Ветеринария | Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы

 Ветеринария | Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................... 7
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы................................................ 8
Қоздырғыш................................................................................................. 15
Нутталиоз................................................................................................... 27
Дауасы....................................................................................................... 29
Өзіндік жұмыс........................................................................................... 32
Қорытынды................................................................................................ 33
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................... 34

Кіріспе
Қарапайымдылар өз алдына бірторшадан құрылған денелер, олар бірімен бірі бөлінбейтін байланыста болатын ядро және цитоплазмадан тұрады.
Ядро торша өмірінде екі қызмет атқарады: генетикалық және метаболтикалық. Ол цитоплазманың айрықша жерінде орналасқан Ядро сыртынан қабықшамен қоршалған, ішінде ядро шырыны (нуклеплазма), хроматин және кіші ядросы бар (нуклеолдар). Ядро қабықшасы екі жарғақшадан тұрады, онда ядролық цитоплазмалық алмасуды қамтамасыз ететін жүйе орналасқан. Қабықшада азықтық заттарды сіңіретін саңлаулар бар. Ядро ішін толтыратын шырын түссіз заттан құралған. Оның құрамында әртүрлі белоктар, нуклепротеидтер, гликопротеидтер және ядро ферменттері енеді. Хроматин белоктан және нуклеин қышқылдары, оның ең бастысы ДНК – дан құралған. Түрі торлы не түйіршік тәрізді. Бөлінген уақытта хроматин жіпшелері хромосомалар түзейді. Ядрошықтар торша ішіндегі ең тығыз құрылым. Олар торша ішінде бір не бірнеше және көлемі мен пішіні торшаның физиологиялық жағдайына байланысты. Ядрошықтардың химиялық құрылымында РНК басымдау болғаны анық болды.
Цитоплазма торша құрамының бір бөлігі, сұйық не қоймалжың зат, сырты цитоплазмалық қабықшамен (пелликула) жабылған. Цитоплазма ішінде бірқатар органеллалар бар (органоидтар), олар: цитоплазма торы (ретикулум), рибосомдар, митохондриялар, лизосомдар, табақша жиынтық (Гольджи аппараты) және қарапайымдыларға ғана тән т.б. органоидтар (немесе мүшесымақтар).
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Протозоология (Protozoa типі) – денесі бірторшалы қарапайымдар туралы ғылым. Малдәрігерлік протозооология – жануарлар денесінде өмір сүріп, протозооз ауруларын тудыратын бірторшалыларды зерттейді. Оның мақсаты: паразиттің дене құрылысын, өсіп – дамуын зерттеп, паразиттің түрін және жануарларға жұғу жолдарын анықтау. Протозоология, қоздырғыштың мал организміне зиянды әсерін (патогендік әсері), ауруды анықтау тәсілдерін, арнайы және патогендік ем, сондай – ақ оның дауалау әдістерін зерттейді.
Бірторшалы қарапайымдыларды өте ұсақ болғандықтан алғашқыда микробиология ғылымы зерттеді. Кейінірек XIX және XX ғ. басында қарапайымдылар өз алдына протозоология пәні ретінде бөлініп шықты. Осы жылдары бір шама тамаша жаңалықтар ашылып, олар патогенді (зиянды) қарапайымдылар туралы ілімнің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Трипаносомоздар, безгек, пироплазмидоздар, эймериоздар және т.б. аурулардың қоздырғыштары анықталды.
Медициналық және мал дәрігерлік саласында жүргізілген протозоологиялық зерттеулер сан қилы протозойлық аурулардың көптеген елдерде адам және мал індетін тудыратын қоздырғыштары анықталды. Мысалы, Индияда «сурра ауруы» көп таралған. 1880 ж. Эванс деген мал дәрігері осы аурудың этиологиясын ашып, оның қоздырғышы трипанозома екендігін анықтады. 1885 ж. Брус Африка континентінде үй хайуанаттарының трипаносомасын суреттеді. 1881 ж. Бабеш Румынияда ірі қара малдың «қанды сідік» деп аталатын ауруының қоздырғышын ашты.
1889 ж. Смит және Кильборн ірі қара мал қанынан пироплазмаларды тауып, Америкада кездесетін техас қызбасын Piroplasma bigeminium деген қан паразиті қоздыратынын дәлелдеді. 1893 ж. осы ғалымдар пироплазмаларды ауру малдан сау малға жайылым кенелері тасымалдайтынын анықтады. Бұл бірторшалы қарапайымдылардың адам мен мал ауру қоздырғыштары болатындығы туралы жаңа түсінік еді.
1891 ж. орыс ғалымы Д.Л. Романовскийдің қарапайымдыларды бояудың ерекше әдісін тауып, протозоологияның қарыштап дамуына әсерін тигізді.
И.И. Мечников пен Д.Л. Романовскийдің адамның безгек ауруын қарапайымдылар қоздыратынын дәлелдеуі, протозоология ғылымының дамуына орасан зор әсер етті. Адам мен малдың протозойлық ауруларын емдеу тарапында П. Эрлих пен Д.Л. Романовскийдің дәрі – дәрмектің ауру қоздырғыштарына әсер ету механизмі туралы еңбектерінің айтарлықтай маңызы болды. И.И. Мечниковтың иммунитет туралы еңбектері де осыған икемдеді.
Ресейде протозоология ғылымының дамуына белгілі зерттеушілер В.Я. Даниловский, Е.П. Джунковский, И.М. Лус, Е.И. Марциновский, В.Л. Якимов, А.В. Белицер, А.А. Марков, И.В. Абрамов және т.б. айтарлықтай үлес қосты. 1898 ж. А.И. Качинский Ресейде ірі қара малдың пироплазмозының қоздырғышын алғаш суреттеді. 1903 ж. Е.П. Джунковский мен И.М. Лус Закавказьеде ірі қара малдың тейлериоз ауруын анықтады. 1906 ж. А.В. Белицер мен Е.И. Марциновский Рязаньда жылқы пироплазмозын тапты.
1913 ж. В.Л. Якимов Түркістанға экспедиция басқарып келіп, онда трипанозомоздарды, лейшманиозды, пироплазмоздарды жан – жақты зерттеді, ауру тасымалдайтын кенелерді жинап, олардың фаунасын анықтады. Жиырмасыншы жылдары В.Л. Якимов Сантк – Петербургте протозойлық ауруларды зерттейтін ірі ғылым орталығын құрды. Өз қызметтестерімен бірлесе отырып, ол пироплазмидтер, тейлериялар және эймериялардың жаңа түрлерін ашады. Оның қатысуымен ауыл шаруашылық жануарларының протозойлық ауруларымен іс жүзінде күрес мәселелері де шешіле бастаған.
Сонымен бір мезгілде Мәскеуде екінші ғылым орталығы құрылып, алғашқыда оны А.В. Белицер, кейінірек А.А Марков басқарады. Онда жылқы, түйе және ірі қара малдың протозой аурулары зерттеле бастады.
Протозоология ғылымы Қазақстанда 1926 – 30 жылдардан бастап дами бастады. Сол жылдары А.А. Целищевтің басқаруымен жылқының, ірі және ұсақ тұяқтылардың пироплазмилоз қоздырғыштарының түр құрамы зерттелінді. Пироплазмидоздардың таралу жағдайы анықталды. Осы ауруларды емдеуге, сақтандыруға арналған дәрілер сынаудан өткізіліп, олардың тиімділігі анықталды. Кейінірек 1950 жылдары профессор Н.П. Орловтың басшылығымен пироплазмоздарды емдеудің теориялық негіздемелері берілді.
Қарапайымдылар өз алдына бірторшадан құрылған денелер, олар бірімен бірі бөлінбейтін байланыста болатын ядро және цитоплазмадан тұрады.
Ядро торша өмірінде екі қызмет атқарады: генетикалық және метаболтикалық. Ол цитоплазманың айрықша жерінде орналасқан Ядро сыртынан қабықшамен қоршалған, ішінде ядро шырыны (нуклеплазма), хроматин және кіші ядросы бар (нуклеолдар). Ядро қабықшасы екі жарғақшадан тұрады, онда ядролық цитоплазмалық алмасуды қамтамасыз ететін жүйе орналасқан. Қабықшада азықтық заттарды сіңіретін саңлаулар бар. Ядро ішін толтыратын шырын түссіз заттан құралған. Оның құрамында әртүрлі белоктар, нуклепротеидтер, гликопротеидтер және ядро ферменттері енеді. Хроматин белоктан және нуклеин қышқылдары, оның ең бастысы ДНК – дан құралған. Түрі торлы не түйіршік тәрізді. Бөлінген уақытта хроматин жіпшелері хромосомалар түзейді. Ядрошықтар торша ішіндегі ең тығыз құрылым. Олар торша ішінде бір не бірнеше және көлемі мен пішіні торшаның физиологиялық жағдайына байланысты. Ядрошықтардың химиялық құрылымында РНК басымдау болғаны анық болды.
Цитоплазма торша құрамының бір бөлігі, сұйық не қоймалжың зат, сырты цитоплазмалық қабықшамен (пелликула) жабылған. Цитоплазма ішінде бірқатар органеллалар бар (органоидтар), олар: цитоплазма торы (ретикулум), рибосомдар, митохондриялар, лизосомдар, табақша жиынтық (Гольджи аппараты) және қарапайымдыларға ғана тән т.б. органоидтар (немесе мүшесымақтар).
Цитоплазмалық тор тармақталған өте ұсақ түтікшелер көпіршіктер жүйесінен құралып, қарапайымдылардың өмірінде маңызды қызмет атқарады. Ол цитоплазмада циркуляциялық ағынды қамтамасыз етеді, құрамында көптеген фермент болғандықтан зат алмасуына қатысады. Рибосомдар белок түзілу орталығы ретикулуммен тығыз байланысты. Митохондриялар – торшаның маңызды органоидтарының бірі – сопақша, созылған не таяқша пішінді болады. Олар күрделі фермент жүйесін түзеп, зат алмасу және тотығу, қайта құру процестеріне қатысады. Лизосомдарда өте ұсақ қалташықтар ішіндегі ферменттері тірі материяны ыдыратуға қабілетті болғандықтан, торша ішіндегі ас қорыту жүйесі іспеттес. Цитоплазманың ең айрықша дамыған бөлігі табақшалар жиынтығы, олар екі қабат жарғақшадан және көптеген көпіршік тәрізді вакуолдерден құралып, ядро маңына орналасады. Бұл органелланың басты қызмті секрет шығару, цитоплазма ішіндегі тасымалдайтын заттарды жинақтап біріктіру.
Қарапайымдылардың қозғалысы негізінен үш түрлі қабат жарғақшамен жабылған, олар цитоплазма ішіне тереңдеп, қарапайымдылардың дене ішінде қалташық түзейді. Кірпікшелер және бишіктер өзегінде фибрилдер мен жіпшелердің жиынтығы бар. Олардың сыңар екеуі ортасында, жұпталған тоғызы шетіне орналасып, аксонема түзейді. Көптеген бишікті қарапайымдыларда толқын тәрізденіп қозғалатын жарғақ болады, ол цитоплазмадан өрбіген өте жұқа қатпар (қозғалуға қатысады). Жалған аяқтары көмегімен қозғалу амебаларға тән, мұндайда бір орыннан екінші орынға олардың цитоплазмасы ауысып отырады (амеба тәрізді қозғалу).
Иесінің торшасы ішінде өмір сүретін споровиктер сырғып қозғалады, оған пелликула астындағы талшықтардың әсер етуі мүмкін. Трихомонадаларға жататын бишіктілерде ерекше тіректі өзегі немесе аксостиль болады. Клетка ішінде өмір сүретін споровиктерде, денесінің алдыңғы жағында апикальді жиынтық (кешен) орналасқан, оның құрамына үш жарғақты пеликулла (қабықша), астындағы микротүтікшелер, полярлық сақиналар, роптриялар, микронемдер және коноид енеді. Алдыңғы шетімен коноид полярлық сақинаға тіреледі. Денесінің алдыңғы жағында цитоплазмалық жарғақ паразит тіршілігінің кейбір кезеңінде «полярлық бөрік» (тақия тәрізді) дегенді түзеді, оның ішіне қарай, иесінің торшасына ену процесінде, коноид жақындайды. Коноид, ішіне қарай роптриялардың (жұпты органеллалар) алдыңғы ұшы өтеді, олар денесінің алдыңғы үштен бір бөлігіне орналасқан, ерекше қолба тәрізді құрылымдар. Роптриялар протеин ыдыратқыш ферменттерге толы, олар паразит иесінің торшаларына енуіне ықпал етеді. Коноидты паразиттің торшаға енуге икемделген құрылымы деп қарауға болады (Эймериялар, токсоплазмалар, саркоцисталар және т.б.).
Қарапайымдылардың қоректенуі арнаулы цитостом органеллалары арқылы фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен жүзеге асырылады. Электрондық – микроскопиялық зерттеулер арқылы, азық бөлшектерінің және оныі ірі молекулаларының торша ішіне эндопиноцитоз арқылы енетіні анықталды. Егер азық бөлшектері әжептеуір үлкен, пішінді болса, оны фагоцитозға жатқызамыз, егер азық бөлшектері сұйықтықтың тамшысындай болса, оны пиноцитоз деп білеміз (грекше pino - ішу). Мұндайда цитоплазма ішке қарай еніп, ол жер шұңқырланады, кейін тереңдейді, шұңқырдың шеттері қосылады да, цитоплазмада вакуоль – қуыс пайда болады.
Көптеген карапайымдыларда пиноцитоз көпіршіктерін кейде ас қорыту вакуольдері деп атайды да, олар цитостом (инфузорияларда) және микросаңлау немесе ультрацитостом (споровиктерде) арқылы қалыптасады. Қорытылып болғаннан кейін қоректік заттар торша ішінде цитоплазмалық тордың көмегімен тасымалданады. Қорытылмаған бөлшектер сыртқа шығарылып тасталады. Эритроцит ішіндегі паразиттер (мысалы, безгек плазмодийі және пироплазмалар) цитоплазма бөлшектерін қоршап алу арқылы қоректенеді, осылайша қарапайымдылар өзінің дамуына керекті белоктарды және т.б. заттарды алып отырады.
Қалыптағыдай тіршілігі үшін қарапайымдылар көп мөлшерде микроэлементтерді, витаминдерді, әртүрлі белоктады және тағы басқа азық бөлшектерін керек ететіндігін, қарапайымдыларды қоректік орталарда өсіргенде еске алу қажет.
Қарапайымдылардың тыныс алуы аэробты және анаэробты жағдайда өтеді.
Басқа организмдер тәрізді, қарапайымдыларға да тітіркену қасиеті тән. Тітіркендіргіш ретінде қоршаған ортаның өзгерген химиялық, механикалық, ыстық – суықтық және т.б. әсері болуы мүмкін. Қарапайымдылардың негізгі реакцияларын таксис немесе тропизм деп атайды. Сондықтан қарапайымдылардың химиялық тітіркендіргіштерге берген жауап реакциясын хемотаксис деп атап, ыстық – суық тітіркендіргішіне берген жауабы – термотаксис және т.т. Әрбір таксис оң не сол түрінде болады.
Көптеген Protozoa тіршілікке қолайсыз жағдайларда өз денесінің сыртынан ерекше қабықша циста түзейді. Бұл құбылысты қабықша түзу (циста түзу) деп атайды. Кейбір споровиктерде циста түзу міндетті түрде сақталып, олардың өсіп – даму айналымында бір саты болып орын алған (кокцидиидтер); ішек тоғышарлары қоршаған сыртқы ортаға түскенде циста түзу, олардың қолайсыз жағдайларда, аман сақталып қалуын және иесіне қайта енуін қамтамасыз етеді. Мысалы, балантидияларда цистаның ыдырауы иесінің ас қорыту энзимдері әсерінен болады.
Қарапайымдылардың кэбеюі жыныссыз (агамдық) немесе жыныстық жолмен болады. Жыныссыз көбею төмендегіше іске асады:
а) екіге бөліну арқылы (монотомия) – қарапайымдылардың денесі біркелкі тең болып екі ұрпаққа бөлінеді. Ең алдымен ядросы, сонан соң цитоплазмасы бөлінеді. Бөліну алдында қоректену және өсу сатысы болады. Мұндай бөліну амебаларда, бишіктілерде, тіршілігінің кейбір сатысында споровиктердің кейбір өкілдерінде өтеді;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?