Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

 Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Мазмұны

КlРlСПЕ
І - ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1.1 Коммерциялық банк жүйесі және оның дамуының ерекшелiктерi
1.2 Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің негізгі түрлері
1.3 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және оның экономикадағы мәні

ІІ- ТАРАУ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК КӨЛЕМІН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің даму ерекшелігін және банк көлемін талдау
2.2 Коммерциялық банктердің операцияларын талдау.
2.3 Депозиттік, несиелік және есеп айырысу операцияларын талдау.

ІІІ - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА БАНК
ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Банк қызметтерін енгізудің халықаралық тәжірибесі және оны
Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері
3.2 Банк жүйесін дамыту проблемаларының шешу жолдары және басқару
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


I. Коммерциялық банктердің экономикадағы рөлі
1.1 Коммерциялықбанк жүйесі және оның даму ерекшелігі

Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерiнiң жиынтығы.
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканың үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканың салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрi.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады.
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң құрылымы

Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын.
1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк қызметiн тарату әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.

1.2 Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің негізгі түрлері

Банк - Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi '' туралы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi банктi ашуға ұлттық банктiң берген рұқсатымен, заңды тұлғаны Әдiлет Министрлiгiнде банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге ұлттық банкiнiң лицензиясы болуымен белгiленедi.
Коммерциялық банктер мемлекеттiң несие жүйесiнде үлкен рөль атқарады. Олар ссуда капиталы рыногындағы әртүрлi секторларда қызмет ететiн ерекше кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының басым бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне қызметтердiң бiрнеше түрлерiн (несие беру, салымдарды қабылдау, есептiк қызметтер көрсету, бағалы қағаздар мен валютаны сату және сатып алу және т.б.) көрсетедi. Бүгiнгi таңда коммерциялық банктер клиенттерге екi жүзге жуық қызмет түрлерiн ұсына алады. Клиенттерге коммерциялық банктердiң ақы негiзiнде көрсететiн қызметтерiн жүзеге асыруына байланысты жүргiзетiн операциялардың дәстүрлi және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлi емес формалары пайда болуда. Осыған байланысты банк қызметтерiнiң ''коммерциялық'' сипаты артуда.
Екiншi деңгейдегi банктердiң басқа да құрылымдардан ерекшелiгi, олардың қызметiнiң басты мақсаты – пайда табу болып табылады (нарықтық қатынастар жүйесiндегi олардың ''коммерциялық мүдделерi'' де осында). Сондықтан, ''коммерциялық'' деген термин екiншi деңгейдегi банктердiң қандай да болмасын меншiктiң формасына жататындығымен емес, олардың ақылы негiзде, клиенттерiне көрсететiн қызметтерiнiң сан алуандығымен байланысты.
Сонымен, коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер келесi белгiлерi бойынша жiктеледi:
Меншiк формасына байланысты:
- мемлекеттiк
- жеке
Банк капиталына иелiк етуiне байланысты:
- отандық
- шетелдiк
- аралас банктер
Құқықтық-ұйымдастырушылық формасына байланысты:
- жарна-пұл негiзiнде
- серiктестiк формасында
- акционерлiк қоғам формасында
Операцияларды жүргiзу дербестiгiне байланысты:
- еншiлес банктер
- өкiлеттi банктер
- дербес банктер
Қызмет көрсету ауқымына байланысты:
- әмбебап банктер
- мамандандырылған банктер
Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз
- көп филиалды
Аумақтың белгiсiне қарай:
- халықаралық
- ұлттық
- аймақтық
Салалық белгiсiне қарай:
- өнеркәсiптiк
- сауда банктерi
- құрылыс банктерi
- ауылшаруашылық банктерi т.б.
Барлық отандық банк типтес несие ұйымдары екi түрге бөлiнедi: банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi.
Банктiк емес қаржы мекемелерiне Ұлттық банктiң лицензиясының негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүргiзетiн, бiрақ банк болып табылмайтын заңды тұлғалар жатады.
Басқа банктік өнімдер, қызметтердің қатарын біріктіреді, соның ішінде банктік сферасына қатысты емес. Осы жерде келесі қызметтерге тоқталамыз:
1. есептік кассалық қызметті ұйымдастыру;
2. шетел валютасымен операциялар;
3. трасттық операциялар;
4. бағалы қатарды сақтау бойынша қызметтер;
5. кеңес беру қызметі;
6. ақпараттық қызмет;
7. аудиторлық қызмет;
8. инженерлік-экономикалық экспертиза бойынша қызмет;
9. кепілдеме беру (гарантия);
10. басқа да қызметтер.
I. Есептік-кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, түрлерін төмендегідей көрсетуге болады:
• төлемдік талаптармен есеп айырысу;
• төлемдік тапсырыспен есеп айырысу;
• акцептелгентөлемдік тапсырыспен есеп айырысу;
• талап-тапсырмамен есеп айырысу;
• чектермен есеп айырысу;
• аккредитивті қолдаумен есеп айырысу;
• жоспарлық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу;
• транзиттік операциялар бойынша есеп айырысу.
Банктердің өзінің фукнциясымен есеп айырысуда делдал ретінде орындалумен байланысты, әртүрлі операциялардың ішінен, шетелдік тәжірибеде қолданылатын 3 негізгі топтарын көрсетуге болады:
1. инкассалық операциялар;
2. аккредитив көмегімен есеп айырысу;
3. аударым операциялары.
II.Шетел валютасымен операциялар.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы, халықаралық нарықта әрекет
Ететін сбуъектілер, мұндай құрал болып шетел валютасын ауыстыру бойынша банктің операциялары табылады.
Шетел валютасын сату-сатып алу бойынша операциялардың 3 түрі бар:
• валютаны бір клиенттерден алу және оларды басқа клиенттерге сату , мұндай клиенттер экспорттық-импорттық компаниялар болып табылады;
• валютаны басқармаға сату- сатып алу бойынша операциялар;
• валютаны банктер арасында сату-сатып алу.
Сонымен қатар шетел валютасын сатудың және сатып алудың 2 әдісі бар:
1. СПОТ, яғни тез жеткізу;
2. Форвард, яғни болашақтағы белгілі күнге байланысты жеткізу.
III. Трасттық операциялар.
Уақыттың жетпіспеушілігі, ірі байлықты дұрыс пайдалана алмау және тәжірибеннің жетіспеулігінен пайда болады.
Коммерциялық банктердің сенім операциялармен үлкен топқа бөлуге
болады:
1. жеке тұлғаларға трасттық қызметтер;
2. ұйымдарға трасттық қызметтер.
3. жеке операциялар трасттық қызметтер.
Бұл операциялар әр клиентттің өзіндік және осымен байланысты мәселлер болғандықтан әртүрлі болып келеді. Жеке тұлғаларға трасттық қызметтердің келесі түрлерін ажыратады:
А. мұрагерлік басқару;
Б. меншікті басқару;
В.мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және жәрдем беру;
Г.делдалдық қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты оның шегiнен тыс жерлерде коммерциялық банктер өздерiнiң еншiлес банктерiн, филиалдары мен өкiлеттiктерiн алуға құқығы бар.
Еншiлес банктер – жарғылық қордың елу пайызынан астамы еншi берушi банкке тиесiлi болып табылатын екiншi деңгейдегi банктерге жатады. Олар өз алдына дербес, заңды тұлғалар болып табылады. Бас банк мекемесiмен еншiлес банктер арасындағы қарым-қатынас еншiлес банктiң жарғысы және құрылтайшы құжаттармен реттеледi. Еншiлес банктердiң дербес бухгалтерлiк балансы, ерекшеленген мүлкi, соның iшiнде меншiктi капиталы, өз мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi және Орталық банкте корреспонденттiк шоты бар болады.
Банктi ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құруға ол ұлттық банктен депозиттер қабылдауға және ақшалай нысанда несие беруге лицензия алған кезден бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде шығынсыз және үздiксiз қызмет iстеген және осы жыл iшiнде ұлттық банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi, өзге де нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда жол берiледi.
Мемлекеттiк меншiк негiзiнде құрылатын мемлекеттiк банктердi қоспағанда, банктер кез келген меншiк нысаны негiзiнде құрылуы мүмкiн.
Банк филиалдары – заңды тұлға болып табылмайтын, олар банк тұрған жерден тыс орналасқан және банк атынан операцияларды жүзеге асыратын, өзiне берiлген банктiң өкiлеттiгi шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi болып табылады.
Банк өкiлеттiгi – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банк атынан және оның тапсыруы әрекет ететiн және банк операцияларын жүзеге асырмайтын, дербес балансы болмайтын банк бөлiмшесi болып табылады. Ол әдетте банктiң өкiлеттi функцияларын қамтамасыз етуге, келiсiм шарт жасауға және басқа да iс-әрекеттер атқаруға құрылады. Өкiлдiк клиенттерге есептiк- кассалық қызмет көрсетумен айналыспайды және корреспонденттiк шоты болмайды. Шаруашылық шығындарды жүзеге асыру үшiн өкiлдiктерге ағымдағы шот ашылады.
Банктiң ұйымдық құрылымы екi негiзгi әдiстермен анықталады: банктi басқару құрылымы және оның функционалдық бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң құрылымымен.
Басқару органдарының басты мақсаты – өзiнiң басты функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктiң коммерциялық қызметiнiң тиiмдi, оңтайлы және жеңiл жүргiзiлуiн қамтамасыз ету. Банк қызметiн дұрыс ұйымдастыру, басшылар мен қызметкерлерi арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру табысқа жетудiң бiрден бiр жолы болып табылады.
Банктi басқару құрылымын анықтау оның басқару органдарын бөлiп көрсетiп, банк операцияларын жүргiзудегi өкiлеттiктерiн, жауапкершiлiктерiн белгiлеуде өте маңызды болып табылады. Банктi басқарудағы жалпы басқару құрылымы банк заңдарымен анықталады, бiрақ көптеген басқару құрылымымен байланысты сұрақтарды банктiң өз бетiмен шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктiң ұйымдастырушылық және басқару құрылымы банк жарғысымен белгiленедi.
Акционерлiк коммерциялық банктiң ең жоғарғы басқару органы акционерлердiң жалпы жиналысы болып табылады. Олар жыл сайын, келесi сұрақтарды шешу үшiн шақырылады:
- жарғы мен жарғы капиталының көлемiн өзгерту;
- банк басқармасын (кеңесiн) сайлау;
- жылдық есеп берулердi бекiту;
- банк табысын бөлiп-тарату;
- банк фирмаларын құру немесе тарату және т.б.
Банк қызметiне жалпы басшылық жасау, сонымен бiрге атқарушы және бақылаушы органдардың қызметiне бақылау жасау мен байқау үшiн акционерлер жиналысы Банк Басқармасын 5 жылдық мерзiмге дейiн сайлайды.
Банктiң Басқармасы (кеңесi) банктiң мақсаттарын айқындап, несиелiк-есеп айырысу, инвестициялық, валюталық және басқа да қызмет түрлерi бойынша ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?