Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

 Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне  салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Мазмұны
Кіріспе
1. Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу үрдістің экономикалық мәні
1.2 Бостандық салық комитетінің сипаттамасы және басқару жүйесі
1.3 Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты
1.4 «Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу» ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер қорларына қойылатын талаптар
1.5 Концептуалды схема
2. Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
2.1. Есеп қойылымы
2.2 “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” есебінің шарты
23. Есептің сипаттамасы
2.4 Ақпараттық қор
2.5 Математикалық жабдықтау
2.6 Мәселені шешудің алгоритмін сипаттау
2.7 Программалық жабдықтау
2.8 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалар құралдар жабдығын сипаттау.
2.9 Қорытынды
2.10 Қолданған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. Мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты салық жүйесінің осы бағытта жаңа перспективалары пайда болды. Осыған байланысты ұйымдастыру мүмкіншілігінің біркелкі интегрирленген ақпараттық желісі пайда болды, яғни салық органдарының өз араларында және де басқа мекемелермен ақпараттық жүйесі тығыз, кең көлемде байланысу мүмкіншілігіне ие болды. Курстық жүмыс Бостандық аудандық салық комитеттіндегі жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу, яғни кез-келген уақытта салық инспекторының немесе салық төлеушінің сұранысы бойынша айқын, нақты салық төлемі бойынша ақпарат алуды ұйымдастырады, сонымен қатар есепті жылы мүлікке төленген салық жайлы толық ақпарат алуға көмектеседі. Курстық жүмыс кіріспеден, теориялық, негізгі, корытынды бөлімдерінен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу» бөлімінде пәндік сала, аудандық салық комитетінің сипаттамасы, есептің ақпараттық жүйесінің құрылу мақсаты және тағайындалуы қарастырылады. Программалық, математикалық, техникалық жабдықтау және “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы құрылған.
Негізгі бөлімде «Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу» есебінің шартын анықтау. Салық комитететінің ақпараттық жүйесінде есептер кешенін ұйымдастырудың экономикалық мәні, ақпараттық база және есептер кешенің жүзеге асыруда қолданылатын программалық жабдықтау құрылымы, оны жүзеге асыратын программалық құрал-жабдықтар, математикалық жабдықтау сипатталады. Курстық жүмыста 20 атаудан тұратын әдебиеттер тізімі берілген.
1. “ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІКТЕРІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ
1.1.Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу үрдістің экономикалық мәні
Мүлік салығы - Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады. Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді.
Мүлік салығын төлеушілер және салық салу обьектілері.
Меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан мүлік құнының 1000 ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде салық салынбайтын ең төменгі деңгей:
• Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне,
Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген
адамдарға, «Халық Қаһарманы» атағына ие болғандар, III
дәрежелі Даңқ ордені, «Отан» орденімен марапатталған адамдар;
• «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы
аналар;
• I және II топ мүгедектер;
• Жеке тұратын зейнеткерлер.
1. Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар:
1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
2) меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде (2006 жылы АЕК – 1030 теңге):
• Кеңес Одағының Батырлары;
• Социалистік Еңбек Ерлері;
• «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ
орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар;
• «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен
марапатталған көп балалы аналар;
• жеке тұратын зейнеткерлер.
3) меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш шегінде (2006 жылы АЕК – 1030 теңге):
• Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген
адамдар;
• I және II топ мүгедектер;
Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша мүлік салығынан мұндай жеңілдік түрі қолданылмайды.
Салық салу обьектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу обьектілері меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген обьектілер бойынша салық төлеуші болуы мүмкін.
Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуі салық салу обьектілері меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Егер салық салу обьектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу обьектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу обьектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай обьектілер салық салу обьектісі болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй – жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй – жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс обьектілері – қоныстану кезінен басталады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілейтін салық салу обьектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салық төлеуші жеке тұлғаның бірнеше салық салу обьектілері болған жағдайда, салық базасы әр обьект бойынша жеке – жеке есептейді.
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары:
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы «Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық туралы» Заңына сәйкес жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық жыл сайын құрылыстардың, үй – жайлар мен ғимараттардың түгенденген құнынан 0,1 пайыз нарқы бойынша, ал ол болмаған кезде – осы құрылыстардың мемлекеттік міндетті сақтандыруы бойынша төлемдер есептеу үшін қолданылатын бағамен төленеді.
2. 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкіне салық салынатын мүліктің түгендемелік құнынан 0,5 пайыз көлемінде мүлік салығын төлеген еді.
3. 2005 жылдың аяғына дейін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу обьектілерінің құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептелінді.
Мүлік салығының ставкалары
(2006 жылдың 1 қаңтарына дейін)
1)1000000 теңгеге дейін, қоса
алғанда
Салық салу обьектілері құнының
0,1 пайызы
2)1000000 теңгеден жоғары –
2000000 теңгеге дейін қоса алғанда 1000 теңге + 1000000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайызы
3)2000000 теңгеден жоғары –
3000000 теңгеге дейін қоса алғанда 2500 теңге + 2000000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайызы
4) 3000000 теңгеден жоғары –
4000000 теңгеге дейін қоса алғанда 4500 теңге + 3000000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайызы
5) 4000000 теңгеден жоғары –
5000000 теңгеге дейін қоса алғанда 7500 теңге + 4000000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайызы
6)5000000 теңгеден жоғары –
6000000 теңгеге дейін қоса алғанда 11500 теңге + 5000000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайызы
7)6000000 теңгеден жоғары –
7000000 теңгеге дейін қоса алғанда 16500 теңге + 6000000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайызы
8)7000000 теңгеден жоғары –
8000000 теңгеге дейін қоса алғанда 22500 теңге + 7000000 теңгеден асатын
сомадан 0,7 пайызы
9) 8000000 теңгеден жоғары –
9000000 теңгеге дейін қоса алғанда 29500 теңге + 8000000 теңгеден асатын сомадан 0,8 пайызы
10)9000000 теңгеден жоғары –
10000000 теңгеге дейін қоса алғанда 37500 теңге + 9000000 теңгеден асатын сомадан 0,9 пайызы
11) 10000000 теңгеден жоғары
46500 теңге + 10000000 теңгеден асатын сомадан 1 пайызы
4. 22.11.2005 жылы №89 Заңымен жеке тұлғалардың мүлік салығына өзгерістер енгізілді, салық ставкалары екі есе төмендеді, ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мүлік салығының ставкалары
(2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап)
1)1000000 теңгеге дейін, қоса
алғанда
Салық салу обьектілері құнының
0,05 пайызы
2)1000000 теңгеден жоғары –
2000000 теңгеге дейін қоса алғанда 500 теңге + 1000000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайызы
3)2000000 теңгеден жоғары –
3000000 теңгеге дейін қоса алғанда 1300 теңге + 2000000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайызы
4) 3000000 теңгеден жоғары –
4000000 теңгеге дейін қоса алғанда 2300 теңге + 3000000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайызы
5) 4000000 теңгеден жоғары –
5000000 теңгеге дейін қоса алғанда 3800 теңге + 4000000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайызы
6)5000000 теңгеден жоғары –
6000000 теңгеге дейін қоса алғанда 5800 теңге + 5000000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайызы
7)6000000 теңгеден жоғары –
7000000 теңгеге дейін қоса алғанда 8300 теңге + 6000000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайызы
8)7000000 теңгеден жоғары –
8000000 теңгеге дейін қоса алғанда 11300 теңге + 7000000 теңгеден асатын
сомадан 0,35 пайызы
9) 8000000 теңгеден жоғары –
9000000 теңгеге дейін қоса алғанда 14800 теңге + 8000000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайызы
10)9000000 теңгеден жоғары –
10000000 теңгеге дейін қоса алғанда 18800 теңге + 9000000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайызы
11) 10000000 теңгеден жоғары
23300 теңге + 10000000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайызы
Салықты есептеу тәртібі.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы 12 айдан кем болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын 12 – ге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бірнеше жеке тұлғаның бірнеше салық салу обьектілері болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу обьектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
Жаңадан құрылған салық салу обьектілері бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі.
Салық салу обьектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактісін растап уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
Салықты төлеу тәртібі.
Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
Бюджетке салық төлеу салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде салық салу обьектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
Меншік құқығын берген тұлға салық салу обьектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл орайда бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын обьектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган салық салу обьектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу обьектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есебіне кіреді.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?