Дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде 5 кеңес

Менен соңғы кезде не сатып алу керек, қайда салу керек және т.б бойынша жиі кеңес сұрай бастады. Барлығына бірақ жауап беруді шештім. Менің 11 жылдық биржалық, 8 жылдық банктік және 23 жылдық бизнестегі шынайы тәжірибемді, жалпы барлық саладағы тәжірибемді ескере отырып, дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі бойынша келесі кеңестерді беремін:

1. Дағдарыс кезінде дұрыс ойлай білетіндердің акциялары ерекше өседі. Дұрыс ойлау арқылы дүрбелеңге ермеңіз, сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Дұрыс ойлай білудің көзі – табиғат, кітаптар, мақалдар, ертегілер, ұлттық дәстүрлер, үлкендердің ақылы және басқалар.

2. Әлсіздікке қарсылардың акциялары бірден өседі. Әлсіздікке қарсылығыңызды күшейтіңіз. Бұл түсінікті Нассим Николас Талеб «Әлсіздікке қарсылық» кітабында.....
Бизнес және қаржы
Толық

Күлкілі афоризмдер, статустар

Қазір әлеуметтік желілердің өте қарқынды дамып жатқаны бәрімізге мәлім. Кейбір жастар виртуалды әлеммен қатты ауыратны соншалық, күні-түні интернеттен шықпайтын кездері болатын сияқты. Сол арқылы қазіргі кезде әлеуметтік желідегі парақшаларда микробблогинг, қызықты статустар жазу жақсы дамып жатыр. Орыс сайттарында статусқа сұраныс мықты болса керек, тіпті статустар жинақтарымен сайттар да бар.

Қазақша статустарды жинап жүрген біреу-міреу бар ма екен, жалпы қазағымыздың «айтқыштары» жетерлік қой, бірақ соны құнттап жинағандар болса интернетке шығарса екен деген үміт. Ал қазір сіздерге аудармалар және де өзім бір рет «Мой Мирдың» блогтары арқылы жинаған қызықты жазбаларды ұсынамын. Өзімнің тарапымнан іздену мен жазу болмаса, үлкен қызмет жасаған жоқпын, Ленин атамыз айтпақшы «Өнер – халықтікі!» Осыны ұмытпаңыздар.
kz
Толық

Бақытты жанұя құрудың жолы қандай?

Адам тірі жүргенде: сүйішпеншілік, таңқалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат т.б. әртүрлі сезімдердің жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам, өкінішке ұрынбайды. Осы сезім құбылыстарын тізгіндей білген адам – бақытты жанұя құра алады. Ішкі сезімдері құбылмалы пенделер құрған шаңырақ ұзақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкәппар адамдар да жанұя бақытын толық түсіне алмайды. Өйткені, жанұя бақыты – мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген.
Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық