Музыка және қиял

 Музыка және қиял

Бір құлағымда «музыканың» жан тербетерлік тәтті әуені. Ал, екінші құлағымда өмрідің ащы шындығын ұқытырып тұрған, өмір тіршілігінің сан –алуан сазды үні.Музыка бір қиялмен шексіз әлемге жетелейді... Бірі жарқын жақсы болашаққа,енді бірі адам жаны төзгісіз жалғыздыққа, жәнеде қатігез жауыздыққа.Сондықтан тыңдар әуеніңізге өте сақ болыңыз.Арман – мақсатқа жетелейтін әуен тыңдап,өз ойларыңызды бір арнаға тоғыстырып, шабыт ала біліңіз..
Құлағымызға құлаққап тағып, « музыканың» әуенімен терең ойға беріліп, бір сәтке өз өмрімізді ұмыта аламыз.Әр адамның өз қиялы және арманы бар. Әр адам, өз қиялында әр түрлі тұлғаның рөлін сомдайды.Бірі мүмкін әлем таныр әнші, бірі керемет биші,енді бірі ең үздік суретші. Ол - адамның өз арманымен қиялына байланысты.Өзіңіз ойлап көріңізші, сіз бала күннен бері, қандай тұлға болуды армандап, қиялмен қай тұлғаны сомдап жүрсіз.
Кеш түссе, жалғыз қалып, көбіміз ауыр әуендер тыңдағанды ұнатамыз.Үш –төрт минуттық «музыкамен» қаншама уақыт бұрын, өттіп кеткен өткен өмірімзді еске түсіре аламыз.Расында біз өте әлсіз екенбіз. Біз күн санап, жеңіліп барамыз. Неге жеңіліп барамыз білесіз бе? Біз адамға емес « уақытқа» жеңіліп барамыз...Кешегі күн бүгін жоқ.Ал,ертеңгі күнге де кепілдік жоқ.
Өз қиялымда менде өте жүйрікпін, мүлде басқа тұлғамын, көп жетістіке жеттіп үлгергенмін.Бар ғаламға танылған жазушымын,бұрын қоштасып кеткен сүйіктіме : көптеген кітаптар жазып,ол менің кітаптарымды оқып, өзі жайлы бүкіл әлем оқығанын біледі.Әрине ол қиял ғана ...Ал, шынайы өмірде ешкімде емеспін.
Кейде «Музыкамен» көп қиялға берілетін кезім болады. Сыңғырлаған «пианино» үні - мені бір биік мақсатқа жетелейтіндей.Пианиноның ғажайып, үнін бала күннен бері, қатты ұнатамын.Құлағыма құлаққап тағып, кейде түн ортасында көзімді жұмып, шексіз қиял ғажайып,әлемге енемін. Ойымда бар мақсат - арманым тоғысып, биікке ұшуға қанат біттіп, таң атқанша қиялға берілемін.
Мен сенемін...Күндердің бір күні « қиялымен арман- мақсатым» мені мына: босқа өттіп жатқан күнімен,білмсіздік пен ұйқыға жаттып жүрген түнімнен құтқарады.Арман – мақсатым жарқын болашаққа жетелейді...
Қазір ешкім сенбейді... кеудемдегі биік арманымның орындалуына. Тіпті, ең жақын досымда, « арманым» жайлы айтар болсам « бос сөзбен - жай ғана қиял» - деп күледі.
Бірақ мен өз « арманымды» жан тәнімен сүйемін, және ол - сүюге тұралық.
Қиялымда сомдап жүрген тұлғаны, шынай өмірге әкелуге бар өмірімді арнайтында шығармын.Иә, кейде бәрі бос сөз секілді көрініп, тез берілемін. Сол кезедегі менің ойым: «ол жай ғана қиял емес пе?» - деп іштей көп қынжыламын.Өмірде ең қиын кезең, өзің қалаған арман жолыңнан адасып, шетте жүруің екен. Жаныңдағы жақын адамдарың, сенің арман -мақсаттыңды бағаламай, сені түсінбеуде адамның жанына қатты батады екен.Өз басым, бөлек әлемде жүргендеймін...
Мен адамдардың арман - мақсаттын қатты құрмейттеймін. Адамдардың арман - мақсатына тіл тигізуге, биік жетістіке жетуіне, сенімсіздік білдіруге болмайды.Өйткені біздің әр сөзіміз,оның «арман – мақсатына» деген ұмтылысын күйретуі мүмкін.Біздің көбіміз өз арманымызға жетпеген соң, өзге бір адамның «арманы» орындалуына сенімсіздік танытамыз.Соның салдарынан - өзге адамның,талпынып тұрған талабын құлдыратып, үміт алауын сөндіреміз...
Әр күні ойыммен қиялымда, арманыма деген талпыныс пен жалқаулығым соғысуда.Бірде ұмтылыс өте күшті. Қиялымдағы «арманымды» шынайы өмірде жүзеге асыруға. Ал, бірде жалқаулық жеңіп шығады, ойымен жан дүниемді бір мезетте.Бұл «Бес күндік» жалған өмір: күнделікті арпалыс тіршіліктен тұрады екен. «Өмірдің өзі күрес» - деген сөз осыдан қалды мекен...
Уақыт бізді ешқашанда күтпейді. Ол - ешкімді күткен емес, және ешкімге аяушылық танытқан емес...Бізде «Жаңа таң» атса, ол – демек бізге берілген жаңа мүмкіндік.Өмір мен уақыт мүмкіндік беріп, тұрғанда сіз өз арманыңызды орындаңыз.
Музыка мен қиял бірде пайдалы, бірде өте зиян... Ол - өзіңіз тыңдаған әуенге қатты байланысты.
Ұлы жазушы Абай атамыз:«Әнніңде естісі бар,есері бар » - деп айтқаны есіңізде шығар...
Сондықтан кез-келген шетелдік, мағынасыз әнді тыңдап,санаңызбен ойыңызды улап, алудан аулақ болыңыз.Күнделікті «ессіз –музыка»
тыңдау сіздің есте сақтау қабілетіңізді төмендетіп, оны жоюы да ғажап емес.Мен өз басым, тек «пианино» үнінмен баяу әуен тыңдап, шабыт алғанды кейде ұнатамын.Сізде тек қана адамның жан дүниесіне, бір серпіліс пен мотиватция бере алатын әуен тыңдаңыз.Негізінде, «музыка» көп тыңдау үлкен қателік.Бұл әңгімемнің атауын «музика мен қиял» деп қойғанымен,мен күн бойы даңғырлаған мағынасыз ән тыңдауды айтқым жоқ.Тек кей- кезде, түн ортасында жалғыз ойға берілгенде, баяу мағыналы әуен тыңдап, шексіз бір қиялға беріліп, армандауға болатынын айтқым келген...
Соңғы уақытта «ессіз есер әуен» - деп аталатын жағымсыз музыка қаптап кетті.Ол әуендерді тыңдау : есте сақтау қабілетті жоюға,адам санасын улап, мәңгүрт етуге,ойлау жүйесін тоқтатуға,мейрімділік пен ізгілікті ұмытуға,және ек жүзділік пен барлық нәрсені жеңіл қабылдауға бағыталғаны анық...
«Не ексең - соны орасың» - деген жақсы сөз бар.
Сондықтан күнделікті тыңдайтын әуеніңізге қатты мән беріңіз.Музыка көп тыңдау бәріміз үшінде өте зиянды...Бірақ қазіргі кезде «музыка» тыңдауға тиым салу мүмкін емес.Бірақ кей-кезде жан қалуымен тыңдағыңыз келетін «әуеніңіз» әдемі де, мағыналы болып,сізді арман - мақсатқа жетелей алуы керек...

Қазіргі адамдардың басты қателігі мынада: қазір дамыған заман «баяғыша кітап оқып,уақыт өткізетін кезең өтті» - деп ойлайды.Көп уақыттын адамдар қазір: әлеуметтік желі парақшаларға,мағынасыз әуендер тыңдауға,түрлі ойындар ойнауға,түрлі болмашы видеоролик тамашалауға жұмсайды.
Мен кейде былай ойлаймын: осы дамыған елдер,бізге түрлі «телефон планшет» ұсынып,бізді алдап қойғандай...Соңғы кезде бізде кітап оқу қалып барады...Әр адамның қолында телефон.Таңнан кешке дейін әлеуметтік желіге бар уақыттын ысырап етеді.Көретіні болмашы дүниелер ғана.Дамыған елдер тек білім - ғылымға ұмтылуда.Сондықтан армандайық,ұмтылайық,көп кітап оқып білімді болайық,арман-мақсатқа шындап ілесіп,бәріміз де бақытты жан болайық...Бізде Алла бұйыртса ең дамыған мемлекет боламыз!..
Менің айтпақ ойым осы болатын.Мен бұл ойларымды айтып: бір өзімді данышпан деп көрсеткенім жоқ.Тек өзім білім алмай босқа өткізген күндерім үшін қазір қатты өкінемін.Сол өкінішімді сіздермен бөлістім...Қазіргі мақсаттым: әр күні бір сәтті босқа өткізбеу, жәнеде күніне бір кішкене білім үйренбей ұйқыға жатпау...Кейде адамдардың «бүгін күні бойы, немен айналыстың» деген сұрағнына айтарым:егер таңнан қара кешке дейін, бір кішкене ғана білім үйренбеген болсам, « Күні бойы ұйықтадым» - деп жауап беремін.Мейлі ол – күні әлемді кезіп,өмірдің күйбең тіршілігімен еңбек етсемде...

Серік Қозыбаев


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?