Банк ісі | Қ.Р - ғы валюта бағамы жағдайы

 Банк ісі | Қ.Р - ғы валюта бағамы жағдайы

Мазмұны
Кіріспе .........................................................................2
Негізгі бөлім
I.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
1.1 Қазақстандағы ақша реформалары ......................................4
1.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге ...............................8
II. Қ.Р - ғы валюта бағамы жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары ...........................11
2.2 Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері .......19
2.3 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары .............21
Қорытынды ...............................................................28
Қолданылған әдебиеттер ........................................30

Кіріспе
Тарихта үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің элементтері төмендегілер:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта (АҚШ доллар, евро, жапон иенасы, ағылшын фунт стерлинг)
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.)
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды.
Дүниежүзілік валюта жүесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін камтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүние жүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
- әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
- валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
- валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
- валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
- халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
- халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
- әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
- мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық Валюта Қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүние жүзілік валюта жүйесінің шеңберінде Батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған “Жалпы нарық” одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүние жүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейімен байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес немесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
I.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
1.1 Қазақстандағы ақша реформалары.
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру.Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды.Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992ж айналысқа 200,500,1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып,кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады,бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып,олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады.Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу,ол Москвада еді.Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды.Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом шығарды.
1992ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен күнбе-күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды.Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді.Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып,оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша,несие,баға,бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті.Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді.Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс.Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.
1993ж.мамырында Қырғызстан,тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді.Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.
1993ж.15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды.
Онда койылған міндет:
ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл ең маңыздысы — рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасынтолық көлемінде оларды жою үшін Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұлміндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім,оның ішінде Ресей де,орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993ж.Түркменстан,Әзірбайджан,Армения Молдова тастап шықты.
Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта,1993ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993ж үлгіде рубль шығарып,оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады.
Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет - Ресей,Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.
1993ж.23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж.шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000,10000,50000 рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993ж.1 қыркүйегіне дейін ұзартылып,айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтіледі.
Сөйтіп, 1992-1993жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті,үкіметі,Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін түсініп,шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған.1999ж. наурызында Англияда Харрисон және ұлдары атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1,3,5,10,20,50,100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993ж.12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
• 1993ж.15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізді.
• 1993ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы болып тағайындалды.Бір теңге 100 тиыннан құралады,ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.Қолма-қол ақша,рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500рубль 1теңгеге арақатынасымен айырбасталып,ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта-сом және теңге айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды.Айырбас тек бір рет жүргізіп,ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып,оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп,1993ж.15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта-теңге енгізілді.Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей,оны Ұлттық банк сатып алып,өз резервы қорына айналдырды.Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін.Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап,Ұлттық банкке 90 млн.доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді.Қорыта айтқанда,1993жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті.Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті.Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда,яғни 1994ж.1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді.Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды.Инфляция теңге енгізген 1993ж.2500 процент болса,ал 1994ж.бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995ж.ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.
1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп,ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты.Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы,қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті.1994ж.таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998ж.күзінен бастап түсініп,оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999ж.сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады.Ол жөнінде Премъер-министр былай деген:Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады,ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады.Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі жерде олай болмайды.
ҚР-ның төңірегіндегі елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде — ұлттық валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті.Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді.Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды,өнеркәсібіміз туралай бастады,кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті.ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік,немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд.250 млн долларға қысқарды.
Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттың тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап,валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.
Міне осы тұрғыдан алғанда, жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек
Сонымен,ҚР теңгесі міне 11 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
1.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ескі банкноттар...
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?