Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық

Мазмұны
Кіріспе
I.Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы және олардың теоретикалық негіздері
1.1 Инфляция – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі...7-10
1.2 Жұмыссыздық – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі...................................................................................................10-14
1.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы. Оукен заңы, Филипс қисығы................................................................................14-16
II. Қазақстан Республикасындағы инфляция процестері және жұмыссыздықтың қалыптасу ерекшеліктері.
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің қалыптасу ерекшеліктері...............................................................17-20
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау......20-23
III. Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу.
3.1. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты....24-27
3.2. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары............................................................................................27-29
Қорытынды....................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................32

Кіріспе
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтқандай,“бізге ауқымды міндет–бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты”.
2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономмикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою және жұмыссыздықты төмендету жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды және де «ақша – несие саясатының негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 5 – тен 10% - ға дейін шекте ұстау» болады, мұның өзі ел экономикасында экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынына қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғалымдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ал теориялар жасауға (болжам жасауға) әрекеттер ғана бар, оларды «дәлелдеуге» болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққо шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғылымдарда да жаратылыстану ғылымдарында да дүниетанымға білім саны («норматвтік сараптық») ықпал жасайды, бірақ соңғысының қалыптасу негізін дүниетаным, яғни «позитивті» білім қалайды.
Инфляцияның әлеуметтік құрылымы бұзылған, ол шамадан тыс жоғары жұмыссыздықты, ресурстарды ысырап етуді туындатады және адамның еркіндегіне нормативтік нұсқаулардың осындай салдарға әкелетіндігінен емес, жаңсақ дүниетанымның оларды алдын ала болжауға мүмкіндік бермейтін себебінен қатер төндіреді.
Позитивті экономиканың соңғы жетістіктері инфляцияның жұмыссыздықпен байланысын айқындайды. Осы өзара байланыстың зерттеуі үш сатыдан өтті, жеделдеу арқылы осы сатылардан инфляцияның өзі де өтеді.
Бірінші сатыда жұмыссыздықтың деңгейі жалақы деңгейіне кері пропорциянал өзгереді деп ұйғарлыған еді: жоғары жұмыссыздық жалақының төмендеуімен,ал төмен жұмыссыздық жалақының өсуімен қатар жүреді. Осы байланыс «Филипстің қисық сызығымен» көрінеді. Бұл ретте үкімет жоғары инфляциялы төмен жұмыссыздық пен төмен инфляциялы жоғары жұмыссыздық арасында таңдау жүргізе алады. Бірқатар елдердің тәжірибесі осындай байланыстың болуын ылғи да растаған емес. Кейбір экономистер бұған қарсы теориялық дәлелдер де қозғады. Сондықтан баламалы болжам (екінші саты) ұсынылды: ақшаның жалпы санына сұраныстың тосын секірмеліліктері әкелетін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерді ажырату керек. Жұмыссыздық әншейін инфляциямен емес, тосын инфляциямен байланысты;тек жеделдей түскен инфляция ғана жұмыссыздықты тибиғи деңгейден төмен ұстап тұруға қабілетті, ол еңбек рывногының жағдайлардың өзгеруіне бейімделу қабылетімен анықталады (ішетін адамның организімі барған сайын өсе түскен мөлшерлерге үйрену шамасына қарай алкогольді көбірек қажетсінетіні сияқты). Ұзақ мерзімді «Филипстің қисық сызығы» осылайша вертикальға айналады: инфляцияның тұрақты деңгейі жұмыспен қамтуды көбейтпейді. «Табиғи деңгейдің болжамалы», немесе «жеделдеудің болжамалы», немесе тағы да оларды «күтулерге бейімделу болжамы» деп аталатындар осындай.
Үшінші саты – инфляцияның өсуі енді жұмыссыздықты азайтуға апармайды (бірінші сатыдағы сияқты) және оны белгілі бір деңгейде тұрақтандырмайды (екінші сатыдағы сияқты), бірақ оны күшейтеді – демек «көшкін» жүреді. Үшінші сатыны түсіндіру үшін позитивті экономиканы одан әрі жалпылау қажет; саяси факторларды сыртқы факторлар есебінде қарамастан, оларды экономикалық үдеріс теориясына енгізу керек (экономика тілінде ол мына мағынаны білдіреді, оларды экзогенді емес, эндогенді деп есептеу керек).
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланысты түсінудегі және оларды бақылауға арналған үкіметтің саясатқа деген қөзқарастарындағы осы аталған өзгерістер саяси ізденістердің нәтижесі емес, ал ғылыми болжамдарды тексерудің және соңғыларды оң экономикалық талдауға енгізудің қорытындысы болып табылады. Қателіктер экономистердің немесе саясатшылардың қаскүнемдіктерінен емес, ал экономикалық ғылымның кемістіктерінен туындайды.
I.Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы және олардың теоретикалық негіздері
1.1 Инфляция – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі
Инфляция термині латын сөзі – inflatio – вздутие – қампию – деген ұғым білдіреді.
Инфляция ыдымзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775 – 1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1774 ж.ж. революция кезеңінде өндірілген қағаз ассигнанттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғаш рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та азамат соғысы кезінде (1851 – 1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабылеті 2 жылдың ішінде 60% ға дейін төмендеді.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарлды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұр0ынғы дәрежесінен арттыруға тырысады. Ақшаның құнысызануы халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы - 158,2 болды. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен аңықталады:
158,2 – 154,5
Инфляция қарқыны = _________________________ х 100 = 2,3%
154,5
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық – түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляциянның негізгі себептері. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір мәселелерінің бірі.
Жалпы алғанда инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты, оның ішіндегі ең бастылары:
1) Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе — теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша көп шығарылып белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.
2) Экономиканы милитаризациялаумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
3) Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсуді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ұмтылады. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистарге жалпы сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
4) Импроттық инфляцияның пайда болуы елдің экономикасының ашық болуы. 1997 жылы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвацяилау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қыматтатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабылетті төмендетеді.
5) Инфляция – «инфляцияны күту» нәтижесінде пайда болады. Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның оан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер т.б. қымбаттайды.
Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Батыс экономистері жасаған теорияларында инфляция болуының әртүрлі себептерін айта келе, оның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс және шығын инфляцияларын атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал – жабдықтарын сұраныстың өсуі, өнірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарлауы ( алақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша, бағалар өседі. Мұдай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысын тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляция бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір – бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде өндіріс қуатын толық пайдаланбауына байланысты бағалар үнемі өсіп отырады. Мысалы, ХIХ – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің кезінде барлық бағалардың бірден өсуі орын алды. Мұндай құбылысты стагфляция деп атайды
Стагфляция – экономикалық дағдарыс пен өндірістің тоқырауы (стагнаця) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Инфляцияның түрлері.
Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты үш түрге бөлінеді: жай, қарқынды, ұшқыр.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10 – 20% дан аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекеттте де төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2 – 3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1993 жылы инфляция Францияда – 2,7%, Гермения мен АҚШ – да – 3,8% құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 % дан 200 – 300 – ға дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады.
Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен 500 – 1000% – ға дейін жоғары өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400%, 1990 жылы Аргентинада – 2000% құрады.
Нарықта болатын инфляциялық тепе – теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашық және жасырын деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.
Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын – оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сайыса береді. Ашық инфляцияның ранық механизімін едәуір бұрмалағанымен әцтсе де оны толық бүлдіре алмайтын көрінеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартарлык айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе – теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылап, уақытша конъюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі, экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция, тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып ақша – несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа да халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интерноционалдық бір елден екіншісіне аударылады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды бағаның күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
1.2 Жұмыссыздық – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс еүшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан, капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне – деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай нарықтық экономикадағы қорлау заңының іс әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыспен қамту мәселесін экономиканы зертеушілер әртүрлі көзқараста қарастырады.
1) Ағылшын священигі Мальтус «халықтың өсу» заңын қалыптастырады, ол заңға сай өндірісте тамақ өнімдерін өндіру арифметикалық прогреспен көбейеді (1,2,3,4,5, т.с.с.), ал адамдардың өсуі геометриялық прогреспен өседі (2,4,6,8, т.с.с.). Мальтузиандықтаржұмыссыздықтың негізгі себебі осы тамақ өндірісі мен адам өсуінің арасындағы тәуелділікте – деп, адам санын «табиғи» әдістермен: соғыс, эпидемия, түрлі апаттар т.с.с. реттеуді ақтады.
2) Классикалық саяси экономия нарықты өзін өзі реттейтін жүйе деп, онда жұмыссыздыққа мәжбүр етпейді, жұмысшыныөз еркімен жұмыс істемейді: жалақының төмендігінен, жоғары жалақылы жұмыс іздейді т.с.с.
3) Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тән құбылыс, капиталдың органикалық құрылымының өсуіне байланысты өндірістен жұмысшылар ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік экономикалық теория капитализімді жаңа қоғамдық құылыспен ауыстыру қажет деп тұжылымдайды. Олардың тұжылымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы, тоқырау және көріәнбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.
4) Кейнсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін бәеке тұсындағы нарық өзін өзі реттеуші бола алмайды; екіншіден, нарық тепе – теңдік толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.
5) Неоклассикалық теорияны жақтаушылардың айтуынша «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» болу керек, одан құтылу мүмкін емес.
Жүмыссыздықтың төмендегідей түрлері бар:
Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздық. Адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар – дейді. Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрлымы бұрынан келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі