16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!)

 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!)

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Автор: Базарбай Исаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Ақбота құдайбергенова
    2 + 1 -
    Ұйқаспайды
  2. Асел Есимханкызы
    0 + 1 -
    супер керкмет
  3. Лаука Милаха
    Лаука Милаха 14.12.2014 13:11
    1 + 1 -
    тамаша олен))

Ілмектер: 16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тілдер күніне қазақша өлең, тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен, тауелсиздик куни туралы олен, тәуелсіздік туралы өлеңдер авторымен, тауелсиздик туралы такпактар казакша, тауелсиздик кунине арналган такпактар, стихи на казахском языке о независимости казахстана, стихи на казахском языке о 16 декабря день независимости, 16 желтоксан тауелсиздик куни олен казакша