Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық нысандары
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
Ι КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1. Кәсіпорын-шаруашылық субъект ретінде ................................................ 6
1.2. ҚР ұдайы өндірістік құрылымдарда кәсіпкерліктің корпоративтік және ұсақ формаларын дамыту проблемалары........................................ 13
1.3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері........................................................................... .38
1.4. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөнімдегі мемлекет саясаты ..........................................41
ΙΙ «ТУРАН ӘЛЕМ БАНК» ААҚ
2.1."Туран Алем банк" ААҚ жалпы сипаттама………………..……………....48
2.2."Туран Алем банктің" әлемдік қаржы нарығындағы орны..……………...53
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты.
Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі.
Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады.
Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды.
Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді.
Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне:
- біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса;
- екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері;
- үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру;
Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.
Экономикалық теорияда "кәсіпкерлік" түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі "кәсіпкерлік теориясының" классигі Р.Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді. (1)
А.Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді деп есептеген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й.Шумпетердің "тиімді монополия" концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер- экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Сондай-ақ, Й.Шумпетер классиктерге қарағанда кәсіпкерліктің жаңашылдық қызметін капиталистің қызметінен бөліп көрсетеді. Капиталистің қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәуекелге бармайды. Кәсіпкер ол менеджер емес,оның міндеті – жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер – бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент – жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті) тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.

1.1.Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде.
Фирма - кез-келген шаруашылық кәсіпорынға қатынасы бар ортақ атау. Бұл ұғым тек кәсіпорындарда заңды тұлға құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, фирма- бұл өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік, саудалық кәсіпорын немесе заңды тұлға құқығынан қолданатын бизнесмен. Фирманың өзінің фирмалық белгісі мен атауы болады. Олар жалғыз ( "Мариар" маркетингтік фирмасы) .аралас (" Стерлинев және КО " фирмасы )1
Фирманың атауы "Фирма" ұғымы тәрізді кәсіпорынның ұйымдық-құқығының мәртебесін бейнелейді, керісінше бұл мәртебе сізді өзіндік кәсіпорынды ұйымдастыруда әріптеспен сөйлесу кезінде қызықтыруы мүмкін.
Тура осы сипаттама әріптеске де қатысты. Компания мұнда кез келген сауда, өндіріс, транспорттық т.б. іскер адамдардың жиналған тобына беретін кез келген кәсіпорын. Олардың ерекшелігі біріккен іс әрекет атқаруы. Бұл екі ұғымның арасындағы ерекшелік жеке дара меншік өзінің кәсіпорнының фирмасы деп атауға болады. Ал кәсіпорында бірнеше иегерлер "КО" атауы кәсіпорынға заңды тұлға деген мәртебе бере алмайды. "Кәсіпорын" терминінің бірнеше түсініктері кездеседі. Ресейлік құқық бойынша кәсіпкерлік -жеке шаруашыпық субъект. Басқа жағдайларда кәсіпкерлік - дегеніміз белгілі бір элементтерден тұратын өндірістік шаруашьшық кешен ,Ең алдымен материалды және еңбек, Бұл "компания" термині -зауыт .фабрика сауда ұйымы. Тағы басқалардың орнына да қолданыла береді.
Кәсіпкерлік қызметі жеке кәсіпорын құру немесе серіктестік нысанын да құруға болады.
Жеке кәсіпорын - бұл бір ғана адамдардың меншігіндегі кәсіпорын. Ол адам сол бизнестің қызметіне, барыеына толығымен өзі жауап береді. Кәсіпкерліктің бұл нысаны заңды тұлға мәртебесі бар және заңды тұлға емес кәсіпорын негізінде де жүзеге аса береді.
Көптеген елдерде кәсіпорынды сауда реестріне көшіру үшін міндетті түрде заңның талаптарын сақтау қажет. Негізінде бұл кесіпорын көлемі мен оның қызметтерінің түріне де байланысты. Заңды тұлға ретінде өзіндік жеке жарғысы бар, банктік есебі және мемлекеттік сауда реестріне енген іскер кәсіпорындар ғана бола алады. Кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуы үшін заңды тұлға мәртебесі жоқ кәсіпорын қандай да бір кез-келген қызметпен айналысуы керек.
Батыс елдерде кәсіпкерлік ұйымда кәсіптік құқық бар. Бұл құқық шаруашылық кәсіптік еріктілік принципіне негізделген. Яғни әр индивид үшін жеке шаруашылықтың қызметпен айналысу заңының болуы. Кәсіптік құқық бұл мерзімдер олардың эконикалық жүйесінің бөлінбейтін құрамын құрайды. Шаруашылық қызмет бойынша шектеулер кез-келген елде бар. Бір елде банкілік сфера қызметін жоспарлауда оған келісім алуы міндетті болуы керек, Ал басқаларда ешқандай да шектеу жоқ болады.
Ресейде кәсіпкерлік қызметің заңына сәйкес заңсыз шешім қабылдауға қатаң жаза қолданылады.Егер кәсіпкерлік қызмет ешқандай адамдарды жалдамаса, онда индивидуалды еңбек қызметі ретінде тіркеледі.Кэсіпкерлік егер адамдар жалдайтын болса ,онда кәсіпорын деп тіркеледі.
Ресейде кәсіпорын - дегеніміз бұл белгілі бір заң бойынша пайда болатын шаруашылық субьект және де олар қоғамның тұтынушылар мен пайда алу мақсатында өнім өндіруі қажет.Кәсіпорын өзінің қызметін еркін түрде жүзеге асырады, өзінің шығарған өнімінен түскен пайданы өзі қолданады. Бірақ міндетті түрде салық пен басқа да міндетті төлемдерді өз уақытында жүзеге асыруы қажет
Кәсіпорынды сипаттау кезінде оның келесі қасиеттөрін бөліп шығарады:
- белгілі бір негізділік: мүліктік немесе мүліктік емес.
- Заңды мәртебе, бұл кәсіпорынға белгілі бір құқық пен міндеттерді бекітеді.
- Кәсіпорынның атауы мен оның ұйымдық -құқықтық нысаны .Бұл арқылы кәсіпорынға жауапкершілік жүктеледі.
Кәсіпорын сонымен -өзіндік заңды тұлға және мүліктік құқығы бар еркін .шаруашылық субъект.
Кәсіпорын жөнінде қажеткер тутынушы оның атауына мән береді. Кәсіпорынның атауы- бұл кез-келген кәсіпкерлердің қандай да бір істі бастауына әсер етуші фактор. Атауды ұзақ уақытқа таңдайды. Атау фирманың болашағы және ол бойынша оның қызмет сферасын біле алады.
Пайданы жоғарылату (максималдау) мақсатында кәсіпкерлік сектор, капиталды бөлу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да бағыттауын күшейтеді. Капиталды қызмет етуші - өндірістік және ақшалық деп бөлу нәтижесінде акционерлік қоғамдар құрылып, кең өріс алды.
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталды бірлестік. Алғашқы акционерлік қоғамдар Англияда (1600ж. ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал капитализмнің экономикалық құрылымының маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады. Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі тұтынумен тікелей байланысты. Акционерлік кәсіпорындар пайда болуының материалды негізі – капиталды қоғамдастыру (ортақтастыру) процесі. Дамудың заңдылықты нәтижесі ретінде акционерлік капиталды анықтауда К.Маркс: “капиталдың өндірушілер меншігіне қайта айналатын, бірақ, енді бөлінген өндірушілердің жеке меншігіне емес, өндірушілердің ассоциацияланған меншігіне өтетін, яғни, тікелей қоғамдық меншікке өтетін өтпелі қажетті шарты” ретінде тұжырымдап өткен. Ал, қоғамдық кәсіпорындар сияқты, акционерлік қоғамдарда өндірушілер мен меншік иелерінің бірігуі болғандықтан, капитал жеке меншік капиталына қарама - қарсы “қоғамдық капитал” формасына ие болады (тікелей ассоциацияланатын тұлғалар капиталы). К.Маркс пайда болған (туындаған) меншіктің қоғамдық формасының жетілмегендігін айтып өткен. Сонымен қатар, капиталистік акционерлік қоғамдар мен кооперативті фабрикаларды капиталистік өндіріс тәсілінен ассоциацияланған өндіріс тәсіліне өту формасы ретінде қарастырған. Акционерлік меншіктің мұндай сипаты оны әрқалай түсіндіріліп – талдауға мүмкіндік береді, бірақ, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, келесісі мәнді болып көрінеді.
Акционерлік меншік жоғары икемділікпен сипатталады. Экономикалық теория акционерлік қоғамдардың дамуы ағымындағы жағдайларға және қазіргі шаруашылық қызметінің болашағына оң әсер береді. Біріншіден, уақытша бос құралдарды шаруашылыққа кең қолдану және екіншіден, жұмысшының қоғамдық шеттетуін реттеу, ішкі өндірістік процестегі экономикалық қатынастарды үйлестіруге себеп. Акционерлік қоғамның спецификалық ерекшелігінің мәні – жұмысшылар арасында акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі аз болғанына қарамастан, біріге иемденушілік сезімін тудыру.
Осындай жабық акционерлік қоғамдар сияқты, яғни, акцияға кәсіпорын жұмысшылары ие болатын жағдайдағы ұйымдық форманың артықшылықтарын талдай отырып, оларға өте мән бермеу керек. Кезінде А.Маршалл: “кәсіпорын жұмысшылары өздерінің жеке ұсталары мен менеджерлерінен жақсы ие бола алмайды” деген. Кәсіпорынды басқарудағы ең қиын жұмыс – бұл білінбейтін жұмыс, ал физикалық еңбекпен айналысатын қызметкерлер кәсіпорынды басқарудағы еңбектің жоғары формасымен айналысатындарға және осындай еңбекке төленетін жалақысына қызғана қарауына бейім болады”. Сонымен қатар, мұндай қоғамдар кәсіпорын ірі болғанда қатерлі болатын топтық эгоизмді туындатады. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жылдамдатады, приоритетті дамуын қажет ететін салаларды шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады.
Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасының ары қарай дамуы, меншіктің жаңа үлесіне негізделетін: шектеулі жауапкершілікті қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер, яғни компанияның жаңа ұйымдық - құқықтық формасының құрылуынан көрінеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – тек мүліктік емес, өз салымдары бойынша ғана жауапкершілігі болатын қоғам қатысушыларының капиталын біріктіру формасы. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегіше:
- біріншіден, акционерлік капиталдың жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның (құрылтайшы инкорпорация) акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар, жазылым инкорпорациясы процесінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен де құрыла алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оның құрылтайшыларының пайлық салымдары есебінен де құрыла алады;
- екіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (минимумы) және бір акцияның ең аз мөлшері (минималды) анықталуы қажет. Жауапкершілігі шектеулі қоғам құру үшін жарғылық қор мөлшері аз болады;
- үшіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін - қатысушылардың белгілі бір мөлшері (минимумы) қажет, әдетте, акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды. Әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір адам да (мысалы, Жапония мен Германия Федеративті Республикасы мемлекеттерінде) құра алады;
- төртіншіден, егер антимонополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акциялар қор биржаларында рыноктық бағамен еркін сатылып және сатып алынады. Жауапкершілігі шектеулі қоғамда пайды беру серіктестердің көбісінің немесе барлығының қолдауы арқылы жүргізіледі.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?