаралық есеп айыру бойынша операциялардың жүргізілуі жатады, әр түрлі жердегі төлеушілер мен алушылар арасындағы есеп айыру кезіндегі қаржылары, банк несиесін ұсынудың және қайтарудың әдістері мен ережелері, төлемнің ерекшеліктері тағы басқалары жатады. Есеп операция жұмысын дұрыс және нақты ұйымдастыру банк мекемесінің банк қызметінің жақсы орындалуына әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептің обьектілері мыналар болып табылады: қорлар, кассадағы ақша қаржылары, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар мен қымбат бағалы металдармен жүргізілетін операциялар, шетел валютасы және онымен жүргізілетін операциялар, бюджеттік және несиелік мекемелермен есеп айырысу, шаруашылық шығындар және банк шығындары мен кірістері.
Барлық екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепті жүргізудегі құжат айналымымен, есеп беруді ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі белгіленген.
Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғалардың шоттары бойынша нақты және нақты ақшасыз түрде есеп ақша құжаттарына сай орындалатын жұмыс шеңбері-есеп операция жұмысы деп аталады. Есеп айырысу-кассалық бөлімде операцияларды жүзеге асыратын және олардың сомасын есепте бейнелейтін қызметкерлер-есеп операция аппараты деп аталады. Есеп операция жұмысы өзінің жедел сипатымен ерекшеленеді.
1. Есеп-кассалық мекемесіне клиенттерден, байланыс бөлімшелері арқылы түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өңделуі тиіс;
2. Күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтер клиент шотындағы қалдықты, шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс;
3. Мекемелерге күнделікті дербес шоттың көшірмесін және операцияны жүргізу кезінде қолданылған құжаттың көшірмесін беріп отыруы керек;
4. күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп материалдарының өзара салыстырулары жүргізіледі.
5. Есеп-кассалық бөлім операциялық күннің аяқталуына байланысты күнделікті бухгалтерлік баланс құруы керек.
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар банк айналымындағы ақша қорытындылары мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге жүктелген, оның құқықтары мен міндеттері заң және нормативті актілерде белгіленген. Бас бухгалтер заңға қарсы келетін операциялар бойынша қаржылық тәртіпті бұзатын құжаттарды қабылдауға тиым салынады. Есеп операция аппараты менеджерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Менеджерлерге есеп ақша құжаттарын толтырып, қол қояды. Есеп операция аппаратының негізгі міндеттерін, менеджерлерге, бақылаушыға шоттардың белгіленіп берілуін, қайта бейнеленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі туралы кітапқа тіркеу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде банкте жоғалту, жымқыру, зұлымдық жасау, тәуекелшілікті жою үшін ішкі құрылымдар ашылуы тиіс. Оның принципі мынандай: әр қызметкер өз бөлімшесінде жүргізілетін операцияларды қадағалап, сол бойынша жауапты болады. Есеп айырысу-кассалық бөлімде клиенттерден келіп түскен құжаттар клиенттік деп аталады-бұл құжатты кәсіпорын басқармасы мен аға бухгалтер қол үлгісі мен мөр үлгісін қояды және бекітеді. Олар мыналар:
1. төлем тапсырысы
2. төлем талап-тапсырысы
3. есеп айыру чегі
4. ақшалай чек
5. хабарламаға қолма-қол жарна
6. аккредитивке өтініш
Банктік құжаттарға:
1. мемориалды ордер
2. кіріс және шығыс кассалық ордер
3. кіріс және шығыс валюталық ордер
4. несие беру туралы, несие бөлімінің өкімі
Есеп айырысу-кассалық бөліміне түскен құжаттарды бөлім қызметкерлері тексеруден өткізеді.
Отандық тәжірибеде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынандай түрге бөлінеді:
• Банктік шотар ашу;
• Ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
• Алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
• Төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
• валюталық операцияларға бақылау жасау,
• шоттың архивін беру;
• шоттан қолма-қол ақша беру; ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
• банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
• құндылықтарды жеткізіп беру;
• Салымдарды қабылдау;
• Коммуналдық төлемдерді қабылдау;
• Басқада операциялар
Банктер есеп айырысу-кассалық операцияларды ұйымдастырушы болып табылады.
Есеп айырысу-кассалық операциялары мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
• банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілер) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар ;
• жеке сектор- ұй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулар;
• банктік сектор- банкаралық есеп айырысулар.
• Есеп айырысу объектілеріне қарай:
• тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
• бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
• банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.
• Есеп айырысу аумағына қарай:
• Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:
• бір қаланың ішнде;
• қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылдарда;
Мемлекет арасында есеп айырысулар.
• Есеп айырысу уақытына қарай:
• сауда операциясы басталғанға дейінгі төлемдер;
• мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
• коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;
• мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
• ашық шот бойынша, яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
• мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен;
• мерзімі өтіп кеткен төлемдер;
• Есеп айырысу жүйілеріне қарай:
• пошта байланысы арқылы;
• телеграф-телетайп байланысы арқылы;
• телефон байланысы арқылы;
• электрондық байланыстар арқылы;
• СВИФТ жұйесі арқылы.
• : Есеп айырысу формаларына қарай:
• Қолма – қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:
• кредиттік;
• дебеттік;
• ашық шот арқылы;
• аккредитив;
• инкассо.
• Қолма-қол ақшалар арқылы:
• Есеп айырысу тәсіліне қарай :
• толық есеп айырысу;
• жартылай есеп айырысу ;
• өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу, клиринг арқылы есеп айырысу.
• Есеп айырысу құралдарына қарай:
• Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар:
• төлем тапсырмасы.
• Дебеттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар;
• төлем талап-тапсырмасы;
• чек;
• вексель;
• инкассалық өқімдер;
• Аралас құралдармен есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар т.б
• Есеп айырысушамасына қарай:
• ірі төлемдер;
• ұсақ төлемдер.
Есеп айырысукезектілігіне қарай:
1. жалақы, бюджет, сақтандыру т.с.с. төлемдер;
2. материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
3. несиелер үшін төлемдер;
4. сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысу
Қазіргі таңда Казақстан Республикасында 34 екінші деңгейлі банктердің
1210 есеп айырысу-кассалық бөлімі бар.
1-кесте
Есеп айырысу-кассалық бөлімінің 01.01.05-01.10.05 айға берілген көрсеткіші.*
ЕКБ жалпы саны ЕКБ бар банктер саны Ашылған ЕКБ Жабылған
ЕКБ Халықбанкі БТА
01.01.05 1111 24 7 6 379 195
01.02.05 1112 24 18 12 379 196
01.03.05 1118 24 20 7 382 195
01.04.05 1131 24 26 3 383 193
01.05.05 1154 24 24 - 388 193
01.06.05 1178 24 21 - 390 193
01.07.05 1199 24 18 - 391 194
01.08.05 1217 23 26 391 194
01.09.05 1191 23 19 - 395 199
01.10.05 1210 23 18 - 397 200

*Статистикалық көрсеткіш «Банки казахстана» журналы

Кестеден байқағанымыздай Халық банкі мен Тұран Алем банкінің есеп айырысу-кассалық бөлімі өсті ;яғни 18 және 5ке ал жалпы саны 99 өсті, жалпы сомасы 1210 құрайды.Ашылған бөлім 171, жабылған 54 Халық банкінің үлес салмағы (397/1210)*100-32,8%, Тұран Алем банк 16,5% құрайды. Халық банкі мен Тұран Алем банкінің есеп айырысу-кассалық бөлімінің жалпы санының 49.3% құрайды.Сонымен есеп айырысу бөлімінің динамикада өскенің байқадық. Себебі банктің клиенттік базасы кеңейіп, банк сенімділігі арта түсуінен.
Банктердің клиенттерді тартуы белгілі бір саясатқа негізделеді.
Банктердің клиенттерге қызмет көрсету саясаты ұзақ мерзімді серіктестік қатынасты көздейді. Банктер клиентерге қызмет көрсетудегі банктік қызметтің барлық спектрларын меңгеруде, қызметті жоғарғы сапада көрсету және клиент мүддесін қорғау үшін максималды қолайлы жағдай туғызуда. Қазіргі таңда есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуден заңды тұлғалардан қабылданған қолма-қол ақша түсімін мына кестеден көре аласыздар.
2 Кесте
Банктер және банк операциясының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың кассаларына заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақша*
2003 2004 01.04 02.04 03.04 04.04
Заңды тұлғалардан 885904 1136835 73981 74929 87367 86980
Тауар сатудан және қызмет көрсетуден 743973 959716 60665 61975 72684 72772
Коммуналдық төлем 59256 67768 6059 5749 6414 5928
Көлік кәсіпорыннан 31462 41589 2554 2581 3211 3048
Байланыс кәсіпорыннан 45690 60859 4333 4258 4669 4757
Мейрамхана 3200 4543 180 252 265 244
Диаграммада 2004 жыл 3-тоқсанда кәсіпорындардың банктік қызметке сұранысын көрсетеді, яғни 27,4% -да банктер көрсететін қызметтерге жоғары қажеттілік болды. 22,1%-ның бұл қызметтерді алуға мүмкіндігі жоғары болды. Тиісінше, кәсіпорындардың 65,6% . 68,8% бұл көрсеткіштердің орташа деңгейін және 8,3% төменгі деңгейін көрсетті. Банктер көрсететін қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесін кәсіпорындардың қалыпты- 9,1/% және төменгі 8,2% бағалады.
Жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы материалдық құндылықты жеткізу бойынша есеп айырысу банк арқылы жүргізіледі. Бұл ақша айналымы заңмен реттеледі. Мына принциптерге негізделуі тиіс:
1. Заңға сәйкес барлық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық құрылымына қарамастан, яғни заңды тұлғалар қаржы қаражаттарын банкте сақтауы тиіс.
2. ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асатын, яғни 3488000-(4000*872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс;
3. « ҚР 29 маусым 1998 жыл №237-1 төлем және ақша аударым» туралы заңға сәйкес төлем тек төлем құжаты қабылданған кезде ғана жүргізілуі тиіс;
4. ҚР азаматтық кодексінің 747-бабының 2 тармағы бойынша заңды тұлғалар мен азаматтар есеп-кассалық қызмет көрсету банктерін өз бетінше таңдауға, бірнеше банктің қызметін тұтынуға құқығы бар.
Клиентерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін шот ашылуы тиі. Барлық заңды тұлғалар, ұйымдық-құқықтық негізіне қарамай (мемлекеттік, жекеменшік т.б)
және жеке тұлғалар банкте корреспонденттік, ағымды,жинақ шотын аша алады.
Корреспонденттік шот-банктік операциялардың белгілі түрлерін орындау бойынша банктер мен ұйымдардың банктік шоты.
Ағымды және жинақ шоты-бұл заңды және оқшауланған бөлімшелердің шоты. Банкте шот ашу банк пен клиент арасында шот ашу бойынша құрылған келісім-шартқа негізделеді. (қосымша 1 ) көре аласыз. Келісімге отыру үшін клиент ҚРҰБ «ҚР клиентке шотты ашу және жабу» бойынша №266 02.06.2000 ж. қойылған талбына сәйкес құжаттарын ұсынуы тиіс. Қажет деп таныса банк қосымша құжаттар талап етуі мүмкін. Клиент жеке құжаттары мен қол және мөр үлгісі бар құжатты ұсынады.(қосымша 2). Есеп айырысу-кассалық бөлімнің заңгері ай сайын шот менеджерінен шот бойынша операцияларды тексереді.
Сонымен клиенттерге есеп айырысу– кассалық қызмет көрсету бойынша негізгі реттеуші заңдар мыналар:
1. ҚР Азаматтық Кодексі
2. ҚР «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заңы
3. ҚР «ҚР Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы
4. ҚР «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы
5. Екінші деңгейлі банк және банк операциясының жекеленген түрін жүргізетін ұйымдардың кассалық операцияларды жүргізу бойынша ереже......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?