Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ

 Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ

Мазмұны
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------4
Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау.---------10
Тарау 2.Еуропалық Одақ және Қазақстан
2.1. Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі---------------------12
2.2.Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар---------------------------------18
Қорытынды--------------------------------------------------------- 20
Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------------21

Кіріспе
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:
• Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты;
• Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету;
• Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу;
• Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу.
Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды.
Тақырыптың хранологиялық шеңбері. Курстық жұмыс 1995 жыл мен одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтарды қамтиды.
Тақырыптың теориялық - методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінің негізінде алынған. Ал методологиялық негізі хронологиялық, салыстырмалық әдістер негізінде шықты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеуге соңғы жылдары шыққан кітаптар, мақалалар пайдаланылды, және де мемлекет басшыларының арнайы сөздері пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық авторлар еңбектері және Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыс тақырыбының бұрындары зерттелуі. Отандық және Ресей тарихнамасында бірнеше осы тақырыпқа қатысты еңбектер бар. Осыған қарамастан Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы толық зерттеулер жүргізу қызықта әрі болашағы бар жұмыс. Сондықтан осы жұмыс арқылы тақырыптың ашылуына сәлде болса өз үлесімді қосуды жөн көрдім.
Тақырыптың жаңалығы: Еуро Одақтың қазіргі таңдағы жағдайы оның Қазақстан мен байланысы қазіргі таңның бірден-бір жаңалығы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды. Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды. Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады. Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды. Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi. Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады. Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады. Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады. Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты. Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:
1. дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту;
2. ғаламдану;
3. экономиканы ырықтандыру;
4. ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар. Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Азия және Тынық мұхиты елдерінің ұйымы секілді жер-жаһанға танымал, халықаралық беделді бірлестіктердің әртүрлі саладағы өкілдері Қазақстанға жиі ат басын бұрып, адамзатты алаңдатып отырған әртүрлі мәселелер турасында біздің елде пікір алмасуға құштар. Америка мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бас ауруына айналған көші-қон мәселесі, Каспий аймағы елдері арасындағы, энергетика көзі мен шикізатты пайдалану, Каспий теңізі байлығы мен оның түбі мен су шекарасы хақында, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық, Ауғанстандағы есірткі тасымалы, ТМД-дағы еңбек миграциясы, шекара маңы елдерінің ынтымағы, ондағы қандай да бір шиеленісті оқиғаның алдын алу, экология мен биологиялық ресурстарды қорғау, ғаламдық жылыну, адам саудасы мәселесі турасындағы жиын-басқосулар мен дінаралық татулық форумы сынды басқосулар өткізу дәстүрге айналды.
Бүгін Қазақстан тең, басқа әлем елдері мойындайтын әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып отыр. Қазақстанды тәуелсіз ел деп 115 мемлекет таныды, оның 105 тен астамы дипломатиялық қатынас орнатты. Қазірде Алматыда 60-қа жуық елдің елшілігі мен халықаралық елдердің уәкілдері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның таяу және қашықтағы шет елдерде елшілігі мен консулдары бар: Америка Құрама Штаты, Англия, Қытай, Индия, Түркия, Иран, Италия, Германия.
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық аренадағы жағдай республика үшін өте қолайлы. Олармен байланысу аумақтық тұтастық, шекараның бұзылмауы, екінші елдің ішкі ісіне қол сұқпау, оларды мойындау және құрметтеу принціптеріне негізделген. Сыртқы ортада жағымды жағдайды қалыптастыру, өзара тиімді экономикалық байланысты дамыту және интеграциялық процесті күшейту жөніндегі саясат республиканың көп қырлы қатынастарды жүргізуге ынталылығының айғағы. Бұл салада қиындықтар көп болды. Себебі КСРО құрамында өмір сүрген Қазақстанды көптеген елдер білмеді.
Ұзақ мерзімге арналған жоспарда Еуропалық одақ шешуші роль атқарады, онымен қатынастың үлкен маңызы бар. Еуропалық одақпен біріккен комитет құру республиканың сыртқы саясатындағы негізгі бағыты. Сонымен қатар Еуропа одағы мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынасын жүргізуге күш салынып отыр. Нарықтық экономика негізінде өзінің экономикалық потенциалын нығайта отырып Қазақстан ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық қарым-қатынасын әлемнің барлық елдерімен жақсартуға барлық алғы шартты жасап отыр, соның негізінде дүниежүзілік әлемдік қауымдастықтың өз дәрежесіндегі мүшесі болады. Беделді халықаралық құрылымдарымен қарым-қатынасы кеңи түсуде, оның ішінде БҰҰ, Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру және даму банкісі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл-Крест, Юнисейф, Юнеско, ЭКАТО, ПРООН, ЮНЕП, ВОЗ, ОЭР, ОИК және т.б. Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың бұл түрi барлық экспорттың 90 пайызы құрайды, Латын Америкасы және Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея, Сингапур сияқты бiрнеше елдерде ғана шикiзат экспорт үлесiнiң орны азғана.
Батыста әрбір іскер адам істеген ісінің олқылығы үшін, содан айналадағы адамдар мен қоршаған орта келген зиян үшін айып төлейтінін, абыройдан айрылатынын біледі. Сондықтан жоба неғұрлым аумақты болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары соғұрлым салмақты болады. Бұл – жалпыға бірдей белгілі нәрсе.
Экономикалық өсу екі жолмен анықталынады; нақты Ұлттық табыстың өсуімен және инвестицияның көлемінің ұлғайуымен. Латын Америкасы осы жылдары ішкі ұлттық табыс 5 есе өскен сонымен қатар халықтың саны да өскен. Латын Америкасының экономикалық өсу көрсеткіштері басқа индустриялды өсуші елдерге қарағанда ерекше. Мысалы, Жапонияның экономикалық өсу қозғалысы мен салыстырғанда.Қазіргі Латын америкасының экономикалық өсуі техникалық прогресс нәтижесінен туындаған. Техникалық прогресс өндірісті жаңартып қана қоймайды , ол басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын ұсынады. Тәжирибеде техникалық прогресс пен инвестиция салу бір-бірімен тығыз байланысты; техникалық прогресс жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестиция салуда көрініс табады. Бұдан шығатын қорытынды атомдық электростанция салудың керектігі түсінікті. Жоғары дыбысты самолеттер, транзистір және интегралдық схемалар, компютерлер, ксерокстер, ядролық энергияны тасымалдайтын контейнерлер, космостық ұшулар - міне техникалық жетістіктер, фантастикаға ұқсағаны мен шындық. Өндірістік көрсеткіштерді жақсарту нарық пен кәсіпорынға байланысты. Бірақ, еңбек өнімділігінің өсуіне және нақты ұлтық табысқа әсер ететін факторларға; заңдар, қоршаған орта т.б. жатады..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі