Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

 Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.
1.1. Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.
1.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері.
1.3. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу.
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін
басқару бойынша инвестициялық стратегия.
2.2. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың елдер бойынша
жиынтық ағыны.
2.3. Қазақстанға экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік тікелей
инвестициялардың жиынтық ағыны.
2.4. Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтақ деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып отыр.
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи шикізат, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі – макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.
Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы дамыту – ұлттық табыстағы өндірістік қор жинау үлесін арттыруға байланысты. Ал бұл, өз кезегінде, әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интелектуалдық ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.
1. Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.
1.1. Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.
Егер әлемдік шаруашылық байланыстарда өз орнымызды таппасақ, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселесі назарға алынбаса, онда құрылымдық саясат ғылыми негізделген болмайды. Аталған жағдайда «өз орнымызды табу» дегеніміз экспортқа бағытталған салаларды дамыту, ал «еңбек бөлінісіне қатысу» - маманданған салалардың пайда болуы мен дамуын білдіреді.
Бұл жерде біз халық шаруашылығы салалық құрылымының тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі факторларына ғана тоқталдық. Сондай-ақ, ең алдымен елдің өндіргіш күштерін орналастыруды оңтайландыру мәселесін қамтитын халық шаруыашылығының аймақтық құрылымын тиімді ету ісі де маңызды екендігін атап өту керек. Бұл тұста, экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын оңтайландыруда шешуші роль атқаратын екі факторды бөліп қарастыруға болады. Мәселе табиғи қорларды тиімді игеруде және қоғамдық өндіріс пен халықтың өмір сүру деңгейінің тиімділігін арттыруға қол жеткізуде болып отыр.
Алайда, халық шаруашылығының аймақтық құрылымын ғылыми негіздеуде ерекше сипаттағы факторлар да ескеріледі. Атап айтқанда, әр түрлі аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін теңестіру қажеттігі жөнінде, өйткені, егерде аймақаралық ауытқулар деңгейі жоғары болса, әлеуметтік шиеленісу мәселелері күшейе түседі.
Аталған жағдайдан аймақтық құрылымды қалыптастырудың келесі факторы – жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу коэффициентінің мөлшерін арттыру арқылы экономикалық және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізудің жалпымемлекеттік мүдделілігі туындайды. Аймақтық жұмыспен қамтылудың әртүрлілігін талдау және есепке алу әрқашанда мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда бастапқы негіз болуы шарт. Бұл мәселе біздің республикамыздың жағдайында өте өзекті болып отыр. Себебі, материалдық өндірістің аса маңызды салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен Жекешелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың ауылдан қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық секторының материалдық техникалық және ғылыми-интелектуалдық базасының құлдырауына алып келді.
Халық шаруашылығы аймақтық құрылымның өзгерісі көбінесе республиканың әкімшілік аумақтары мен ірілендірілген аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешендік қағидасына байланысты. Аталған қағида аймақтық құрылымды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.
Жоғарыда, мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
 Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
 Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
 Шетелдік инвестициялырды тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекітетін крделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.
Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуға тиіс.
Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекеттік қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады (1-сурет).
1-сурет. Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстылығы
Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады. Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық-математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде, бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруғы болады.
Өндіру Тұтыну Күрделі қаржы жұмсау Басқа елдер Ұлттық санақ жүйесі
Өндіру
Тұтыну
Күрделі қаржы жұмсау
Басқа елдер
Ұлттық санақ жүйесі
Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық моделдердің мәліметтерін талдау – халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағдайда механизмдер құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатты. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін «бағытты» шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы. Мұндай жағдайда халық шаруашылығның төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді.
Ал егер, ел экономикасында құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық өзгерістердің тиімсіз бағытталуы қалыптасатын болса – бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр.
Осылайша, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатының бағытын айтарлықтай өзгерту қажет және оны ауыл шаруашылығы мен аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымның әлуметтік – эканомикалық рольін қалпына келтіруге бағыттау керек. Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет. Осыдан келіп эканомикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің механизмдер арасында бюджеттік қаржыландыру, несие бөлу және салық салу басымды болып табылады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдылық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:
- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуметті арттыратын салалар даммуына басымдық беру;
- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және ипортты алмастыратын өнім өндрісін кеңейту;
- негізінен отандық өндрісі есебінен халық шаруашлығы барлық салаларының өндірістік апаттарын жаңарту;
- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету;
- эканомиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгилерде оны жүзеге асырудың механизімдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Сұраныспен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі