Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы

 Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы

Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………… 3
1. Компания капиталының экономикалық негіздері
1.1. Компанияның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері…………………………………………5
1.2. Компания капиталының түсінігі және жіктелуі…………………….. 11
1.3. Компания капиталының құнын басқарудың нарықтық экономикадағы маңызы ……………………………………12
2. Компания капиталының құрылымы мен құнын бағалау
2.1. Компания капиталының құрылымын талдау………………………... 14
2.2. Капитал көздерінің құнын бағалау……………………………………. 17
2.3. Капиталдың жалпы құнын бағалау…………………………………… 20
3. Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру
3.1. Қазақстандық компанияларда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері …………………….……………………….24
3.2. Компаниялардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру жолдары …………………………………………………….. 27
Қорытынды…………………………………………………………………... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………. 30

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, компаниялар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал компаниялардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті компаниялар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Компаниялар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Компанияның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, компания қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті компанияның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – компаниялардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- компаниялардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- компаниялардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық компанияларда капиталды қалыптастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда компанияның қаржы ресурстарының түсінігі мен оларды қалыптастыру көздеріне, компания капиталының түсінігі мен жіктелуіне, нарықтық жағдайларды капитал құрылымы мен құнын басқарудың маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында компания капиталының құрылымын талдау және құнын бағалау әдістері игеріледі.
Үшінші тарауда қазақстандық компаниялардағы капитал қалыптасуының бүгінгі таңдағы ерекшеліктері мен оны жетілдіру мәселелерін қарастыратын боламыз.
1. Компания капиталының экономикалық негіздері
1.1. Компанияның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген компания үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл компанияның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Компания қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда компанияның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп компания капиталының қалыптасу процесін айтады. Компанияның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.
Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл компания қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, компанияның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.
Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар компаниялар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.
Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері түсінікті түрде 1.1-суретте бейнеленген.
Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше. Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, компания қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, компанияның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозу құнын көрсетеді. Амортизациялық аударымдар өндірістік актив толық істен шыққанша амортизациялық қорға жинақталып, компания қызметі үшін қосымша бос қаражаттарды қалыптастырады. Компанияның табысы жеткіліксіз немесе оның басым бөлігі акционерлер арасында бөлуге түскен жағдайларда амортизациялық аударымдар өндірісті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, компаниялар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия компания құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.
Компаниялар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.
Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде компания табысына және жойылар кезінде компания мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар компания құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.
Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда компаниялар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады.
Компаниялардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл компанияларға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек компания несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.
Компанияның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, компаниялардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу барысында сатып алушы компания өндіруші компаниямен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы компания көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады.
Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда қарыз алушы компания үшін арзан қаражат көзі болып табылады; компанияларға бір-біріне қаржылық жәрдем көрсетуге септігін тигізеді. Көптеген шағын компаниялар үшін коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады.
Қазіргі таңда кең етек жайып келе жатқан қаржыландырудың тиімді көзі – лизингтік несиелер. Лизинг дегеніміз – бұл мүлікті сатып алумен және оны белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен және лизинг алушы тұлғаның мүлікті толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып табылады. Лизинг өндірістік құралдарға инвестициялар салуды ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизинг компанияға өзінің ақша айналымында өзге бір компанияның қаражаттарын ұзақ мерзім ішінде қолдануға мүмкіндік береді. Лизинг компанияды техникалық қайта құру әрекеттерінде ерекше роль атқарады.
Кәсіпкерлік қызметті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің тағы бір жолы – факторингтік операциялар болып табылады. Факторинг – тауарды сату және сатып алу барысында компаниялар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Факторингтік компания компанияды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі үшін компаниянан пайыздық төлемдер талап етеді.
Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, компанияның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын компаниялар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің компаниялар үшін бірқатар артықшылықтары бар.
Қаржы ресурстары компанияның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтері барысында қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, сол себепті өзгеріп отырады.
1.2. Компания капиталының түсінігі және жіктелуі
Компанияның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары компанияның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, компания капиталы дегеніміз – бұл компанияның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.
Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық – компанияның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы компанияның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда компанияның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толық қолданылмай жатқандығының куәсі болады.
Капитал компанияды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол компания активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал компания иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол компанияды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Компания капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша жіктелуімен сипатталады (1.2-сурет).
Компанияға қатынасы бойынша меншікті және қарыз капиталды бөліп көрсетуге болады. Меншікті капитал дегеніміз – бұл компанияның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.
Қарыз капитал дегеніміз – бұл компанияның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар
кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін компанияның міндеттемелері болып табылады.
Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге болады. Негізгі капитал компанияның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, компанияның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.
Қолдану мақсаттарына қарай капиталдың келесі түрлері кездеседі: өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал компанияның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды. Несиелік капитал компанияның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал компанияның сатып алу – сату операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында қолданылады.
Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу механизмі түсінікті түрде 1.3-суретте берілген.
Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал компанияның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең - өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?