Әдебиет | Диалогтік оқыту
Жұмыстың міндеттері:
• Сабақтағы диалогтық әңгіменің оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;
• Диалогтық әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау;
• Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау
Өзектілігі: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу
Зерттеу мақсаты: Сабақта диалогтық әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету
Зерттеу объектісі: Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары
Дерек көзі. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқуға негізделген тәсіл кең таралған. (Hattie, 2009). Өнеркәсіптік революция аяқталғаннан кейін білім алу әр адамның құқығы болып танылды. Алайда, ХХ ғасырдың басында Дьюи (1990) революция нәтижесінде қоғамның өзгергеніне қарамастан мектептер сол қалпында қалғанын айтты. Осы мәселені жою үшін ол мектептерге мынаны ұсынды…
“Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ – тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін - өзі басқаруды енгізу – бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады. (1990)
Бұл шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан, Дьюидің көптеген көзқарастары әлі де өзекті. Оқушы/мұғалім өзара қарым - қатынасының маңыздылығы, «мектептегі рухани атмосфераны» өзгерту әрекеті және өзін - өзі басқаруды қолдау сыныпта демократиялық оқытуды құру үшін қазіргі таңда да маңызды. Білім беру идеясына Дьюи ықпалын білім беру саласындағы Карл Роджерс және Джер Брунер сияқты американдық психологтардың, сондай - ақ білім беру саласындағы британдық теоретик Лауренс Стенхауз зерттеулерінен көруге болады.
Америкалық психолог Карл Роджерс 1960 жылы жарияланған өз зерттеулерін «жеке тұлғаға бағдарланған» терапияда қолданды және Дьюи оқыту кезінде қатысушы ретінде тәжірибе алу маңыздылығын мойындағандығымен тығыз байланыста болатын бірқатар қағидаттарды әзірлеумен айналысты. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері туралы Роджерстің тұжырымдамалары бүгінгі таңда «оқушыға бағдарланған» оқыту және «тәжірибелі» оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен, білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалармен мәндес болды. Жеке қағидаттарына адал болған ол өз қорытындыларын бірқатар мәселелер бойынша оқушылармен орнатқан тікелей кері байланысқа негіздеді. Оның теорияларында сыныпта аса белсенді және жағымды жағдайды жасағысы келетін мұғалімдерге арналған мәселелер толық жазылады. Келесі ақпарат Роджерс (1994) оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде нені анықтағандығына жалпы шолу жасаудан тұрады:
Өзінің еңбектерін 1960 жылдары жарыққа шығарған, оқыту саласындағы когнитивтік психолог және теоретик Джером Брунер бұл іске «экспериментальды» оқыту немесе «жаңалық ашу жолымен оқыту» идеясын әкелді. Ол Дьюидің оқушының тәжірибесі сыныпта қолданылуға тиіс екендігі туралы түсінігіне жаңа маңызды ой қосты. Брунер оқу үдерісі мен оқу пәнін бөлуге болмайтындығын атап өтті (1962). 20 ғасыр тәжірибесінде Брунер оқушының жеке мүддесінің шеңберіне қамтылған, оқытудың идеалистік, оның пікірінше, аса «мейірбан» қағидаттарын сынайды және де «білім беру оқушылардың қызығушылығымен шектелуге тиіс деу аз, қызығушылықтардың өздері де құрылуға және ынталануға тиіс» деп айтқан Мұғалім осындай белсенділікті қолдау үшін өте маңызды рөл атқарады және бұл мәселеде Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?