Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

 Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.

Бойында ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық, әділдік, адалдық, шыншылдық, әлсіздерге қамқорлық сияқты асыл қасиеттер тоғысқан тұлға өнегесі біз секілді жастарға үлгі болмақ
Жұмыстың мақсаты: Бұл ғылыми жобамда Ғ. Мұратбаев туралы ақындардың өлеңдерінен Ғанидың портретін жасау мақсатын алға қойып сол мақсат барысында зерделеу, іздену, зерттеу, талдау, сараптау жұмыстарын жасадым.
Шығыс шамшырағы атанған Ғани Мұратбаев өмірі кімді болса да қызықтырмауы және ізденуге жетелемеуі мүмкін емес.

Ғылыми жобамның зерттеу бөлімінде
1. Ақын жырларындағы - Ғани өмірі
2. Көркемдегіш құралдар арқылы Ғани бейнесінің сомдалуына тоқталдым. Шығыс жұлдызының өмірін поэзия тілімен жеткізген ақын шығармаларын жинастырып қысқаша өмірбаянын жасап сол арқылы әдеби көркемдегіш құралдарды қолдану тәсілдеріне тоқталдым. Образды сөздер мен көркемдегіш құралдар Ғани бейнесінің бояулары іспеттес яғни ақындар суреттеуіндегі Ғани бейнесі шынайы әрі көркем біртұтас дүние.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!