Экономика | Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................... – 1б
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның
қалыптасуы мен дамуы........................................................... – 2 - 6б
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен
функциялары............................................................................. – 6 - 9б
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерi........................ – 6 - 9б
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның
перспективалық көрінісi........................................................ – 9 - 11б
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен
құқықтық негіздерi................................................................ – 11 - 12б
6. Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктерi..... – 12 - 20б
7. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі мен кезеңдерi...... – 20 - 22б
Қорытынды....................................................................................... – 23б
Қолданылған әдебиеттер................................................................ – 24б

қалыптасуы мен дамуы
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы және «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, «Бірлік» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жөнінде республикалық үш жақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше, елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау енгізуді көздейтінөзгерістермен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде «YЕҰ ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің («Epкін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке алғашқы тапсырмалар берілді.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі - билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін YEҰ күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.
2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген«Саяси партиялар туралы»Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.
2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзірленді.
Сол жылдың өзінде-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі өткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі конфессиялардың өкілдері қатысты, "Бейбітшілік пен келісімге" декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде "билік - қоғам" серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003-2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
Екі құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелері жөніндегі жалпыұлттық үндесуді тереңдету және саяси жүйені жетілдіру мен елде демократиялық қайта құруды жүргізуге бағытталған шараларды бірлесіп тұжырымдау үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегімемлекеттік комиссияқұрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруінің шеңберінде елде әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері (бұдан әрі - ӘҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының тәжірибесі мемлекеттік органдардың қызметін азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнімді модельдік тетігі ретінде зерделеуді талап етеді.
Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси партиялар, коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және өз шешімін талап етеді.
Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрі - КЕҰ) мемлекеттік органдармен тең құқылы азаматтық әріптестігі мәселелері шешімін тапқан жоқ. Конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың қазіргі кезеңінде қажеттіліктерді айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тетігі жетілдіруді талап етеді. Өңірлердегі, әсіресе ауылдық жерлердегі КЕҰ әркелкі дамуда. Тіркеу тәртібі күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тіркеу алымының мөлшері ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бірлестіктерінің мәртебесі туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтік маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.
Әлеуметтік қажеттілікке қарамастан, елдегі партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролі мен өкілеттігі шектеулі. Партиялардың көпшілігінде қажетті қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды тіркеу үшін қол жинау мәселелері жөнінде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, біріктіру және қосу мәселелері заңнамалық реттеуді қажет етеді. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетігі жетілдірілмеген.
Кәсіптік одақтар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеу мен іске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келісімдер әлі де болса еңбекшілердің құқықтарын қорғаудың пәрменді тетігіне айналған жоқ.
Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігінің дамуы нормативтік-құқықтық және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежеліп отыр. Көптеген БАҚ-тың материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз және қаржылық қаражаты шектеулі, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражатына қол жеткізе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттік органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтініштеріне жауап алу кезінде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейінің төмендігі Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуіне әкеледі.
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір сүретін қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің әралуандылығын көрсетеді.
Қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады және елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениеті мен сана-сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарда экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесінің артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси іргетасы ретінде қызмет етеді, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшін қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, меншік нысандарының әралуандылығы мен дара меншік иелерінің егемендігі құрайды.
Азаматтық қоғам өмір сүруінің басты базалық шарттарының бірі тәуелсіз БАҚ арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлі, бірақ өзара тәуелді бөліктер ретінде жұмыс істейді.
Билік пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде қалыптасады, ал өзара іс-қимыл ымыраға қол жеткізуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттің азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бірақ сонымен бір уақытта олар басқа мемлекеттік институттармен бірге болашақты құру жауапкершілігін бөліседі.
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билік пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейіне жетеді. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсімдер билік қызметінің сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделері үшін билікке ықпал ету тетіктеріне негізделеді.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті жаратылысы жағынан әртүрлі азаматтар мен заңды тұлғалардың бірлестіктері (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның міндеті - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүдделерін қорғау, оның мүдделерін билік пен қоғам алдында бейімдеу, билік қызметін қоғамдық бақылау әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергілікті қоғамдастықтар, кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшін түрлі қызмет пен қызмет көрсетулердің кең ауқымын іске асыратын, қызметтің алуан түрін жүзеге асыратын мемлекеттік емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы міндеттерді шешетін басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрінде құрылған мемлекеттік емес ұйымдар жатады.
Саяси партия - мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.
Кәсіптік одақтар - азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктері.
Діни бірлестіктер - жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар.
Бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бірлестіктер - саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткізуі үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Yкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Ұлттық-мәдени бірлестік - өзін белгілі бір этникалық бірлікке жатқызатын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтау, тілін, білімін және мәдениетін дамыту мәселелерін дербес шешу мақсатында азаматтардың өздері ерікті өзін-өзі ұйымдастыруы негізіндегі бірлестігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару - жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздері дербес шешу мақсатында белгілі бір мекендер шегінде тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруының нысаны.
Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
мүдделерді жақындастыру және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу негізінде адамдарды одақтарға, бірлестіктерге ерікті түрде кіріктіру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысқа қатысу;
азаматтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асыру;
қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершілік негіздерін бекіту;.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?