Әдебиет | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру

 Әдебиет | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
І. Негізгі бөлім
І. 1. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының еркіндік
жолындағы күреске келуінің алғышарттары
І. 2. Ұлт тәуелсіздігін қорғаған қаһармандар ерлігі
І. 3. Исатай - Махамбет – өлшеусіз ерліктің символы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

АННОТАЦИЯ
Тәуелсіздікке қол жеткен 20 жылдықта бүгінгі қоғамымыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол заңды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім - тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Осы міндеттер «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген сұраққа жауап күткендей. Әрине бұл сұрақтар кімді болса да толғандырары сөзсіз. Сондай тақырыптың бірі – Исатай - Махамбет бастаған еркіндік жолындағы күрестің жастарға берер тәрбиесі. Махамбет пен Исатай еркіндік, бостандық жолындағы күрескер бола білді. Исатай көптің басын қосып, бүтін елді соңынан ерітсе, Махамбет жақсы үгітші, қостаушы болды. Бұл көтеріліс туралы ғалымдар біраз деңгейде зерттегені белгілі. Бірақ, оқиға неғұрлым алыстаған сайын, Тәуелсіз Қазақстан үшін көтеріліс сабақтары мен ерлік істері айқын көріне бастады. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы мен Исатай батырдың 220 жылдығына байланысты бұл көтерілістің тарихи маңызы мен Исатай батыр туралы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектеріне үлгі ету – уақыт талабы. Осыған орай бұл көтеріліс туралы ғылыми жоба өзекті мәселе болып туындайды.

Тақырып мақсаты: Елім деп еңіреп өткен батырлардың өнегесін үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және Тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады.
Тақырып мәселесінің мәнін жан - жақты ашуда мына міндеттер алынды
И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының еркіндік жолындағы күреске келуінің алғышарттарының мәнін, себептерін ашу.
Исатай - Махамбет тағдыры
Еркіндік жолындағы күрескерлер қаһармандығын таныту арқылы патриоттық сезімін ояту.
Тәуелсіз Қазақстанның ел қамын ойлайтын, жауапкершілігі мол азаматын тәрбиелеу
Тақырыптың жаңалығы мен нәтижесі: Жорыққа шыққан батырлардың ерлік ісін, ауыр күндердегі төзімділігі мен қайтпас қайсарлығын айқындау деректерінен тұжырым жасай отырып,
Отан тарихының жарқын бір беті ретінде көрсетілді
Патриоттық тәрбиенің бүгінгі күн тәрбие мақсаттары мен үндестігі айқындалды
Елі үшін түн қатқан батырлардың халық алдындағы қадірінің қандай екені жан - жақты талданды.
Тақырыптың теориялық әдістемелік негізі:
Тақырып қазіргі қоғам дамуының объективті диалектикалық даму заңдылықтары негізінде, зерттеу тақырыбы мен байланысты деректер мен әдебиеттерге нақты тарихи және тарихнамалық талдауға негізделіп жасалды.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Тарихи түпдеректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.

КІРІСПЕ
«Біз – тәуелді болып, еңбектеп, басымызды иген халықпыз. Тізерлеп отырған да халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек: тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан былай ешқандай еңкеймейміз де, тік тұрған қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз, тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек»,- деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай Отанды, халқын, ұлтын қорғауға тәрбиелейтін тақырыптар қазіргі жас мемлекетіміз мызғымастығы үшін маңызды болмақ.

Тәуелсіз мемлекеттің азаматтары бойында патриоттық сезім қалыптастыратын тарихымыз беттері ерлікке толы. Исатай - Махамбет көтерілісі тақырыбынан еркіндік, азаттық жолында жорыққа шыққан ерлердің төзімділігі, қайтпас қайсарлығы, қаһармандығы жастарға үлгі, ұрпаққа мақтаныш екендігі түсінікті.
Біздің мақсатымыз – өз Отанын сүйетін, елін - жерін қастерлейтін бәсекеге қабілетті ұрпақтың өмірге деген сенімділігін арттыру, қолына қару алып, жауға атылған қайсар бабаларымыздың көксеген қасиетті тәуелсіздігін нығайтуда азаматтық қабілетін күшейту.

Бұл тақырыптың негізгі бөліміндегі Исатай - Махамбет көтерілісінің ұлт - азаттығы мен мемлекет тәуелсіздігі үшін жорық туын жоғары көтерумен өткен тарихының шынайы шежіресі жастарға патриоттық тәрбие берері сөзсіз. Ел бостандығы мен еркіндігі жолында күрескерлер ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерлік мұратын танытып, тәуелсіздікті ту етіп көтерді.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан бабалар аңсаған тәуелсіздіктің тәтті дәмін ешкімнің кедергісісіз дүние жүзілік қауымдастық алдында үлкен беделге ие болу үстінде.

І. 1. ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ МЕН МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ЕРКІНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕ КЕЛУІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
«Халқым көрген қорлыққа,
Хандар құрған зорлыққа
Ақ жүрегім тебіренді,
Ер көңілім желденіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім»

Исатай Тайманұлы.
1836 - 38 жылдардағы Ішкі Ордадағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастауымен болған алғашқы қазақ шаруаларының қарулы көтерілісіне қандай тарихи, экономикалық және рухани қысымшылықтар себеп болғаны жөнінде тарихи деректер, ғылыми еңбеккер жеткілікті түрде зерделеніп жазылғаны белгілі. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында - ақ Батыс Қазақстан жерінде, оның ішінде Бөкей Ордасында қалыптасқан экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдай Қазақстанның басқа аймақтарынан ерекше болатын.
Қазақстан тарихында бір емес, бірнеше мәрте «өтпелі кезең» болғаны белгілі. «Өтпелі кезеңдердің» ең алғашқысын ХІХ ғасырдың 20 - 40 - шы жылдардағы Бөкейліктер өміріндегі ең негізгі өзгерістерге тоқталып өтсек. Ең алдымен жерге жеке меншіктің енгізілуі және қоғам өмірінен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі басқару жүйесінің ығыстырылып, оның орнына жаңа отарлық үстемдікке бейімделген басқару жүйесінің енгізілуі еді.

ХІХ ғасырдың 20 - 30 - шы жылдарына шейін барлық Қазақстан сияқты Кіші жүз жерінде де жер игілігін қоғамы қауымдық (басымдық жағдайда рулық) негізде игеріп келді. Қазақ қоғамында сандық үлес салмағы әрқашанда жоғары болмаған байлар тобы да қоғамда қабылданған бұл тәртіпті белгілі дәрежеде мойындауға мәжбүр болды.
ХІХ ғасырдың 30 - жылдары қазақтар отырықшылық пен егіншілік дегенді білмеген. Негізінен көшпелі халық болды да, тек мал шаруашылығымен айналысты. Халық шаруашылығын дамытудың бұл кезеңіндегі қоғамдық құрылыстың неғұрлым мақсатты түрі – рулық қатынас болғаны мәлім және ол көшпелі халықтың барлығына тән болатын......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?