Экономика | Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

Мазмұны

I. Кіріспе............................................................................................................2
1.1. Қаржы нарығының жалпы түсінігі..............................................................-
1.2. Қаржының нарығының экономикадағы атқаратын ролі..........................3
II. Негізгі бөлім.................................................................................................-
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі.6
2.2. Банктер бағалы қагаздардың эмитенттері ретінде..................................8
2.2. Бағалы қагаздар нарығының кәсіби мамандары.........................................11
2.3. Бағалы қагаздар нарығына басқа қатысушылар........................................12
Қортынды..............................................................................................................13
Пайдалынылған әдебиеттер................................................................................14


Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі
1. Бағалы қагаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң карқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы мүлде өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәэсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі -жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі. Олар өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта кұрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі -акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясы жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-кұқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облилацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбеғейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат.

Банктер бағалы қагаздардың эмитенттері ретінде

Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар рыногында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес «бағалы қағаз» ұғымы бәрінен бұрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтык қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын камтамасыз ететін құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену, пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық ресурстардың ролін атқарады.
Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке зат ретінде — бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік; жылжымайтын мүлікке — акция, ипотекалық куәлік; өнімге — коносамент, фъючерстік контракт, товарлық опцион; ақшаға — облигациялар.
Бағалы қағаз - - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда ғана бағалы қағазға ауыстырады.
Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - - өзінің ерекше рыногында — бағалы қағаздар рыногында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та, ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет болып табылмайды.
Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.
Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ, төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз -мүліктік объектіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі ретінде бола алатын құкық.
Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген:

1. Акциялар.
2. Облигациялар.
3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне
ие болатын құжаттардың басқа да түрлері.
4. Құнды қағаздар.

5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан
Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте айналымға
жіберілғен, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.
6. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен
танылған басқа да түрлері.
Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы сипатқа ие, себебі, біздің мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель, банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.
Корпоративті бағалы қагаздар — мемлекеттік емес заңды тұлғалар шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар).
Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз — иесіне акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы бағалы қағазға тән белгісі — оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-мамырда шыққан «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару мүмкіндігін бекіткен.
Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге қатысады,
Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне қарамастан, кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес, облигация дегеніміз — оны иеленушінің облигацияны шығарған тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілғен облигацияның номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік құқықтарды алуға құқық береді. Облигациялардың мынадай түрлерін шығаруға болады:
а) Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары.
б) Заңды тұлғалардың облигациялары.
Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда, облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы керек.
Облигициялар бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңының 4-бабына сәйкес, туынды бағалы қағаздар дегеніміз — заңға сәйкес және өкілді органмен осындай деп танылған бағалы қағаздар. Атаулы анықтама туынды бағалы қағаздардың құзыреті мен мазмұнын анықтаудағы мемлекеттің позициясының белгіленбегендігін көрсетеді.
Бағалы қагаздар нарығының кәсіби мамандары

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер
келісім жасасатын әрбір жакты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес,
ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар
негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы
өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.
2. Джобберлер — нарық коньюктурасын бақылаушылар.
З. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы кағаздар нарығына банк кызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтың тұлға ретінде тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру).
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру.
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма
бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу
жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).
2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды.
Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз кұқын
пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген
уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны
клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде
көшірме талап етуге құқы бар.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үнім бере
алады.
Бағалы қагаздар нарығына басқа қатысушылар
Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары.
Екінші топ, инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:
а) екінші деңгейдегі және инвестициялық банктер;
Ь) сақтандыру қоғамдары;
с) зейнетақы қорлары және сол сияқты ұйымдар.
Бүл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни занды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздейді.
Үшінші топ, және инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауыпты. Статистика деректері дәлелдегендей олардың бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындары табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді.
Эмитент — заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуына құқылы. Олар бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар — заңды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әтүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы – занды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?